«Құстар. Үй құстары»
Сауат ашу
1 «Ә» сынып Омирбаева М.Р. 3-деңгей бастауыш сынып мұғалімі
Сыныбы: 1 «Б» Пәні: «Дүниетану», «Өзін-өзі тану» кіріктірілген сабақ
Тақырыбы: Құстар. Үй құстары
Сабақтың мақсаты: Құстар туралы мәлімет беру, тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: Қазақстанда мекендейтін құстар туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру тақырыбында білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой-өрісін кеңейту. Танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: елімізге, оның табиғатына, құстарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыра отырып, мемлектіміздің табиғатын, құстарын қорғауға, қадірлеуге баулу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, іздендіру, дәлелдеу, әңгімелеу
Көрнекілік: интербелсенді тақта, таратпа қағаздар, түсті бояулар,постер
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру. Тыныштық сәті: (оқушыларды ойларын жинақтап жақсы, көтеріңкі көңіл күйге шақыру) |
Амандасу. Сабақтың «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктірілгені жөнінде ескерту. Топтастыру. (Баяу музыка ойнайды). Балалар, қолдарыңды тізелеріңнің алдына қойып, музыканы тыңдай отырып өз өйымызды жинақтайық. |
Балалар түзу отырып, қолдарын тізелерінің алдына қойып, көздерін жұмып терең ойға түсіп өз ойларын жинақтайды. |
Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабақты бекіту: «Мен саған, сен маған» стратегиясы Тұсау кесер: «Миға шабуыл» әдісі (слайдпен жұмыс) Жаңа сабақ: (слайдпен жұмыс) Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс Сергіту сәті Интербелсенді тақтамен жұмыс Шығармашылық жұмыс Сабақты қорытындылау : Бекіту: |
1-топ : сүтқоректілер 2-топ: қосмекенділер 3-топ: бунақденелілер Әр топ өз жұмыстарын қорғайды Оқушыларға жұмсақ ойыншықты кезекпен –кезек лақтыра отырып өткен сабақты бекіту. Жануарлар әлемі нешеге бөлінеді? Балықтар жайында не білесің? Жануарлар нешеге бөлінеді? «Визуалды айғақтар» стратегиясы бойынша мазайка құру, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. Сабақтың мақсатын құру. Құстар жөнінде слайд бойынша біраз мағұлматтар беру. Бейнефильм көрсетіп, талдау. Оқулықтағы мәтінді тізбектеп оқыту.Сұрақ-жауап арқылы өз ойын айтқызу Суретте берілген құстардың аттарын жазу Әуеннің ырғағымен құстардың қозғалыстарын билеп келтіреді . Дұрыс сәйкестендір Әр топқа геометриялық фигуралар таратылыпберіледі, олар құстарға қаландай қамқорлық жасауға болатындығы жөнінде шығармашылық жұмыс жасайды. оқушылардың жасаған шығармашылық жұмыстарын мадақтап, құстардың ұялары туралы түсінік беріп сабақты қортындылайды. Таратпа қағаздар,тест сұрақтары, сұрақ-жауап: Бөлісейік. |
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын қорғайды. Салған суреттерін көрсетеді.Бағалаушы бағалайды Балалар жұмсақ ойыншықты қағып ала отырып, сұрақтарға толық жауап беріп өткен сабақты бекітеді. Оқушылар берілген суреттерді жинайды.Суретте не белгіленгенін айтып бере отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. Оқушылар мәтінді тізбектеп оқып сұрақтарға жауап береді. Оқушылар дәптерлеріне суретте берілген құстардың аттарын жазады. Оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды. Слайдта берілген жануарлардың әрқайсысын өз орындарына сәйкестендіреді. . Әр топ геометриялық фигуралардан құстарға арнап ұялар жасап, жасаған жұмыстарын қорғайды. Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекітеді. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады. |
Рефлексивті есеп
Жаңаша әдіс - тәсілдерді оқып үйрену - заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген Кембридж бағдарламасы – Қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің денгейіне, даму бағытына байланысты.
Қазіргі кезде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда.
Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым - қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етуде.
Білім беру жүйесі жаңаша көзқараспен, іскерлікпен, ақпараттарды қабылдау мен өңдеу қабілеттілігін дамытуды, білім беру мәселелерін шығармашылықпен шешуді, білім бағдарламаларын дербес өзгешеліктермен толықтыруды ұсынады.
Кембридж бағдарламасынының 7 модулінің бірі «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер АҚТ -мен жұмыс» әдісітерін пайдалана отырып 1 «Ә» сыныбында «Дүниетану» сабағын «Өзін-өзі тану» сабағымен кіріктіріп өткіздік. Пән мұғалімі Омирбаева М.Р. және «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Жунусова .
Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға «Дүниетану» сабағының «Өзін-өзі» тану сабағымен кіріктіріліп өткізілетіні жөнінде ескертіп, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Жунусова Қ.М. сабақты жақсы көтеріңкі көңіл күйге шақыру мақсатында «Тыныштық сәті»-нен бастады.(Баяу музыка ойнады). Балалар қолдарын тізелеріңнің алдына қойып, музыканы тыңдай отырып, өз өйымызды жинақтап сабаққа кірістік.
Оқушылар үйге берілген жұмыстары арқылы үш топқа 1-топ «Сүтқоректі»,2- топ «Бунақденелі», 3-топ «Қосмекенді» болып топтастырылды. Әр топты бағалайтын балаушы сайланды. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын қорғап, салған суреттерін көрсетті.Бағалаушылар бағалап отырды.
Өткен сабақ «Мен саған,сен маған» әдіс-тәсілімен сұрақ-жауап арқылы бекітілді.
«Миға шабуыл» әдісінде
«Визуалды айғақтар» стратегиясы бойынша қиылған суреттерді орын орнына орналастырып мазайка құрып ненің суреті екенін айтып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып, сабақтың мақсатын айтып өттік. Интербессенді тақтаның көмегімен құстар жөнінде слайд бойынша біраз мағұлматтар беріліп,бейнефильм көрсетіліді.
Оқулықпен, дәптермен жұмыс жасалып болған соң сергіту сәтін «Өзін-өзі тану»пәні мұғалімі Жунусова Қ.М. музыка ырғамен құстардың қимылдарын келтіртіп билетті. Оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасады. Слайдта берілген жануарлардың әрқайсысын өз орындарына сәйкестендірді.
«Құстарға қамқорлық» атты тақырыпта шығармашылық жұмыс жүргізілді. Әр топқа геометриялық фигуралар таратылды, осы фигураларды пайдалана отырып құстарға қандай қамқорлық жасауға болатыны жөнінде тапсырма берілді. Оқушылар өте қызығушылықпен жұмысжасап әр топ өз жасаған жұмыстарын қорғады. Әдеттегідей бағалаушылар формативті бағалап отырды. Соңынан мұғалім жұмыстарын салыстырып топқа өз бағасын қойып отырды. Сабақты қорытындылауда оқушылардың жасаған жұмыстарын айтып, слайдтың көмегімен құстардың ұяларының түрлері әртүрлі болатындығы жөнінде түсінік беріп өтті,
Сабақ сұрақ –жауап арқылы таратпа парақшалар арқылы бекітілді. Әр тапсырма ,әр жауап мұғалім тарапынан мадақтау сөздерімен, шапалақтаумен оқушыларды ынталандырып отырды. Сабақ соңы «сабақта не ұнады, не ұнамады, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?» сияқты оқушылардың бүгінгі сабаққа деген рефлексиясын стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырумен аяқталды. Жалпы сабақ өте қызықты өтті, оқушылар тақырыпты жақсы меңгерді.