М. Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы (3 том)
БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары
VII Бөлім. Ғасырлық туынды М. Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы 3 -том (сабақ тақырыбы) Пән атауы: Қазақ әдебиеті.
Дайындаған педагог: Акишева Заурет Исаевна.
2022 жылғы « » ______04______
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ: МГ-311.1қ, ТЖ-118.1қ, ТЖ-115.1қ, СТ-611.1қ
Сабақ типі: Дәстүрлі.
2. Оқыту мақсаты: Көркем шығарманың тілдік ерекшелігіне талдау жасау, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтармен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты)
(құндылықтарды игерту).
Жалпы адамзаттық құндылықтар:
адамгершілік, мейірімділік, әділдік, отбасы тұтастығы, заман тыныштығы.
Еліміздің құндылықтары;
рухани жаңғыру. Бағалау критерийлері:
1) «Абай жолы» роман-эпопеясындағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды; 2) Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды, картотека жасайды; 1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану; Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер, бейнероликтер, аудио, видео құрылғылар.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар: Презентация.
https://www.youtube.com/watch?v=kwRigdqAKNM (10:27-12:07)
https://youtu.be/D9dl2KLNEog Абай. 1 желі (часть 1) (14.14 – 17.55), (24.24 – 25.20).
4. Сабақтың барысы
Сабақтың басы (35 мин)
Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
Білу; Түсіну.
Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. а) Үйге берілген тапсырмалар сұралады.
Қызығушылықты ояту «Көңілді доп» Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім оқушының қолына доп ұсынады. Допты бірінші алған оқушы «Қайтқанда», «Шытырманда» бөлімдері бойынша ең маңызды оқиғасын сипаттап айтады. Допты келесі оқушыға лақтырады. Осылайша әр оқушы бөлімнің маңызды оқиғаларын мазмұндап айтады. Сандар арқылы студенттер үш топқа бөлінеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Сабақтың ортасы: (40 мин) Қолдану; Талдау. Мағынаны тану кезеңі. 1-тапсырма.
https://www.youtube.com/watch?v=kwRigdqAKNM (10:27-12:07)
https://youtu.be/D9dl2KLNEog Абай. 1 желі (часть 1) (14.14 – 17.55), (24.24 – 25.20).аралығын тыңдап, ұлттық құндылықты анықтау тапсырылады.
2-тапсырма. «Тарауда», «Биікте» бөлімдері.
Ұлттық құндылық |
Дәлел (шығармадан) |
|
|
3-тапсырма. «Сюжеттер картасы»
Тарау бойынша маңызды 4 сюжеттің картасын (сурет, сызба) сызыңыз. Бір сюжетті таңдап, оның неліктен маңызды екендігін дәлелдеңіз. Осы сюжетте қандай құндылықтар көрініс тапқан? Талдаңыздар.
2-топ Тараудағы басты оқиғалар мен оларға қатысты кейіпкерлерді жазыңыз.
Р/с |
Тараудағы басты оқиғалар |
Құндылықтар |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
4 |
|
|
5 |
|
|
6 |
|
|
3-топ
Тараудағы маңызды құндылықты анықтап, оның маңыздылығын ПОПС формуласы арқылы талдап айтыңыздар.
«ПОПС» формуласы
Бірінші сөйлем: «Біздің ойымызша ...»
Екінші сөйлем: «Себебі, біз оны былай түсіндіреміз …»
Үшінші сөйлем: «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз…»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік ....».
Студенттер топта жұмыс жасайды, жұмысты аяқтаған соң топ алдында қорғайды.
Студенттер бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
«Құндылықтар себеті»
Топпен ақылдасып, себет ішіндегі құндылық туралы жазылған қағаздардың бірін таңдаңыздар.Тараудағы көрініс табуына талдау жасап, шығармадан 3 түрлі дәлел келтіріп, құндылық болып танылуы/танылмауына қатысты өзіндік тұжырым жасаңыздар. Қандай ғаламдық шығармаларда осы құндылық көрініс тапқан байланыстырып айтыңыз.
4-тапсырма. «Венн диаграммасымен» салыстыру жасаңыздар. Көркем шығармадағы заман көрінісі Қазіргі заман көрінісі
Дескриптор:
«Көңілді доп» ойыны бойынша әр оқушы бөлімнің маңызды оқиғаларын мазмұндап айтады;
Бейнебаянды тыңдап, ұлттық құндылықты анықтайды;
Дәлел келтіреді;
Бір сюжетті таңдап, оның неліктен маңызды екендігін дәлелдейді.
Тараудағы басты оқиғалар мен оларға қатысты кейіпкерлерді жазады.
Тараудағы маңызды құндылықты анықтап, оның маңыздылығын ПОПС формуласы арқылы талдап айтайды.
«Құндылықтар себеті» кестесі бойынша ғаламдық шығармаларда осы құндылық көрініс тапқаны жөнінде байланыстырып айтады.
Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырады, бағалайды. Бағалау Бағалау критерийлері арқылы оқушы жұмыстары бағаланады
Әр топтан бір спикер шығып, өз ойларын ортаға салады.
Студенттер айтылған пікірді «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды
«Бағдаршам» әдісі
Жасыл түс – бәрі түсінікті
Сары түс – сұрағым бар
Қызыл түс – толық ашылмады, толықтыру керек.
Топтық жұмысты қорғау
Бағалау.
Кері байланыс:
Бөлімді оқуда сіз Абайдың бойындағы қандай қасиетті байқадыңыз? Оған мысал келтіріңіз.
Сіз Абайдың бойындағы қасиетті өз бойыңызда дамыту үшін не істеуіңіз керек деп ойлайсыз?
Құнанбайдың бойынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз?
Қазақстанда 18-ғасырдағы тарихи қандай оқиғалар орын алды?
Билікті асыра пайдаланудың қазіргі кезде кездесетін қандай түрлерін атар едіңіз?
Дескриптор:
Жауаптарын аргументтейді. Өзінің ойын көркемдеп, керекті мәліметтермен толықтыра сөйлеген студенттерге «ЖАРАЙСЫҢ», «КЕРЕМЕТ» деген марапат сөздер тағылады. Сабақтың соңы (10 мин)
Рефлексия «Шығу билеті» әдісі.
Мақсаты: Сабақ барысындағы жұмысын бағалау.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріп жазыңыз.
Бүгінгі сабақта маған не қызықты болды?
Бүгінгі сабақта маған не қиын болды?
Бүгінгі сабақта маған не оңай болды?
Үй тапсырмасы: (5 мин)
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 3, 4-кітабын оқу.