Стихотворение «Ақұштап апама»
Автор публикации: Е. Онбаев, ученик 8 класса
Ақұштап апама - сынып
Ақжайықтың шағаласы атанған
Апайыммен әрқашанда мақтанам
Жыр жолдарын іздеп оқып жүремін
Көпшіліктің көкейінде жатталған
Апатайым, құтты болсын мерекең
Тақырыптың ауқымыда кең екен
Елге, жерге жасаған жақсылығың
Батырлардың ерлігіне тең екен
Сізде батыр кем емессіз өзгеден
Жетіңізші мақсаттарға көздеген
Сіздің тілек, ел тілегі білемін
Халқым үшін деп әрқашан жүдеген
Құтты болсын, құтты болсын мерейтой
Осы тойдан бастау алсын кемел ой
Қыздарына елімнің жыр арнаған
Апа, сізді құттықтауға келдім ғой.