Внеклассное мероприятие на казахском языке «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік»

1
0
Материал опубликован 19 May 2020 в группе

«Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік»

Мақсаты:

Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу. Жол белгілерін ажырата білу, балалардың жолда жүру ережелері жайында білімдерін бекіту; күнделікті өмірде алған білімін өз бетінше қолдана алуға тәрбиелеу.

Нұсқаушы: Қымбатты балалар! Бүгін жолда жүру ережесіне арналған ойын-ертеңгімізді өткізгелі отырмыз. Көше жүрісінің ережелері туралы әңгімелеп береді.
Адамдар әлі автомобильдерді ойластырмаған кездер болмайды. Ол кезде жұрттың барлығы көшеде атпен және арбамен, кімнің қалай жүргісі келсе, солай жүрді. Осы заманғы қалалардың көшелері жүк және жеңіл машина, автобус, троллейбус, трамвайларға толып кетті. Егер бүгінде жұрттың барлығы жаяу және көлікпен қалай жүргісі келсе, солай жүрсе, көшелерде тәртіпсіздік орнар еді. Осындай жағдайлар болмау үшін, адамдар көше жүрісінің ережелерін - көшелер мен жолдарға арналған заңдарды ойлап тапты.

Машиналар мен жаяу жүргендердің жол қиығындағы жүрісін бағдаршам реттейді. Оның әр түсті жанатын шамы бар. Ол баршаға не істеуді көрсетеді. қызыл жарық жүруге болмайтынын көрсетеді. Сары жарық қазір бағдаршамның өзге жарыққа ауысатынын ескертеді. Жасыл жарық жүруге рұқсат береді.
Қиылыстағы жүрісті бағдаршам емес, реттеуші - полицейлер басқаратын да кез болады. Ол қолының қимылы мен машиналар ағымын тоқтатып, жаяуларды көшеден өтуге шақырады.
Жүргізушілер мен жаяу адамдар өздерінін жолда не күтіп тұрғанын білуі тиіс. Бұл туралы оларға жол белгілері хабарлайды. Олар белгілердің мәнін оңай түсінуге болатынын қарапайым сурет түрінде жасалған. Сақтандыратын - қызыл шеңберлі ұш бұрыш белгісі бар, тыйым салатын белгі - шеңберлер, рұқсат беретін - кез келген пішінді көгілдір белгілер бар.
Мысалы: қызыл шеңберде велосипед болса, велосипед пен жүруге болмайды, егер велосипед көгілдір түсті белгіде болса, онда бұл велосипед пен жүруге болатын жол. Жаяуларға арналған белгілердің барлығы көгілдір түсті болады. Жаяу адамдар көшеден тек сондай белгі бар жерден өтуі тиіс.
Жол жүргенде өзіңе жәрдемдесетін негізгі ережелерді жадымызда сақтауымыз керек.
1. Машина өткеннен кейін ғана жүру керек.
2. Көшеде жаяу жүргіншіге арналған жол немесе жер асты жолынан ғана өт.
3. Жүріс қауіпсіздігіне жүргінші де, жаяу жүргіншіде жауапты!
Осы ережелерді сақтау үшін біз бағдаршамға сүйенеміз

Ойын:«Жүргізушілер»

Ойын шарты:

Алдын ала оңай ойын жолдарының бірнеше нұсқалары дайындалады. Әр жолда бірнеше жол белгілері қойылған. Бұл жол мәселесін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сен көліктің жүргізушісін, саған қоянды ауруханаға апару керек, жанармай құйып, және машина жөндеу керек, машинаның суреті, сенің қай жерде шыққаның және қайда оралу керек екенің білдіреді. Жол ережесін бұзбау үшін қандай ретпен осы барлық пункттарды аралапр шығу керек, ойлан және жауап бер. Содан соң біз екеуміз сенің дұрыс жол тандадың ба, жоқ па соны тексереміз».


Нұсқаушы балаларға ойын ойнатады. «Белгілерді құрастыр және айтып бер».
Ойынның шарты: Балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып құрастырыңдар, содан кейін атап беруіңіз керек.

(Нұсқаушы ортаға белгілерді қояды, түсіндіреді)

- Балалар, бүгін немен таныстық.

- Бағдаршаммен.

- Бағдаршамның неше көзі бар?

- Үш көзі бар.

- Қандай-қандай түсті шамдар?

- Қызыл, сары, жасыл.

- Көшелерден белгіге қарамай жүгіріп өтуге бола ма?

- Жоқ.

- Ал, көшенің қай жерімен өтуге болады?

- Ала сызықты жерінен.

Нұсқаушы балаларға сұрақ қояды.

- Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
- Жиек жолмен жүреміз.
- Жиек жол болмағанда ше?
- Жер асты жолымен.
- Жолдың қай жағымен жүру керек?
- Оң қол жақпен жүреміз.
- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
- Аялдамадан отырамыз.

Балалар қазір біз «Бағдаршам» ойынын ойнаймыз. (Ойын ережесін түсіндіреді)

Тамаша, ал енді қоштасуымыз керек. Сау болындар балалар.





в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментарии на этой странице отключены автором.