Шығармашылық»/Тақырыбы: Сәндік мүсіндеу. «Үйрек»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№21 технологиялық картасы
Өткізген:Кузеубаева Ж.Ж.
Өткізу мерзімі: 01.02.2021ж.
Топтың жас ерекшілігі: № 10 мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Сәндік мүсіндеу. «Үйрек»
Мақсаты: Бейнелілік бейнені жасау үшін мүсіндеудің таныс тәсілдерін (созу, жымқыру, саусақтармен тегістеу) қолдану іскерліктерін қалыптастыру.
Міндеттері: БМ: Балаларды үйректі тән ерекшелік-терін көрсетіп мүсіндеуді үйрету: сопақша дене кішкентай құйрықпен, ұзын мойын және кішкентай басы тұмсықпен; затты соғумен безендіру іскерліктерін, қанаттарында әдемі өрнекті салу іскерліктерін бекіту.
ДМ: Шығармашылықтарын, қиялда-рын, көркемдік талғамдарын дамыту.
ТМ: Шыдамдылыққа, мүсіндеу сабақ-тарына деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Қолданатын құрал – жабдық: үйректің балапандарымен тұрған суреті
Сөздік жұмыс: үйректің балапаны, күркетауық.
Қөптілдік компонент: үйрек-утка- duck, үй құстары-домашние птицы- poultry.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтың іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері: -балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер, сондай көңілдісіңдер. Ендеше күніміз көңілді, достықта өтсін деп, бір-бірімізбен қол ұстасып шаттық шеңберін құрып, көңіліді күйімізді сыйлайық. Арайланып таң атты. Күн шуағын таратты Қайырлы таң, қайырлы күн! Қайырлы күн, достарым! Жылуыма жылу қос, Бәріміз болайық дос! | Балалар қимыл көрсете отырып шаттық шеңберін орындайды. |
Ұйымдас-тырушылық-ізденістік | Жұмбақ жасыру арқылы тақтада жасырылып тұрған суретті табады. Жұмбақ: Табаны бейне алақан, Мынау қандай балапан. -Үйрек үй құсы ма, әлде дала құсы ма? - тағы қандай үй құстарын білесіңдер? -Олардың пайдасы қандай? -Бұлар немен қоректенеді? - Үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады.Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем суларын береді. Балалардың назарын суреттегі үйректерге аударады. -Балалар қарадаршы, мына үйректер қандай әдемі! Кәне, санайықшы қанша үйрек бар екен? Үйректің балапаны көп пе әлде аз ба? Енді осы үйректің балапанын тағы да көбейтейік. Ол үшін біз ермексаздан үйректер мүсіндейміз. -Үйректің түсі қандай? - Ендеше сары түсті ермексазды аламыз. Балаларға көмектесіп жеке жұмыс жүргізеді - Ол үшін ермексазды үлкен және кіші екі бөлікке бөлеміз. Кіші бөлігінен – басын домалатып домалақ жасаймыз. (көрсету) - Үлкен бөлігінен – денесін сопақша етіп жасау үшін домалатып, алақанға салып басамыз, ал құйрығын бармақпен шымшып созамыз. Сергіту сәті: Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды. Құстарға ұсайық, Қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат, Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап. -Енді, қызыл түсті ермексазбен аяғымен тұмсыған жасайық. Осылады үйректің денесіне қосамыз. | -Үйрек. -Үй құсына жатады. - Үй құстары: әтеш, тауық, қаз үйрек, күркетауық. Жұмыртқасын, етін адамдар жейді. Жүнінен жастық көрпе жасайды. Балалар үйректерды санайды. Сұрақтарға жауап береді. Балалар көрсетуімен үлгу суретке қарай отырып, үйректі мүсіндейді. Өлең мазмұнына сәйкес қимыл жасайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Бал-ң жұмыстарын жинап, өз қолдарымен жасаған еңбектерін салыстырып, балаларды мақтау арқылы, оқу іс-әрекетін аяқтау. | Балалар өздерінің жасаған үйректері туралы айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй құстары туралы қарапайым мәліметтерді;
Игереді: Құстардың ерекшеліктерін келтіре отырыпмүсіндеуді;
Меңгереді: құстарға қамқор болу керектігін.
Ескерту:
Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар: