12+  Свидетельство СМИ ЭЛ № ФС 77 - 70917
Лицензия на образовательную деятельность №0001058
Пользовательское соглашение     Контактная и правовая информация
 
Педагогическое сообщество
УРОК.РФУРОК
 
Материал опубликовал
Тимчик15
1

Освоения и реализации инновационных технологий в образовательном процессе (статья на казахском языке)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ТӘЖІРИБЕДЕ

ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Омар. Б.

Рудный қаласы әкімдігінің «№12 орта мектебі» КММ

Қостанай облысы, Рудный қаласы, Қазақстан.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік беру деңгейіне енуге бағыт алуда. Қазақстанда қазіргі уақытта білім беру жүйесі – болашақ ұрпақты жан-жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауға көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. «Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп Н.Ә. Назарбаев айтқандай білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар еңбегі зор. Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім бері – мұғалімдер үшін үлкен міндет. Бұл әрбір мұғалімнен ізденісті, оқытудың жаңа формаларын, әдіс-тәсілдерін пайдалануды талап етеді. Әрбір ұстаздың негізгі міндеті – оқушыларды жан-жақты ақылды, білімді, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Себебі, елімізге заман талабына сай шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді азаматтар қажет.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа инновациялық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көрсете алады. Сабақ өткізген кезде мұғалім сапалы білім бері үшін инновациялық технологияларды қолданса, оған қоса компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары арта түседі. Материалды өте қызықты түсіндіру үшін менің қолданатыным - интерактивті тақта. Себебі, жаңа сабақ барысында қосымша материалдарды ұсынуға, қиын тақырыптарды тірек- сызбалар арқылы түсіндіріп, жеткізуге болады.

Педагогикалық инновацияларды оқу процесінде қолданатын болсақ,біз келер ұрпақты ойлары ұшқыр,шығармашыл етіп тәрбиелейміз деп ойлаймын.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат,бір мүде,бір болашақ» 2014ж 17 қаңтар.
  2. «Қазақстан мектебі» журналы. №11-2010ж, №10-2009ж.
  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Алматы-2008.
Опубликовано


Комментарии (0)

Чтобы написать комментарий необходимо авторизоваться.