«Тәуелсіз елдің ұланымыз»

0
0
Материал опубликован 12 January 2019

52 негізгі мектеп

«Тәуелсіз елдің ұланымыз!»

(Мектепалды даярлық тобына арналған ертеңгілік)

Дайындаған: Жукен Г.Х.

 

Ақтөбе қаласы

2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

16-желтоқсан-Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік.

Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылғын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағұлмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Балаларға патриоттық тәрбие беру. Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қ.Республикасының мемлекеттік рәміздері. Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, бейнеролик, шарлар, буклет слайд, желтоқсан құрбандарының суреті, жалаушалар.

Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар! Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.

Біздің тобымыздың «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігіне қощ келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын! Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Мұз жастанып азаматтық жолында, Тәуелсіздік туы тұрды қолында. Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып Сойыл таяқ ойнаса да жолында Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе Ұрпақ өсер айналатын тірекке Егемендік тиді міне еншіме Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке. Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады..

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық.

 

Мадияр: Ызғарлы қыс-тоқсан күн

Желтоқсан деп аталған.

Желтоқсанда жастарым

Тәңірінен бата алған.

 

Айсұлу: Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

Нұрхан: Батамен елім көгерген Бодандық билік көнерді Тәуелсіз атқан таң үшін Еске алам өрттей өренді

Еркеназ: Атыңнан айналайын,егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіз ел,

-Балалар, бүгін қай мерекені атап өткелі жатырмыз?

-16-желтоқсан-Тәуелсіздік мерекесін.

-Біз қай елде тұрамыз?-Қазақстан елінде.

-Біздің елбасымы кім? –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

-Ту, Елтаңба, Гимн.

-Ата заңымыз қалай аталады?-Конституция.

-Елордамыз қалай аталады?-Астана

-Балалар тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

-Бостандық, егемендік,тәуелсіз ел.

-Тәуелсіз ел, қандай ел?-Өзінің мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы, туы бар мемлекет.

-Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл?

-27 жыл

-Балалар, бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ.

-Балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егемен Қазақстан мемлекетіміз. Осыдан 27 жыл бұрын 1986 жылы Алматының бас алаңында жастар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін көтеріліске шыққан болатын. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол желтоқсан оқиғасында батыр аға-әпкелерімізді Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асановалар бостандық үшін құрбан болды. Қыршын болған жастардың арманы мен үміт тілектері бұл күнде жүзеге асты. 1986 жылғы 16 желтоқсан қазақ халқының мәңгі есінде қалған күн. Тәуелсіздік жолында құрбан болған аға-әпкелерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Балалар, 1991 жылы 16-желтоқсанда Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі жер-жаһанға жария етті.

1992 жылы-мемлекеттік рәміздерді, яғни ту, елтаңба,әнұрамыз бекітілді.

1993 жылы-төл ақшамыз теңге айналымға шықты.

Ал,1995 жылы-Ата Заңымыз-Конституция қабылданды.

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. -Міне, бугінгі күні сендер тәуелсіз елдің бақытты ұландарысындар.Сендердің міндеттерің жақсы оқып, елімізді гүлдендіріп,отанымызды қорғау.

-Енді кезекті балаларымыздың “Тәуелсіздіктің ақ таңы атты” көрініске берсек.

Көрініс:«Тәуелсіздік ақ таңы»

Зал кіші кілем, төсек, домбыра макетімен безендірілген. Н.Тілендиевтің «Аққу» атты күйі орындалады. Қолында ұршығы бар әже келіп отырады.

Әжесі: Е-е-е-е...-тәуба! Бергеніңе шүкір...

Несересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!

Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!

Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?

Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.

Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?

Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).

Немересі: (көзін ұқалап тұрады) — Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.

Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.

Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келді!

 

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын айтайық.

Лаура: Тәуелсіздік ел атандық,

Биік даңқың.

Бар әлемге әйгілі

Мәлім атың

Ата-баба қанымен келген бізге

Тәуелсіздік құт болып.қонды еліме!

 

Нұрислам: Құрбандық еттің жаныңды Көк мұзға көміп қаныңды Тәуелсіздік алған күн Жастардың күні жалынды

Гүлсая: 16 - желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Мерекеде ел қуанып Шаттанып ән салған күн

Аян: Арымыздай тап-таза Жанымыздай шуақты Көтерілді биікке Қазақстан байрағы

Ән: «Атамекен»

Жүргізуші: Балалар енді осы тәуелсіздікке дейінгі жылдардағы оқиғаларды видеороликтен қарауға ұсынамын.

Жүргізуші: Бірің шекер, бірің бал,

Жайнап өскен ұғымды құлындар.

Отан деген ұғымды ал-

Талдап берер кімнің бар?

 

Айбек: Отан туған жеріміз Сүйіп өскен еліміз Қасиетті Отанның Ұланымыз бәріміз

Гүлім: Шұғылалы таңымыз Қазақ жері бағымыз Қайнарынан мөп-мөлдір Сусындайды жанымыз

Дарын:

 

Динара: Он алтыншы желтоқсан Елдің ұлы мейрамы Жаңа шыққан көктемдей Жаз күніндей жайдары

Жүргізуші: Қыздарымыздың әсем биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?

Демекші ендігі кезекті ойынға берейік.

Ойын: «Күш сынасу»

Жүргізуші: Тәуелсіздік арайлап атқан таңға

Тірек болар әнұран мен елтаңба.

Рәміздер-Тәуелсіздік мәртебесі

Орныққан азаттықтың ұлы іргесі.

-Келесі кезекті балаларымыздың жаттаған тақпақтарына берсек..

Шамсия: Қуат алған өзіңнен Туған елдің қызымын Бақытты етіп өсірген Отанымның қызымын

Көркем: Естісін ел үніңді Дүние түгел естісін Тәуелсіздік туыңды Биік көтер жас ұлан

Игнат: Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

Фатима: Бабалардың көзіндей

Даналардың сөзіндей

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам бас қалам

Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.

Келмеске кетті мәңгүрттік,

Мереке бүгін, думан күн

Аруақтар рухын жаңғыртып,

Еліміз қайта туған күн

-Осымен құрметті қонақтар мектепалды даярлық тобының «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментарии на этой странице отключены автором.

Похожие публикации