1 жылдық есеп
Психологиялық бағыт: - психодиогностикалық - түзету-дамыту - ақыл-кеңестік - ағартушылық - профилактикалық
журнал: -дамытушылық журнал- түзету журналы - ақыл-кеңестік журналы.
Балалармен жұмыс - балалардың балабақша бейімделуі, адаптациялық кезеңнен өтуіне психологиялық көмек көрсету- балалармен танысып топ тізімін дайындау -жылдың басында және жылдың аяғында зертеу жұмыстар жүргізу -сенсоматорлық карта өткізу - балабақша балаға әсер етуін анықтау (сұрақ-жауап) -Ұ.О.І.Ә-не қатысу топтың ауа райын бақылау- «орташа» деңгейдегі балалармен жұмыс- мектепке дайындығын анықтау (сұрақ-жауап) -жыл бойына психологиялық түзету-дамыту жұмыстар жүргізу.
Ата-аналармен жұмыс -«Баланың жас шамасына сай даму ерекшеліктері» ақыл-кеңестер беру-«Бала балабақшаға бейімделуі» кеңестер беру -«балабақшаға деген көзқарасын анықтау» сауалнама - жылдың басында балалардан алынған зертеу жұмыстармен ата-аналарға қорытындысымен таныстыру кеңестер беру- дөңгелек үстел «Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасқа»тақырыбында пікірлесу тренинг өткізу –сауалнама және т.б жұмыстар жүргіздім.
Педагогтармен жұмыс - әкімшілікке әлеуметтік психологиялық көмек -педагогтардың жаңа оқу жылына психологиялық ахуалын жақсартуға көмек беру - «жас тәрбиешілерді ұжымға бейімдеу, психологиялық тұрғыдан ақыл-кеңестер беру» баяндама. - тренингтер «бала-сәби», «кездесу», «қырықаяқ» педагогикалықкеңесте өткізу-«тәрбиешілердің білім деңгейін анықтау» сауалнама-тәрбиешілерден «баланың даму қылықтарына баға беру» сауалнама алу -педагогтардан «социометрия» алу -сауалнама «өз мамандығының шеберлігін анықтау» -тәрбиешілердің Ұ.О.І.Ә-не қатысып психологиялық тұрғыдан бақылау- жылдың аяғында топтың «даму деңгейін»анықтау -оқу жылдың аяғында «тәрбиешілердің білім деңгейін анықтау» тест -педагогикалық кеңесте ,отырыста балалармен жүргізілген психологиялық зертеу жұмыстармен педагогтарға жыл бойы таныстырып отыру -ата-аналардан алынған сауалнаманың қорытындысымен таныстыру -психологиялық жылдық есеп беру-тұлғаның әлсіз және күшті тұстарын анықтау -жайлы психологиялық микроахуал қалыптастыру.
Жылдық есеп.
Мақсаты:психологтың атқарған жұмыстарына тоқталып,шолу жасап,атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.
2015 оқу жылының жылдық жұмысына есеп берер болсақ, көптеген істердің атқарылғандығы көрсетеді. Қаңтар айынан бастап 6 топпен жұмыс жасадым, оның ішінде зертеу жұмыстар естияр тобымен (3,4,5 жас аралығындағы балалармен)жұмыс жасадым. Балалармен адаптациялық кезеңнен өтуіне байланысты психопрофилактикалық, психодиогностикалық жұмыстар жүргізілді.Балалармен танысып топ тізімін дайындадым.Психологиялық ойын арқылы балалардың әртүрлі ережелерді сақтауға үйрету,балаларды біріктіру өзара сенім жағдайын құру мақсатында коррекциялық түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.
Ақпан айында балалармен жүргізілген жұмыстар ретіне келер болсақ, баланың балабақшаға бейімделуіне байланысты «Балабақша балаға әсер етуі» әдістемесі жүргізіліп, тәрбиешілеріге педагогикалық отырыста ұсыныстар тапсырылды. Жалпы балалардың балабақшаға деген әсері жақсы, достары көп екені анықталды тек қана балабақшаның ойыншықтары аз, балаға жеткіліксіз екені сұрақтар қою барысында көп ұпай жиналды. «Ақбота» тобында Сқақ Ернұр, Цой Вероника, Ақат Ақылжан , «Қарлығаш» тобында Талгабеков Алмаз, Жакуп Кәусар, «Айгөлек» тобында Қали Аружан, «Балдырған» тобында Азынова Мөлдір және т.б балалар анықталды. Психологиялық түзету жұмыстар жүргізгенде балаларға «Артық ұғымның астын сыз», «Суретті есте сақта,боя», «Айырмашылығын тап», «Сиқырлы саусақтар», әдістемелері қолданылып жүргізілді. Қорытындысында есте сақтау деңгейлері әртүрлі орташа,төмен немесе жоғары екендіктері анықталып көрсетіліп отырды.
Балабақша ата-ана байланысын жақсарту мен тәрбиешілердің ата-аналарымен байланысы,қарым-қатынасын анықтау мақсатында балабақшада ата-аналар жиналысы ай сайын ұйымдастырылды.Ақпан айында «Баланың жас шамасына сай даму ерекшеліктері » ақыл-кеңестер берілді, төменгі топтың ата-аналарына «Баланың балабақшаға бейімделуі» туралы яғни үйдегі баланы балабақшаға әкелгенде оңай қабылдау үшін, оған қандай көмек көрсету қажет екенін ата-аналарға әртүрлі психологиялық кеңестер ұсынылды. Жылдың басында балабақшаға деген көзқарасын анықтау мақсатында ата-аналардан сауалнама жүргізіліп, нәтиже шығарылды. Педагогтың,баланың, ата-анасымен қатысуының өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген сүйіспеншілігінен тәрбиешінің қылығы мен талабын шектен тыс субьективті деп кездеседі.Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол педагогке деген көңіл толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған тәрбиешінің немқұрайлығы қосылса, оның нәтижесі балабақшаға деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін. Педагогтармен жүргізілген ақыл кеңестік жұмыстар ретіне келер болсақ, жаңа оқу жылына психологиялық ахуалын жақсарту, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында тренингтер өткізілді.
Қорыта келе, атақты психолог В. Сухомлинский: «Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген сөзі әрбір педагогтардың жүрегінен орын алса, бала тәрбиесіндегі психологиялық таным үрдістерінде ойын технологиясының үлесі одан әрі арта түседі деген сенімдемін.