12+  Свидетельство СМИ ЭЛ № ФС 77 - 70917
Лицензия на образовательную деятельность №0001058
Пользовательское соглашение     Контактная и правовая информация
 
Педагогическое сообщество
УРОК.РФУРОК
 
Материал опубликовал
Тулепов Адиль Ербулатович19
0

Проектно-исследовательская работа «Роль ЕНПФ в пенсионной системе РК»

Дәріс № 8

 

Сабақтың тақырыбы: Нарық және оның заңдарының қызмет етуі. Бәсеке және монополия

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Білім алушыларды нарықтық экономика, нарық, нарық жүйесі, нарық жүйесінің заңдары, бәсекелестік, монополия, олигополия түсініктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Білім алушыларға нарық және оның заңдарының қызмет етуін ұғындыра отырып, оларды нарықтық экономиканың қатысушылары ретінде, барлық экономикалық қатынастардың заңдарын толық орындап, дұрыс бағытта шаруашылық жүргізу мен кәсіби дағдыларын іске асыруды үйрету.

Тәрбиелік: Білім алушыларды нарықтық экономикалы елдің нағыз патриот азаматтары, Отанына адал қызмет етер ұлтжанды азамат ретінде тәрбиелеу.

Қарастырылатын мәселелер:

    1. Нарық – экономикалық қатынас жүйесі ретінде

    2. Сұраныс және ұсыныстың нарықтағы орны

    3. Нарықтық тепе - теңдік.

    4. Бәсеке, монополия, олигополия түсініктері

 

1. Адам тұтынушы болып саналады. Олар материалдық және рухани қажеттіліксіз өмір суре алмайды. Адамдар өз қажеттіліктерін өздері жасаған бұйымдары арқылы қанағаттандырады. Бұл жағдайда адам тұтынушы ретінде нарықтық бағаның қалыптасу тетігін және сұраныс пен ұсынысты өзара байланысын білуі қажет.

Нарық, айырбас, айналыс – бұл категориялар өзара тығыз байланысты.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады, сондықтан нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіліксіз.

«Нарық» - ұғымын сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін, тауарлардың көтерме саудасының орнын деп түсінуге болады.

Нарық мынадай негізгі қызметтер атқарады:

1. Ақпараттық қызмет – нарықтық экономика туралы мәліметтер таратады. Яғни, нарық арқылы өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізеді. Егер өнім өндіру шығыны жоғары болса, онда тауар бағасы да жоғары болады, оны ешкім сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді. Сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылатын өнімдер ғана түседі.Осы жағдайлардың барлығы ақпарат арқылы жүзеге асады.

2. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, сатушы өзіне пайдалы тауарды таңдауға мүмкіндік алады. Яғни, нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі.

3. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді. Нарық арқылы тауарлар мен қызметтерге баға белгілеуге болады.Баға сұраныс пен ұсыныс әсерінен ауытқып отырады.

4. Реттеушілік қызмет –капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды. Яғни, нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеуді іске асыруда нені, қалайқ кім үшін деген сұрақтарға жауап береді.

5. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын белсенділер мен тапқырларға жол береді.

Нарық құрылымдық түрлеріне байланысты:

Тауарлар мен қызметтер нарығы:

-Тұтыну тауарларының нарығы;

-азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының нарығы;

-қызметтер нарығы;

-тұрғын үй және өндірістер емес ғимараттар нарығы.

Өндіріс факторының нарығы:

-жылжымайтын мүліктер нарығы;

-еңбек құрылымдарының нарығы;

-шикізат пен материалдар нарығы;

-қуат ресурстарының нарығы;

-пайдалы қазбалар нарығы.

Қаржы нарығы:

-капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;

-несие нарықтары;

-құнды қағаздар нарығы;

-валюта, ақша нарықтары.

Интелектуалды өнімдер нарығы:

-иновацияландыру нарығы;

-ойлап табудағы информацилар қызметінің нарығы;

-әдебиет және еңбектердің нарықтары.

Жұмыс күші нарығы:

-еңбек ресурстарының нарығы.

Аймақтық нрықтар:

-жергілікті нарық;

-ішкі ұлттық нарық;

-сыртқы нарық;

-халықаралық нарық.

2. Нарық өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасында болатын белгілі бір тепе–теңдікті қажет етеді. Бұл тепе–теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестіктен көрінеді. Себебі: сұраныс пен ұсыныс - өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынасты көрсететін ерекше нарықтық нысан.Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементі.

