М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы. «Абай жолы» роман-эпопеясы

0
0
Материал опубликован 25 May 2023

БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК

Сабақ жоспары

VII Бөлім. Ғасырлық туынды. М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы. «Абай жолы» роман-эпопеясы. Пән атауы: Қазақ әдебиеті.

Дайындаған педагог: Акишева Заурет Исаевна.

2023 жылғы « » ______03______

1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ:

Сабақ түрі: теория .

2. Оқыту мақсаты: «Абай жолы» роман-эпопеясына сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін айқындау .

Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты)

(құндылықтарды игерту).

Жалпыадамзаттық құндылықтар:

адамгершілік, мейірімділік, әділдік, отбасы тұтастығы, заман тыныштығы.

Еліміздің құндылықтары;

рухани жаңғыру. Бағалау критерийлері:

1) Көркем шығармадағы Абай бейнесін даралап көрсетеді;

2) «Абай жолы» арқылы ақындар бейнесін жинақтап көрсетеді;

3) Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады. 1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану; Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз. 3. Сабақты жабдықтау. 3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер, бейнероликтер, аудио, видео құрылғылар. 3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар: Презентация.

https://youtu.be/D9dl2KLNEog Абай. 1 желі (часть 1) https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D1%8B_(%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%BD)

 

4. Сабақтың барысы

Сабақтың басы (35 мин)

Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Білу; Түсіну.

Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. а) Үйге берілген тапсырмалар сұралады. Лира Қоныс «Тиын» әңгімесі

Қызығушылықты ояту «Суреттер галереясы» әдісі.

Абай мен М.Әуезов арасындағы байланысты табады.

/Абай мен М.Әуезов портреттері, «Абай жолы» романының 4 кітабы/


t1685023694aa.jpgt1685023694ab.jpgt1685023694ac.jpg

«Абай жолы» романы туралы айтылған пікірлерге талдау жасау.

«М. Әуезовтің « Абайы» - бұл нағыз роман, басқаша айтқанда, өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құштарлықтың махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған және , ең бастысы,есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап.Бұл романды мен соншалықты рахаттанып аудардым. Образдарының бедерлілігі мен әсемдігі, тілінің айқындығы мен бояуы терең поэтикалық сезім – осының бәрі қажетті сөздерді сарыла, сарғая іздеуге мәжбүр ете тұрса да, қуанышты болды; мені тағдыры өзіме көптеп жақын да қымбат болып кеткен қазақ әдебиетіне деген мақтаныш сезімі билеп алды. Леонид Соболев

Мен оның, (Мұхтар Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман – «Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен өрен ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын. Луи Арогон

«Мен қазақтар туралы бұрын ешқашан естіген емеспін.
Ал енді жуырда ғана Мұхтар Әуезовтің ағылшын тіліне аударылған ғажайып кітабын оқып шыққаннан кейін бұл халықты білетін болдым. Мен шын көңіліммен сіздердің бақытты халқыңызға қызығамын».

Бенжамен Матип

«Жазушы және филолог Мұхтар Әуезов тамаша кітап жазумен қатар, бізге белгісіз жаңа әлемді ашты...».

Герберт Кремпиен

«Мен Абай жолын» төртінші рет қайталап оқығанымда ғана барып түсіндім»

Ғабит Мүсірепов

Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.

Қалайша бас имессің оған, сірә!

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Сабақтың ортасы: (40 мин) Қолдану; Талдау. Мағынаны тану кезеңі.

«Абай жолы» романының жазылу тарихына тоқталу. /презентация/

1-кітаптың бөлім атауларына тоқталу

«Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген - әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл - үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл - Құнанбайдың да баспалдақтары.

1-тапсырма.

«Қайтқанда» тарауының 1-бөлімі бойынша шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына «Цицерон» тәсілімен талдау жасау.

7 6

t1685023694ad.gif5

4


3


2

1

Жұп өзара жазғандарын оқи отыра, тарау мазмұнын еске түсіреді.

Есембай жырасындағы бала Абайдың қылығы

Елге деген сағыныш

Әке сынағы

Сағына қауышқан Абай мен аналары

Үлкендер жиынына алғаш қатысқан Абай

Дескриптор:

әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды.

