12+  Свидетельство СМИ ЭЛ № ФС 77 - 70917
Лицензия на образовательную деятельность №0001058
Пользовательское соглашение     Контактная и правовая информация
 
Педагогическое сообщество
УРОК.РФУРОК
 

Білім беру саласы:«Коммуникация»

Бөлімі: «Драма»

Тақырыбы:«Ақымақ қасқыр»қазақ халық ертегісін сахналау.

Мақсаты: Балаларда сахналау дағдыларды қалыптастыру.

Міндеттері:

БМ: Балаларды ым мен қол қимылын қолданып, диалог құруға үйрету; негізгі сезімдерін сезінуге және білдіруге ойын-этюдтарға үйрету

ДМ: Шығармашылық ынталарын, қиялдарын, суырып салмақ дағдыларын дамыту.

ТМ: Көрермендер мәдениетін, қазақ халық ертегілеріне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар:қоянның суреті,ертегі кейіпкерлерінің бетперделері.

Сөздік жұмыс:ақымақ.

Көптілдік компонент:қасқыр-волк-wolf,қой-овца-sheep.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

 

 

Ойын: «Қай ертегіде кездеседі?»

Балаларға қоянның суретін көрсетіп, бұл аң қай ертегіде кездеседі деп сұрау. Ойын осылай жалғасады.

Балалар ойынға қызыға қатысады.

Бауырсақ, үйшік ертегісінде.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

 

 

Жұмбақ жасыру:

Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды ол кісіні.

Ол не?

Қабат-қабат тоны бар

Кішкентай ғана бойы бар?

Айналдырып киген тоны бар?

Ол не?

Балалар бүгін біз қасқыр мен қой туралы ертегімен танысамыз.

Олай болса ертегіні тыңдайық.

 

Сұрақ-­жауап
Ертегі қалай аталады?
Ертегіде қасқыр қандай үй жануарына кездесті?
Қой қасқырдан қалай құтылды?
Қасқыр тағы неге жолығады?
Ешкі қасқырдан қалай құтылды?
Қасқыр не істеп қалды?
Енді осы ертегіні драматизация-лаймыз, яғни кейіпкерлендіреміз.

 

 

 

Қасқыр.

 

 

 

Қой.

 

 

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.

 

Ақымақ қасқыр. Қой, ешкі.

 

 

 

 

 

Ертегіні рөлдерге бөліп ойнайды.

Рефлексиялық -

түзетушілік

 

 

Бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?
Не өттік?

 

Не істедік?
Ертегі не жайлы?
Ертегі неге «Ақымақ қасқыр» деп аталған?
Тәрбиеші оқу қызметіне белсене 
қатысқан балаларды мақтап, мадақтап бағалайды.

 

Драма.

«Ақымақ қасқыр»ертегі-сімен таныстық.

Рөлдерге бөліп ойнадық.

Қасқыр,қой,ешкі туралы.

Өйткені,қасқыр алданып қалды.

 

Күтілген нәтиже:

Біледі:ертегідегі қасқырдың ақымақтығын, қой мен ешкінің ақылдылығын.
Игереді:ертегідегі жағымды ­жағымсыз кейіпкерлерді ажыратуды.
Меңгереді:ертегідегі кейіпкерлерінің дыбыстауын, жүрісін 
қимылмен көрсетуді.

 

 

«Ақымақ қасқыр» ертегісі

Өрісте жайылып жүрген қойлардың ішінен бір арық қой артта қала береді. Оған қасқыр кездесіп: сені жеймін,-дейді. Қой айтады: -арық мені жегенше, одан да мені босат, мен саған қозымды әкеліп берейін, -дейді. Қасқыр қойды қоя береді. Қасқыр қойдың қозысын күтеді. Бірақ қой да, қозы да жоқ. Қасқыр ойлайды:- қой баласы момын ғой, алдауды білмеуші еді, сірә оны ешкі азғырған шығар,-дейді. Барып көрейін деп кетеді. Таудың жанына келсе бір ешкі жүр екен, көп қойда, қойшы да алыста екен. -Іздегенім сен едің,-деп ешкіге бас салады. Сол кезде ешкі: атаң да, анаң да жақсы еді, қой тұрғанда, ешкі жемеуші еді. Мен тойда билеп торқа киген ешкімін деп айтады. Ешкі билейді деп естімеппін, көрсет онда өнеріңді. Онда аяғыма қара да тұр мен билейін дейді. Ешкі секіре-секіре көп қойдың ішіне кіріп кетеді. Сол арада қойшы келіп ешкі аман қалады.

 

Опубликовано


Комментарии (0)

Чтобы написать комментарий необходимо авторизоваться.