Внеклассное мероприятие «Алхимиктер»
Сайыстың тақырыбы: «Алхимиктер» сыныптан тіс іс-шара.
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы алғыр және тапқыр оқушыны анықтау.
Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау-қабілетін арттыру.
Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалды сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сайыс кезеңдері:
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар оқушылар! «Алхимиктер» атты сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі жастар – елеміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным қызығушылықтарын дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, таным қызығушылығын дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын интеллектуалды ойынды бастаймыз. Сайысқа қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болып, ортаға шақырайық. Оқушыларды «Алтын», «Күміс» топтарға бөлінеді.
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныс болығыздар:
Сайыс кезеңдеріменттаныстырып өтейін:
І кезең: «Командаларды таныстыру»
ІІ кезең: «Сұрақ-жауап»
ІІІ кезең: «Сиқырлы сандар»
ІV кезең: «Жұмбақтар сыры»
V – кезең: «Химия ғажайыптар әлемі»
Сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық.
І кезең – «КОМАНДАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРУ»
Әр топ топ өз командасын таныстырады. Топқа берілген аты мен шығу тарихын түсіндіреді. Жақсы түсіндірген топқа 30 ұпай беріледі.
ІІ кезең – «СҰРАҚ-ЖАУАП»
Бұл кезеңге әр топқа 5 сұрақ қойылады, жауап беруге 5 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпаймен бағаланады.
І топ
Қай элемент ертерек күннен, кейін жерден табылған? (Не)
Оттектің салыстырмалы атомдық массасы (16)
Ежелгі грек ертегісіндегі батырдың атына сәйкес келетін элемент (тантал)
Оттегінің аллотропиялық түр өзегрісі (азон)
Алғаш рет химиктер оны көк аспан аспан ауасы, өмірдің негізі ауасы деп атаған, ал қазір біз оны қалай атаймыз? (оттек)
ІІ топ
Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (коэффициент)
Перодтық жүйе неше топтан тұрады? (8)
Сүйекті қаптайтын элемент (кальций)
14000С және 58 атмосфера қысымда ауа өзгеріске ұшырай ма, қандай? (сұйылады)
Екі газден тұратын ең қажетті сұйық зат (су)
ІІІ кезең - «Сиқырлы сандар»
Бұл кезеңде екі топқа жылдар жасырылады, оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады.
1669 жыл(Х. Бранд фосфорды ашты)
1785 жыл(озон газы анықталды)
1911ж(Э.Резерфорд атом құрылысының «планетарлық»моделін ұсынды)
1869жыл(Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі ашылды)
1772 жыл(швед ғалымы К. Шелле оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді)
1776 жыл (ағылшын ғалымы Г. Кавендиш (сутекті алды)
ІV кезең – «Жұмбақтар сыры»
Химияны оқу парыз әркімге
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияны оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Бұл кезде оқушыларға химия пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады.
«Алтын» тобына
А) Өзім газбын, менімен демаласың
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың(оттек)
Б) Шыдасаң да алты алты күн ассыз мүлде
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге(су)
В) Машина мен трактордың шикізаты
Қара металлургияның негігі наны(темір)
«Күміс» тобына
А) Ең жеңіл элемент саналады
Периодтық жүйе осыдан басталады(суттегі)
Б)Ол болмаса астың дәмі кірмейді
Кім бар екен әлемде оны білмейтін(тұз)
В) Өзі ауыр металға жатады
Балалар осы металл құйған сақамен алады(қорғасын)
V – кезең. «Химия ғажайыптар әлемі»
Химия әлемі – қызықты әрі тартымды
Өз сырымен химия қызықтырар әркімді
Оқысаңдар ғылымға көз ашып
Танысыңдар табиғаттың ғажабын - деп
Химиялық қызықты тәжірибелерді тамашалаңыздар.
Бұл кезде әр топ өздері дайындаған тәжірибелерін көрсетеді.
Қорытынды: Сонымен бүгінгі «Алхимиктер» сайысымыз өз мәресіне жетті.
Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз.
Алда әлі де биік – биіек асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!