Мұғалімнің бағалауы.

2-тапсырма.

Топтық жұмыс

Берілген үзінділерден шығармадағы көтерілген ғаламдық мәселелерді, көтерілген ұлттық мәселелерді анықтау.

«...Осы қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады. Неге қалатынын әжесіне де айтпайды. Жалғыз-ақ кеш батып, қораға мал келетін уақыт тақалғанда, кіші шешесі Айғыздың үйіне барып, мына кішкене қарындасы Кәмшатты көтеріп, еркелетіп ойнап жүреді де, ақырында әжесіне әкеп береді...» Абайдың әжесімен оңаша қалуы және Кәмшатты әжесіне алып келуінің сыры неде?

«...- Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі де күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айырылма!- деді.» Анасының сөзінен Абай не түйді? Айтылған ақылдың Абай әрекетіне қатысы болды ма?

«... Кішіреймейсің, кешірім етесің. Ақ көңілің мүлде ағарсын. Мұның да бір Құнанбайлығың болсын. «Игі жұмыс үстінде кірбеңнен арылам» дегенің болсын. Ана Бөжей ағайыныңды жау қып жатқа жіберме!.. Бауыр қып қасыңа тарт, татуласшы осы!- деді». Алшынбайдың ақылы Құнанбай беделін ойлауы ма, әлде туысқандар арасындағы татулықты орнатуға бағытталған ба?

«- Тынымы да өзгешелеу болды білем... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болысыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сүйтіп, иістерің аралассын!- десті.». Алшынбай шешімі Абайға қалай әсер етті? Қабылданған шешімге көзқарасыңыз қандай?

Дескриптор:

әдеби шығармадағы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсінеді;

үзінділерді түсініп оқиды.

3-тапсырма.

Мақсаты: «Шытырманда» бөлімінің жанрлық ерекшелігін талдау;

Нұсқаулық: кестедегі үзінді бойынша кейіпкерді сомдау тәсілдерін көрсетіп, мағынасын ашыңыз;

Кейіпкер

Шығармадан үзінді

Үзіндінің атқаратын қызметі

1

Абай

1. Содан әрi мұның қолына түскен әрбiр қалың кiтап соншалық бiр қатты сағынып жолыққан ыстық қымбат досы тәрiздi болды. Ғабитхан да кiтап оқығыш болатын. Соның кiтаптарының iшiнен өзiн қызықтырған көп-көп асыл бұйымдар тапты. Мұнда Абулқасым Туси-Фердауси, Низами, Фзули, Науаи, Бабырлар бар. «Жәмшид», «Сеидбатталғази», «Мыңбiртүн», Табары жазған тарих, «Жүсiп-зылихалар», «Ләйлi-мәжнүндер», «Көрұғлы» сияқты хикая дастандар да бар. Абайдың бас алмай оқығандары осылар.

2. – Оны бiлген көрiнедi. Бiрақ тегiнде, меншiк бар да, келiсiм бар ғой, ақсақал. Даусыз иесi Борсақ едi. Соның меншiгi едi. Құлыншақ иелiк жөнiмен емес, келiсiм ретiмен үлес алып келген едi. Келiссе. Ақпердiмен де соны iстер. Тек, меншiк Ақпердiнiкi екенiн ойласын дедi.

3. Құлыншақ мына баланың жаңағы сөздерге iлеспегенiн түсiндi де, iшiнен. «Байыпты бала-ау өзi. Салмақ бар ғой. Сыр ашпайын деп отырғанын қарашы. Бұған да үйреткен екен"...– деп ойлады.


2

Зере

Зере Абайдың кiтапқа берген ықласын байқап, бiр күнi кешке:

Қарағым, осының ақыл. Iшкен менен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айрылма!


3

Айғыз

Түсiне ашу, көзiне жас толған Айғыз, дiрiлдеген үнменен:

Қарашығым, балапаным-ай, сормаңдай жетiмегiм-ай! Не қарғысқа ұшырап туып ең?– дей берiп едi, Құнанбай сол қолын шұғыл көтерiп қап:"доғар!" дегендей ишарат қылды. Қарғыс шарпуынан бетiн қорғаған сияқты қозғалыс. Мұның әмiрiнен жасқанып өскен Айғыз саябырлап қалды. Бiрақ сыбырлап сөйлеп, тұншыға жылады.