Сұраныс– сатып алушының тауарды өз ақшасына сатып алынған деген тілегі. Сұраныс сатып алушыға тауарлар мен қызметкердің белгілі бір санының қажеттілігін тиісті бағасына сатып алу мүмкіндігін білдіреді.

Сұраныс заңы– егер тауардың бағасы арзан болса оған сұраныс көбейеді, ал қымбат болса азаяды.

Сұранысқа келесі факторлар әсер етеді:

·                  Климаттық не маусымдық өзгерістер;

·                  Табыстың өзгеруі;

·                  Сатып алушылар саны;

·                  Стильдің, моданың, талғамның, дағдының өзгеруі;

·                  Болашағы бар күтулер.

Тауар ұсынысы жайлы пайымдаулар сұранысқа ұқсас.

Ұсыныс заңы -бағаның өсуімен ұсыныс көлеміде өседі .

Ұсыныс деп –өндірушілердің тауарлардың белгілі бір санын анықталған бағасымен базарға шығарып сату тимділігімен мүмкіндіктерін білдіреді.

Бірдей тауарлар деп – бір-бірін алмастыратын толықтыратын тауарлар. Оларға сұраныс бір мезгілде жасалады. Алмастырушылар көп жағдайда бір өнімді, екінші өніммен алмастырады.

3. Осыған дейін баға сұраныспен ұсыныстың атқарушы фактор ретінде айтылды. Сұраныс пен ұсыныс бірінші кезекте нарықтық бағаны анықтайды. Нарықта өндірушілер мен тұтынушыларға бірдей тиымды бағаны бекіту арқылы олар оны бірлесіп істейді. Бұндай баға тепе – теңдік баға болып табылады. Сатушылар сатқысы келетін тауар көлемі мен сатып алушылар алғысы келетін тауар көлемі мен сәйкес келетін тауар бағасы ойдағыдай болса, онда нарықта тепе-теңдік пайда болады.

Нарық және оның заңдарының қызмет етуі.

Сұраныс және ұсыныс тақырыбы бойынша сұрақтар.

1. Нарық дегеніміз не?

2. Сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін, тауарлардың көтерме

саудасының орнын ол?

3. Сатып алушының тауарды өз ақшасына сатып алынған деген тілегі

қалай атаймыз?

4. Климаттық не маусымдық өзгерістер, табыстың өзгеруі, сатып алушылар

саны, Стильдің, моданың, талғамның, дағдының өзгеруі, болашағы бар

күтулер бұлар не?

5. Өндірушілердің тауарлардың белгілі бір санын анықталған бағасымен

базарға шығарып сату тимділігімен мүмкіндіктері бұл қалай аталады?

6.Оларға сұраныс бір мезгілде жасалады бұл қалай аталады?

7. Нарық субъектілерін көрсетіңіз.

8. Нарық объектілерін көрсетіңіз.

4. 1) Нарықтық экономимканың негізгі ерекшелігі- таңдау еркіндігі. Бірақ таңдау еркіндігі экономикалық сәттілікті қамтамасыз етед, оған бәсекелік күрес әкеледі.

Бәсеке- (латыннан- тіресу) нарықтық экономиканың қатысушылары арасындағы тауарды өндіру, сату және сатып алудың неғұрлым жақсы жағдайларына тай-таласы. Бәсеке баға, сұраныс, ұсынс сияқты нарықтың элементі болып табылады, оның маңызды категориясы. Бәсеке- катал құбылыс болып табылады. Оның келесі жағымсыз жақтары бар:

· қалпына келмейін ресурстар ұтымсыз пайдаланаады;

· көпшілік тұтынатын тауарлар мен қызметтер өндірісін қамтамасыз етпейді (қоғамдық көлік, дол және т.б.);

· ғылым, білім саласының дамуына жағдайлар тудырмайды;

· қоғамның кластарға бөлінуіне, әлеуметтік әділетсіздіктің пайда болуына кедергі жасайтын механизмі жоқ.

Жағымды жақтары:

· өндірушілерді өндірістің өзгермелі жағдайларына жалдам бейімделуіне итермелейді;

· өндірушілермен тұтынушыларға еркін таңдау және әрекет етуді қамтамасыз етеді;

· жаңа техника мен технологияның еңгілізуін қамтамасыз етеді;

· өндірушілерді әро түрліқажеттіліктерді қанағаттандыруға итермелейді, тауарлар мен қызметтер сапасын арттырады.

Сонымен қоса әділетсіз де бәсеге боладыю

Әділетсіз бәсеке- нарықта ғы бәсеке құқығымен нормаларын бұзумен байланысты бәсекелік күрес әдістері. Олар: бағалар демпингі, бәсекелестің қызметіне бақылау жүргізу, бәсекелестер дискриминациясы. Бәсекенің бұл түрі заңмен рұқсат етілмейді және қудаланады.

