12+  Свидетельство СМИ ЭЛ № ФС 77 - 70917
Лицензия на образовательную деятельность №0001058
Пользовательское соглашение     Контактная и правовая информация
 
Педагогическое сообщество
УРОК.РФУРОК
 
Материал опубликовал
Баталова Самал Куатовна23

2015-2016 оқу жылы бойынша рефлексекті есеп.

Пән мұғалімі: Баталова Самал Қуатқызы.

Еңбек өтілі: 21 жыл

Санаты : I

III базалық курсты 2014 жыл өттім. 2014-2015 оқу жылынан бастап бағдарламаның барлық жеті модулін тізбектелеген сабақтар топтамасына ықпалдастырып келемін.

Мақсаты: Сабақ беру кезінде жеті модульді ықпалдастырып, оқыту мен оқу мақсаттарын белгілеп, нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін көрсету; оқытудың әрбір кезеңінің басынана бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету; барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептіліктерін жоспарлау. [1].

Биыл 2-жыл бағдарламаның 7 модулін қолдана отырып орта мерзімді сабақ жоспарын құрастырып отырмын. Тізбектелген сабақтар топтамасын құрастыруда мен жеті модульдің идеяларына сай жасауға тырысамын. Нәтижесінде сабақтарымның ерекшелігін байқап, өзіме көптеген жаңалық ашып келемін. Біріншіден, сындарлы оқытудың теориясына сәйкес оқушылардың қалай оқу керектігін үйретемін, бірін –бірі оқытуға мүмкіндік беремін. Оқушыларға білім алуда қаншалықты еркіндік берілсе, соншалықты балалар өздігінше білім алады. Екіншіден, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым –қатынас. Оқушыларды өзіммен бір деңгейде ұстаймын, оларды білім алушылар ретінде қабылдап келемін. Сонда ғана оқушылар білім алуға талпыныс жасайды, жауапкершілікті сезінеді.

Өзімнің сабақтарымда әр модульге байланысты сыныптың жас ерекшелігіне қарай отырып жаңа әдіс – тәсілдерді сабағымда қолданып келемін.

Сабақ сайын оқушылардың алған білімдері өткен сабақпен байланыстырылып, толықтырылады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыныпта ынтымақтастық ахуалды орнатуды түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға үйретемін. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі сабақтардың барлық кезеңдерінде қолданылады. Оқытудың тиімділігі мен нәтижелігін түсіну мақсатында оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі қолданылады ( оқушылардың өз өздерін бағалауы, синтез, көшбасшының бағалауы, кері байланыс орнату үшін бағалау парақтары). Сандық технологияларды меңгерген тұлғаны қалыптастыру үшін, оқыту мен оқуда интербелсенді тақта, ноутбукті қолданамын . Көшбасшылық – адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеттердің бірі. Өткізген сабақтарымда оқушылардың бойында топпен жұмыс істеу кезінде бірін - бірі тыңдауға, көшбасшылық қабілеттерін ашу мен дамыту мақсатында балаларға топ атынан сөйлеуге, көзқарасын білдіруге, топтық жұмыста шетте қалмауға, шығармашылық еркіндіктеріне мүмкіндік беремін.

1және 4 - сынып оқушылары үшін: Сергіту сәттері, ынталандыру атмосферасы, драмалық ойындар, интербелсенді тақта топтық жұмыстар,өзін – өзі бағалау , постермен жұмыс істеген өте ұнайды. Оқушылар өздерін еркін ұстап сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

6,7,9 – сыныптарда бағдарламаның барлық модулін қолдана отырып сабақты түрлендіріп отырамын. СТО әдістерін, АҚТ технологиясын, Деңгейлік тапсырмаларды әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы орындаймыз, Топтық жұмыс, яғни диалогтық оқыту. Оқушыларға топтық әңгіме де әңгіме – дебатта ұнайды. 6,7- сынып оқушылары сергіту сәтін өздері дайындап акеледі. Олар ғаламтордан өздері жазып акеп кезектесіп орындатуға үйренді. Ынталандыру атмосферасы әр сабақта тиімді қолданылады. Бағалаудың түрінде оқушылар жақсы меңгеріп қалды. Рефлексия жасау қаазқ тілінде қиындық тудырады, бірақ оқушылар тырысып жатыр. Ғаламтордан сабаққа қажет ақпаратты 9-сынып оқушылары өте жақсы дайындап келеді. Топқа бөлінуді сабақтын тақырыбына байланысты бөлуге тырысамын. Бірінші жылы оқушылар топқа бөлінген кезде наразылық білдірсе, қазір олар аралсып отырып өздерінің белсенділігін, топтағы әр оқушының міндетін түсініп белсенді жұмыс істеуге бейімделді.

Оқушы бойында менін бақылағаным:

Оқушы бойында оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дамыды, ой - белсенділігі дамыды. Пәнге, сабаққа деген ынталары, қызығушылықтары артты

Сыни тұрғыдан сөйлеуге төселіп, оқушылардың тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруге жетіле түсті. Сыни тұрғыдан ойлауға бейімделді;

Сұрақ қойып, дәлелдерді талдап, өз пікірін қалыптастырып, мәселелерді шешуге үйренді. Бұрынғыдай емес, оқушыларымның оқуға деген қызығушылығы артты. Үлгерімі төмен оқушымның сабаққа деген қызығушылығы, өзіне деген сенімділігі артты; Қазақ тілі сабағында берілген мәтіндерді оқыта алмаушы едім, қазір қызыға оқиды, талдайды, пікірлеседі. Топтық жұмыста өз үлесін қосуға талпынды;Ой-пікірлерімен бөлісуге, бір-бірін тыңдап, басқалардың пікірлеріне құрметпен және сыни тұрғыдан қарауға үйренді;

Өз ойларымен бөліскен кезде қазақша сөйлеуге тырысады. Оқушыларым постер салуда ерекше ықылас білдіріп, қызығушылықпен салады. Постерге сурет салуда шығармашылық қабілеті көрінді.

Өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамытуға тырысады, сандық технологияларды да белсенділік танытып білім алуда қолданатын оқушылар көбейді;Топпен жұмыс жасауға бейімделді;

Бұл суретте оқушылар сабаққа сәттілік тілеп отыр.


 


 


 

Оқушылар топта жұмыс жасау үстінде.


 

«Борттық журнал » Гудлат әдісімен рефлексия.


 

Әр топтың жұмыс. «Әкеге тілек» тақырыбы бойынша

Опубликовано


Комментарии (0)

Чтобы написать комментарий необходимо авторизоваться.