4

Ғабитхан

Ғабитхан мен Абай екеуі маңайда кітабы бар молда сүрей, кәріден, шала сопылардан бірен-саран кітап тапқызып алысты. Тағы бір кезде Ғабитхан әдейілеп тұрып, Қарашоқыға, Күнкенің аулына барып, екі қоржын басы кітап әкелді.


5

Ұлжан

Бiрақ Абайдың қасында отырған Ұлжан жаулығының ұшымен көзiн сүртiп:

Өртенсең де, үндемей өртен дегенi ме? Кәмшатты ойласа, бүгiн емес, көптен күңiренедi бұл жандар. Кiмге айтады? Қайда айтады?– дедi.


6

Құнанбай

1. Биiк төсектiң алдында бар жиыннан иығы асып, ақ көйлегiнiң омырауын ашып тастап, төс жүнiн көрсетiңкiреп әкесi отыр.

2. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып саңқ етiп: –"Уай, Көкше, не оттап отырсың өзiң?" деп Қаратайға қадала түсiп: – мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкiп алысып жүремiз онымен?"– дедi. Соған Қаратай iле жауап берiп: – "Уәй тәйiр-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мiн тауып алысып жүрмiн бе? Жалғыз-ақ "не қылайыны" жоқ қой, сондықтан кетiп жүргем жоқ па?" дедi.


7

Қарабас

Бұл жөнiнде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп бiлiм бар екен.


8

Құлыншақ

Абай ар жағынан байқап кеп, Құлыншақтың ойы: "Бөкеншi, Борсақтан жер олжа қылмадым" деген арман екенiн бiлдi. Соны ұғынумен қатар, жерден басқаны, жемнен басқаны тыңдағысы келмеген Құлыншаққа iшiнен наразы боп аттанды.


9

Сүйіндік

1. Сүйiндiктiң аппақ үлкен үйi жылы екен, iшi тола тiрелген жүк, буулы тең менен сандықтар. Оның ар жағы екi босағаға шейiн текемет, алаша, тұскиiзбен қоршалыпты. Саптама мен тиiн iшiктi әлi тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. Биылғы көктемде алғашқы рет киiз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бiр жеңiл салқындық, кең тыныс бар.

2. Қонақасыға әрқашан аса мырза аталған Сүйiндiк үйi бүгiн де еттi келiстiрiп асқан екен. Қарабастың өткiр сары пышағы қыстан қалған семiз жаяны да, алтындай сары уiлдiрiктi де лып-лып сызып, жапырақтап жатыр. Жалғыз сүр емес, сары ала қып асқан екен. Қыс бойы бордаққа байлаған, жаңада сойылған қойдың жас сүбелерi де бар екен. Бапты қып жемек болған семiз қойды жай сойғызбай, үйiткiзiп алыпты. Жас ет, үйiткен қойдың етi болғанда, мына табаққа тағы да өзгеше дәм бiтiрiп, нәр бердi.

3. Мынау отырған төрт досының iшiнде сыр берiп жылаған – жалғыз Сүйiндiк.


10

Сүйіндіктің бәйбішесі

Әй, бiлмеймiн! Ауыл-аймағымен тегiс-ақ:" айыпқа берген қыз ғой. Малын қимай, жанын қиды ғой айыпқа!" десiп, жаман сөздер сөйледi деп есiттiм ғой. Жас баланы жылатқандары бекерлiк болған ғой өзi. Не десе де iштен шықпап па едi? Айғыз бишарада не сүлдер жүр дейсiң?– деп, бәйбiше өз-өзiнен босаңсып барып, жылап жiбердi. Екi көзi жасқа толып, қып-қызыл боп, үндемей, мұңайып қалды. Анда-санда күрсiне түсiп, тамсанып қояды.

Абайға бұл ананың мейрiмi тiптi бiр қымбат адамшылық, шын рақымшылық боп танылды.


11

Тоғжан

Үнсiз бейiл белгiсiндей үлкен iлтипат жасады. Бiрақ бары сол ғана. "Шын-ақ бары сол ма? "Әлде, тiптi, бар қонаққа iстейтiн дағдылы сыйлық сияқты ма? Сол ғой! Үлкен үйдiң есiгiне жеткенше Тоғжан ақырын басып, келiншектi ертiп кетiп барады. Қайта бұрылмайды.

