12+  Свидетельство СМИ ЭЛ № ФС 77 - 70917
Лицензия на образовательную деятельность №0001058
Пользовательское соглашение     Контактная и правовая информация
 
Педагогическое сообщество
УРОК.РФУРОК
Материал опубликовал
Каденова Гулдаурен Абдуалиевна19

Талғар қаласы Абай атындағы №3жалпы білім беретін орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Каденова Г.А.

14.11.16.

7 сынып: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: 1.  Қазақтың ұлттық тағамдары туралы білімдерін кеңейту, асқа байланысты салт-дәстүрлермен таныстыру.

2. Дамытушылық: Жаңа сөздер мен сөз тіркесін тәжірибеде қолдана білуге үйрену, өз ойларын еркін айта білуге баулу, лексика – грамматикалық тапсырмалар арқылы ой-өрістерін кеңейту.

3. Тәрбиелілік: халқымыздың салт-дәстүрін насихаттай отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, асқа деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, тапсырмаларды орындау кезінде топта, жұпта, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, слайдтар.

Оқыту әдіс- тәсілдері: түсіндіру,әңгімелесу, ізденушілік.

Оқытудың формасы: топтық, жұптық.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу және оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Қажетті материалдардың болуын қадағалау.

Сабақтың эпиграфы: «Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды» Ғ.Мұстафин

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сөздер.

соғым сою – забой скота на зиму
қуырдақ – жареное мясное блюдо
қазақша ет – мясо по-казахски
күздік – осенний забой скота
жая – мясо, прослоенное жиром
Қазы - изысканное кушанье наподобие кеолбасы из брюшной и реберной части конской туши
Жал - продолговатое отложение жира на подгривной части конской туши

Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық т әтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға —жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.

Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.

Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған.

Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.

Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.

Этнолингвистикалық атаулар - қазақ ұлтына ғана тән атаулар. Басқа елде жоқ, қазақ тілінде ғана қолданылатын атаулар.

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді аударып, сұрақтарға жауап береміз.

2-тапсырма. Сыныпты үш топқа бөліп, ұлттық тағамның үш түрін бөліп беремін. Бірінші топқа нан тағамдары, екінші топқа сүт тағамдары, үшінші топқа ет тағамдары. Әрбір топ өздеріне берілген тақырып бойынша мәтін құрап, бір сөйлеміне морфологиялық, синтаксистік талдау жасайды.

3-тапсырма. Әр топ өздерінің тақырыптары бойынша диалог құрап, өзара сөйлеседі. Диалогтан бір сөз алып, фонетикалық талдау жасайды.

4-тапсырма. Ұш топ тағамға байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысады.

ІY. Сабақты бекіту.

1.Қандай ұлттық тағамдарды білеміз?
2Ұлттық тағамдар қаншаға бөлінеді?
3.Ұлттық тағамдарға байланысты қандай салт-дәстүрді білеміз?
4.Этнолингвистикалық атаулар дегеніміз не және оған қандай атаулар жатады?

 

Y.Сабақты қорытындылау. Бағалау.

YI. Үй тапсырмасы.72 бет. 2-тапсырма. Бата жаттап келеміз.

Талғар қаласы Абай атындағы №3жалпы білім беретін орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Каденова Г.А.

14.12.16.

7 сынып: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аспаптар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: 1.  Қазақ  халқының ұлттық аспаптарымен таныстырып,  оның түрлері мен құрылысын меңгере білу.

2.Дамытушылық: Ауызекі тілде сөйлету арқылы тіл байлығын дамыту,сөздік қорын кеңейту, өнерге қызығушылығын арттыру ,топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды қазақ халқының мәдениетіне, өнеріне баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, слайдтар.

Оқыту әдіс- тәсілдері: түсіндіру,әңгімелесу, ізденушілік.

Оқытудың формасы: ұжымдық

Пәнаралық байланыс:  тарих, әдебиет,ән-күй  т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу және оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Қажетті материалдардың болуын қадағалау.

Балалар мен бүгінгі сабақты Қадір Мырзалиевтің мына өлең жолымен бастағым келіп тұр:

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл – пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра.

Білгің келсе біздің жайды,

Содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежіре,

Одан асқан жоқ дана.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сөздер

Қос ішекті-двухструнный                              

тиек-деревянная подставка под сруны

аспап- инструмент         

перне-поперечные деления на срунных иструментах

 қыл- конский волос          асық-альчик

әуен- мелодия                  үйеңкі- клен                

емен- дуб                        ель-шырша

қарағай-сосна

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары үш түрге бөлінеді: 1. үрмелі: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік;

2.ішекті: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз;

3. ұрмалы: даңғара, дауылпаз, асатаяқ. т.б.

 

Домбыра

Домбыра-қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы. Қазақ өзінің тарихын,өмірін, сезімін домбыра арқылы жеткізген. Домбыраның шанақ,мойын,тиек,ішек,перне сияқты бөліктері бар. Домбыраны шырша,қарағай  т.б ағаштардан жасайды. Ал домбыраның ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасаған. Домбырамен күй тартуға,әнді сүйемелдеуге болады.

Қобыз  

Қобыз — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады.

 

Сыбызғы

Сыбызғы – кең тараған үрмелі аспаптардың ең көне түрі.

Бұл аспапты көбіне бақташылар мал бағып жүрген кезде жалғыз-

дықты жеңу үшін ойнаған, ал кешкі уақытта с ыбызғы жыр- аңыздарды сүйемелдеуге пайдаланылған. Сыбызғы аспабын көкқурай, қарақурай,

таңқурай сияқты қуыс талдардың қурайын жасап, оған үшткен жетіне дейін саңылау ойған. Аспаптың ұзындығы 70-75см болып келеді.

 

Дауылпаз

Дауылпаз – қаақтың ұрып ойналатын көне музыкалық аспабы. Ертеректе бұл аспапты аңшылық пен құсбегілікке пайдаланатын болған. Оны бітеу ағаштан ойып жасаған. Беті әбден иленіп кепкен терімен қапталады. Аспалы бауы мен ұрып ойнайтын таяқшасы болады.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ –домбыра! –демекші , кезекті күйге берейік.

1-тапсырма. Етістіктің райларын атаңдар. Олардың түрлеріне мысал келтіріңдер.

2-тапсырма. Берілген мәтін бойынша сұрақтар құраймыз.

3-тапсырма. Диалог негізінде сөйлемдерді аяқтаңдар.

 

ІY. Сабақты бекіту.

1.Қазақтың ұлттық аспаптары қаншаға бөлінеді?
2. Ішекті аспаптарды атаңдар?
3.Үрмелі аспаптарға қандай аспаптар жатады ?
4.Даңғара, дауылпаз қандай аспаптар?

 

Y.Сабақты қорытындылау. Бағалау.

YI. Үй тапсырмасы. «Ұлттық аспаптар» деген тақырыпқа эссе жазып келеміз.

 

Абай атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі

Ашық сабақ

Ұлттық тағамдар

 

Мұғалімі: Каденова Г. А.


 

2016 -2017 оқу жылы

Опубликовано


Комментарии (0)

Чтобы написать комментарий необходимо авторизоваться.