2) Бәсеке әр түрлі нысандарда болуы мүмкін:

1. Салааралық (әр түрлі салалардағы тауарлар арасында) және сала ішілік (ұқсас таурлар арасында);

2. Бағалық және бағалық емес;

3. Жетілген және жетілмеген.

Бағалық бәсеке - тауарлар мен қызметтерді бәскекелес бағасынан төмен бағамен

сатуды туындайды. Ол үшін шығындар немесе пайда көлемі азайтылады.

Бағалық емес бәсеке – техникалық жетістіктер арқасында неғұрлым сапалы және

сенімді тауарлар сатуға негізделген. Бұл келесі шараларды жүргізуді білдіреді: өнім дифференциаяциясы, өткізу арқылы өнім диффиерециацися, жаңа тауарлы маркалар бәсекесі.

Нарық қатысушылары қалай бәсекелесетіндігіне қарай бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.. Жекеленген фирмалардың бағаға әсері аз болған сайын нарық жетілген болады. Жетілген бәсеке бәсекенің идеалды формасы, оның ерекшеліктері:

1. нарықта бірдей мүмкіндіктері бар бір- біріен тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмететеді;

2. айырбас стандартты және ұқсас тауарлар арқылы жүзеге асады;

3. сатушылар мен сатып алушылар өнім туралы толық ақпаратқа ие;

4. нарыққа еркін ену және одан кету мүмкіндігі, фирмалардың бірігуіне себептер жоқ.

Жетілген бәсекеге толығымен жету мүмкін емес, оған тек жақын болуға болады,

жетілген бәсеке 19ғ ортасына дейін орын алды. 19ғ. ортасынан бастап ҒТП дамуымен өндірісті шоғырландырупроцесі жүреді, бұл процесс ірі және өте ірі кәсіпорындар, демек монополияныңпайда болуына әкелді.

Нарықта монополисттің пайда болуымен жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады.

 3) Монополия- жекеленген өндіруші нарықты үстемдік етіп, осы тауар нарығын бақылауға алғанда пайда болады.

Монополияның мақсаты- нарықта өндіріс көлемімен бағаны бақылау арқылы максималды мүмкін табысты алу.

Монополия бірнеше кәсіпорындардың бірігуінің арқасында болады, олардың келесідей ұйымдық нысандары бар:

· картель- өндірілетін өнім көлемінің квотасы және сату нарықтарын бөлу туралы келісім;

· синдикат- өнімді өткізуді бірлесіп ұйымдастыру мақсатымен бірігу;

· трест- монополия, оған кіретін фирмалар меншігін, өндірісін және өнім өткізуін біріктіреді;

· концерн- әр түрлі салаларда фирмалар, олардың ортақ технологиясы, бірлескен қаржы орталығы бар;

· конгломерат- ірі корпорациялардың өз қызметімен байланысы жоқ салаларға енуге негізделген бірлестік.

Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген етеді, демек бәсеке монополиялық немесе жетілмеген бәсеке нарығы.

Жетілмеген бәсеке нарығы- еркін бәсеке нарығының ең болмағанда бір жағдайы орындалмайтын нарық.

Жетілмеген бәсекені үш типке бөледі:

1. Монополиялық бәсеке

2. Олигополиялық бәсеке

3. Таза монополия.

Э.Чемберлин Дж. Робинсон, Дж.Хикс жетілмеген бәсеке механизмін зерттеуге үлкен үлестерін қосты. Талицада бәсеке түрлері мен нарықтық құрылымдар берілген.

Монополиямен күресте мемлекет монополияға қарсы заңнамаларды пайдаланады, олар мемлекеттің пайдаланатын заңдар пакеті. Моноплияға қарсы заңнамалардың негізі АҚШ-та салынды. Олар негізгі үш заң актілеріне сүйенеді:

1. Шерман заңы (1890ж.) – бұл заң сауда моноплиясына, баға келісімдеріне тыйым салды;

2. Клейтон заңы (1914ж.) - баға дискриминациясына, әр түрлі бірлесулерге тыйым салды;

3. Робинсон- Пэтмэн заңы (1936ж.) – «баға қайшысына» тыйым салды.

Қазіргі монополияға қарсы заңдардың екі бағыты бар: бағаны бақылау және компаниялардың бірігуін бақылау.

Опубликовано


Комментарии (0)

Чтобы написать комментарий необходимо авторизоваться.