Дәл шығар жерде ғана, өзiнен бұрын есiк ашқан келiншектi iлгерi шығарып жiберiп, өзi бiр түрлi сұлу қозғалыспен сырт айнала берiп, төрге таман ақырғы рет бетiн берiп, үй iшiнен сыртымен шықты.


12

Бөжейдің бәйбішесі

Бар сөзi басқа ұрғандай ап-анық шығып жатқан Бөжейдiң бәйбiшесiнiң даусы.

Ырылдатпа! Ырылдатпашы анау көзiң ойылғыр жетiмектi!- деп, зекiп тастап, долы бәйбiше есiкке қарады.


13

Ербол

Келгенiнде күлiп келгенi сияқты, кетерiнде де күле қоштасып айрылды. Абай бұның сол көңiлдiлiгiне қызыға қарап қалды.


14

Байдалы

Байдалы кiрпiк қақпай, шұғыл ойланып, үнсiз отырып, ақырында:

Құп болсын! Қонсын Сүгiр мен Сүйiндiк, не деушi едiм!– дедi.

Қайратты, шапшаң ер адамның байлауы сияқты. Езбедi. Жақтырмаса да, күйiп отырса да, амалсыз байлауын бiр-ақ кесiп, бiр-ақ түйдi.


15

Майбасар

Жұрттың бәрi көшiп, сонау Көкшетауға барып, ұлы дүбiр мереке жасады ғой. Сонда Бөжей мен Майбасар келiспей қапты. Майбасар старшын. Жуантаяқтың бiр ұрылары Наймандағы Бөжейдiң нағашыларына барып, көп жылқысын әкеп, қырып тастапты. Соның қуғыншысы келiп, Бөжейге: "есемдi әпер!" дейдi ғой. Бөжей Майбасарға асылады. "Ақылдастыр, малын әпер!"- дейдi. Соған Майбасар:" сандалып, не айтып жүрсiң?" деп, ренжiтiп тастайды. Бөжей өкпесiнiң басы осы едi ғой.


Дескриптор:

15 кейіпкердің сомдау тәсілдерін көрсетеді;

15 кейіпкердің мінезін көрсетеді.

Топтық жұмысты қорғау

Бағалау.

Кері байланыс:

«Шытырманда» бөлімі негізінде роман-эпопеяның қандай жанрлық ерекшеліктерін атар едіңіз? (Драмалық жанрлардың драма, трагедия, комедия сияқты тарихи қалыптасқан ірі 3 түрі бар).

Бөлімді оқуда сіз Абайдың бойындағы қандай қасиетті байқадыңыз? Оған мысал келтіріңіз.

Сіз Абайдың бойындағы қасиетті өз бойыңызда дамыту үшін не істеуіңіз керек деп ойлайсыз?

Құнанбайдың бойынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз?

Құнанбайдың өзге рулардан қоныстарын алып қоюы бойынша өзіңізге қандай ой түйдіңіз?

Не себептен Құнанбай руластарымен жер үшін таласты?

Қазақстанда 18-ғасырдағы тарихи қандай оқиғалар орын алды?

Билікті асыра пайдаланудың қазіргі кезде кездесетін қандай түрлерін атар едіңіз?

Жалпы биліктің негізгі мақсаты не деп ойлайсыз?

Дескриптор:

Жауаптарын аргументтейді. Өзінің ойын көркемдеп, керекті мәліметтермен толықтыра сөйлеген студенттерге «ЖАРАЙСЫҢ», «КЕРЕМЕТ» деген марапат сөздер тағылады. Сабақтың соңы (10 мин)

Рефлексия

«Шығарға билет» әдісі.

Мақсаты: Сабақ барысындағы жұмысын бағалау.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп жазыңыз.

Бүгінгі сабақта маған не қызықты болды?

Бүгінгі сабақта маған не қиын болды?

Бүгінгі сабақта маған не оңай болды?

Үй тапсырмасы: (5 мин)

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1, 2 -кітабын оқу.

[8] 110-128 беттер, 116 бет, 1,-тап. 123 бет, 1,-тап. [28] 112-114 беттер.

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.