12+  Свидетельство СМИ ЭЛ № ФС 77 - 70917
Лицензия на образовательную деятельность №0001058
Пользовательское соглашение     Контактная и правовая информация
 
Педагогическое сообщество
УРОК.РФУРОК
 

Сабақтың тақырыбы: Түймені салу және ағыту.

Сабақтың мақсаты:

1. Ұсақ маториканы дамытуға бағытталған жаттығулардың түрлерін жасатып үйрету.

2.Қарапайым нұсқауларды орындай отырып, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойындар

Көрнекі-құралдар: суреттер, түрлі-түсті түймелер.

I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де!

Қуанасың сен де!

Келіп шыққан күнге!

Күніміз жарық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

 

III. Жаңа сабақ. Ұсақ қол моторикасы-саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы маңыздылығы - адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ қол қимыл қозғалысын дамыту үшін жаттығулар жасаймыз.

IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.

 Екі қырықаяқ                          (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі).

Жолмен жүгірді.

Жүгірді, жүгірді.

Бір-бірімен кезікті                    (Екі алақанды қосады).

Құшақтасқандары соншалық         (Сұқ саусақтарды айқастырады.)   

Құшақтасқандары соншалық          (Ортаңғы саусақтарды айқастырады).

                                                            (Алақандарды айқастырады.)

Екеуін күштеп ажыраттық.             (Қолдарын жібереді.)

 

II апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

«Қомағай» саусақ жаттығуы:

Әр қатысушы бала беторамалдың ұшынан ұстайдыда біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.

Қарным менің қомағай

Бәрін-бәрін жұтады.

Қомағайдың қарны енді

Сусиырдай болып кетті. Бұл жаттығу екінші қолға да жасалады. Содан соң екі қол бірге қатарласа жасайды.

IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

 

III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Саусақ жаттығуы: Саусақтар шынжыр болады

Үзілмейді тартсаңда

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келеді

Достық үшін пілге мен

Гүл сыйлағым келеді.

"Үй тұрғызайық" ойыны.

Мақсаты: Балалар үйдің пішіндерін баумен өткізіп үйрену.

Керекті материалда: Әрбір балада үйдің бөлшектері (үшбұрыш, төртбұрыш,төбесі, есігі, терезесі т.с.с) бар. Мұғалім үйдің бөлшектерінің тесігіне бау өткізеді, сол үлгіге қарап, оның қалған бөліктеріне бауды өткізу.

 

IY апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

 

V. Бекіту.

«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.

 Екі қырықаяқ                          (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі).

Жолмен жүгірді.

Жүгірді, жүгірді.

Бір-бірімен кезікті                    (Екі алақанды қосады).

Құшақтасқандары соншалық         (Сұқ саусақтарды айқастырады.)   

Құшақтасқандары соншалық          (Ортаңғы саусақтарды айқастырады).

                                                            (Алақандарды айқастырады.)

Екеуін күштеп ажыраттық.             (Қолдарын жібереді.)

 

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

 

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.

Опубликовано


Комментарии (0)

Чтобы написать комментарий необходимо авторизоваться.