12+  Свидетельство СМИ ЭЛ № ФС 77 - 70917
Лицензия на образовательную деятельность №0001058
Пользовательское соглашение     Контактная и правовая информация
 
Педагогическое сообщество
УРОК.РФУРОК
 
Материал опубликовал
Суюбаева Гульдана20

Қазақ тілі2-«А»сынып

Уақыты

 

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі етістік

 

Сілтеме

Қазақ тілі 2-сынып «Атамұра» баспасы

 

Сабақтың жабдығы
 

Оқулық,стикер,интертақта,А-4 кесте,кеспелер


 

 

Жалпымақсаттар


 

Оқушыларға дара және күрделі етістіктер туралы мағлұмат бере отырып, етістіктің күрделі түрін таныту, салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін байқату.
 

 

Оқыту  нәтижесі

Дара және күрделі етістікті бір-бірінен ажырата біледі. Дара және күрделі етістіктің жазылуын есте сақтайды.Топтық жұмыс жасауға жаттығады.

 

Сабақта қолданылатын әдістер

Топтық жұмыс,түсіндіру,СТО технологиясы,АКТ,тест

 

Ынтымақтастықатмосферасы

Қазақ тілім өз тілім,ана тілім,Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім.Құрметтейді ұл-қызың мәңгі сені,Болашағым, бақытым, дара тілім.,-деп қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.Армысың көк аспан,Армысың жан досым,Жылуыңа жылу қос , Міне менің қолым.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Топқа бөлу

Фигуралар арқылы топқа бөлу Топқа бөлініп отырады.

 

Үй тапсырмасын сұрау
 

Өтілген сабақтар бойынша тест тапсырмасын беру.1.Зат есімді тап:а) бала ә) шегеле б) сулама2. Затесімнің көпше түрін тап:а) аққулар ә) аққумен б)аққуым3. Жалқы есімді тап:а) өзен ә) Атырау б)қала4. Жалпы есімді тап:а) Атырау ә) қала б)Құтжол5. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап:а)жазды ә) жаға б) жасыл6. Етістікті тап:а) қызыл гүл ә)әдемі гүл б) гүлдеп тұр
 

 

Қызығушылықты ояту


 

«Гүл таңда» ойыны.Гүл таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
 

Ережені айтады,сабаққа ықыласы артады.
 

Мағынаны тану










 

«Артық сөзді тап» әдісі Еркелетеді,оқиды,күлімдейді,сүйеді,айтып отырады.Етістіктерді ажырата отырып, күрделіге айналдыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын,ереже шығартамын.Оқулықтан 375-жаттығуды орындау арқылы дәлелдетемін.
 







Ереже шығарады.




 

Бекіту

Дәптермен жұмыс.Көркем жазу Т Т әрпі 376-жаттығу Берілген дара етістікті күрделі етістікке айналдырып жазу.Ұшты –ұшып кеттіКүреді –күреп жатырҚұйды –құйып бердіҮйді- үйіп жатырСүзді-сүзіп алды.







Дәптермен жұмыс жүргізеді.Түсіне отырып жазады.

Сергіту сәті

Жануарлар қимылын табу.Мыс: Аю не істейді?

Ой сергітеді.






 

Топтық жұмыс

І топ Суреттерге қарап сөйлем құрау ІІ топ Берілген етістікті қатыстырып сөйлем құрайды.ІІІ топ Суреттерге қарап сөйлем құрау ІV топ Берілген етістікті қатыстырып сөйлем құрайды.

Сөйлем құрайды,дәлелдейді.
 

Ой толғаныс

І топ «Тез тауып бөгелмей айт» ойыныІІ топ «Жалғасын тап» ойыныІІІ топ «Сәйкестендіру» ІV топ «Кім жүйрік» тапсырмасы

Қорғап шығады

Үй тапсырмасы

379-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрау, ереже жаттау
 

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Смайлктер арқылы бағалау 
 

 

Кері байланыс

Бағдаршам. Білдім, білгім келеді,білмедім

 

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата білуге, оларды мәтіннен таба білуге үйрету.
2. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру. Ой өрісін дамыту, сауатты, көркем жазуға төселдіру.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, сауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап әдісі, өз бетінше жұмыс істеу, ой қозғау. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, ережелер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Жұбан Молдағалиев.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақын жазушыларымыз айтқандай туған тіліміз - қазақ тілі сабағы екен. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 
Ашық сабақты хабарлау. Оқушыларды 1 - топ: «Тапқырлар», 2 - топ: «Білгіштер», 3 - топ: «Алғырлар», 4 - топ: «Зеректер» деп 4 - топқа бөлу. Әр топқа топ басшы сайлау. Топ басшы өзінің топ мүшелерін бағалап отырады. 
Бағалау: Биыл қой жылында асықпен бағалаймын.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Ереже сұрау. Өткен сабақты қорыту. Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Етік сағат тікұшақ Оқушылар жаңа тақырыптың атын атайды.

3. Жаңа сабақ. Күннің жады, жаңа тақырып және көркем жазу жазылады. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.
Суретпен жұмыс.
354 - жаттығу. Зат есімдерді қатыстырып сөйлем құраймыз. Құраған сөйлемдер заттың ісін, қимылын білдіретін болсын. Мысалы: Бала ағаш жарды. Айнұр гүлге су құйды. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді? Не істеді? 
Ой қозғау. Әр топтан бір оқушы оқиды. 355 - жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін табу, ішінен етістікті тапқызу. 1. Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)
2. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)
Дәптермен жұмыс. 356 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу. Тоғайда түрлі аңдар...... Терең шатқалға қояндар........ Қызыл түлкі тоғайда....... Тиіндер ағаштан ағашқа....... Керекті сөздер: жүреді, жасырынады, болады, секіреді. Әр топтан бір оқушы тақтаға, ал қалғандары дәптерлеріне орындайды.
Сергіту сәті.
Топтық тапсырма. Оқушыларға плевчард тарату.
357 - жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
1 - топ. Қонды. 2 - топ. Жауды. 3 - топ. Тасыды. 4 - топ. Жүзді.
Мысалы: Биыл қой жылы қар қалың жауды. Әр топ оқушылары ой бөлісіп жазады. Әр топтан бір оқушы оқиды.
Кім тапқыр ойыны. Оқушылардың барлығы жеке тапсырма орындайды.
358 - жаттығу. Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, олардың етістік екенін дәлелде. Көгершін, жасыл, жинады, айтты, алыс, сөйлесті, ертең, байлады.
Бекіту кезеңі. «Жалғастыр» ойыны. Мен зат есім оқимын, оқушылар етістік сөздер айтады. Мысалы: Қар (жауды).
Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Оқушылар стикерлерге жаңа тақырып бойынша түсінгендерін жазады.
Топтық бағалау. Топтардың жинаған ұпайларын айту. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма.
359 - жаттығу. «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құрау.

Опубликовано в группе «УРОК.РФ: группа для участников конкурсов»


Комментарии (0)

Чтобы написать комментарий необходимо авторизоваться.