«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Абай Құнанбаев атындағы № 5 мектеп-гимназия
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
5 «Ә» сыныбы
Орындаған: Елуқызы А
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Барысы: «Желтоқсан желі» өлеңінің бейнебаяндамасы. Слайд тақтада.
1 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Әнұран орындалады.
1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
1 - жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
Би.
2 - жүргізуші;
Қадірлі қауым, тарихтың ойлы - қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болады. Қазақ халқы үшін осындай оқиғалардың бірі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
1 – жүргізуші: Иә, күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы Қазақ топырағына ұлттық санасы, намысы жетелеген жаңа, әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 1986 жылы 17 - желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген ұранмен шеруге шықты.
2 – жүргізуші: Жастарға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға: «Бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды. 1986 жылы 19 - желтоқсан күні Қазақстанды басқарып келген Дінмұхаммед Қонаевтың орнына Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ Генадий Колбинді қойған еді. Қонаевтың орнынан алып тасталу себебін білгісі келген қазақ жастары, оқу орындарының студенттері алаңға шықты. Ширек ғасыр Қазақстанды басқарған ел ағасының өз орнына қайта келуін талап етті.
Еркіндіккеи Желтоқсаным бастады,
Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады.
86 жаңғырығы жар салып,
Тәуелсіздік ұлы ұранын тастады.
Елемепті қысқы ызғар суықты,
Өне бойын жастардың қан жуыпты.
Қайрат, Ләззат жас қырандар аяулы
Өз халқының бағы болып туыпты.
Жиырма бір жыл Тәуелсіздік туғалы,
Қазақ елі бірлікке бел буғалы.
Жиырма бір жыл Қазақстан халқының
Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны.
Сахналық көрініс.
(Сахнада ұрандар жазылған плакаттар көтерген жастар «Менің Қазақстаным» әнін шырқап шығады. Қыз бен жігіт топтан бөлініп шығады, жұртқа қарап сөйлейді.)
Жігіт: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Кешегі Абайдың айтып кеткен аңғалдығынан әлі де арылмағансың ба, халқым - ау?! Елдігің қайда, бірлігің қайдаұл - қызың қайда, қазағым? Қалың ұйқыдан қашан оянасың, басыңды қашан көтеріп, еңсеңді қашан түзейсің, елім - ау?!
Қыз: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген...
Көз алдыңдағы қилы - қилы халіңді неге көрмейсің, жерің тозды, саның азайды, тілің күрмелді. Мәңгүртке айналған ұрпағыңның болашағына неге алаңдамайсың, аңқау қазағым?! Ата - бабаңның жерінде, атамекен еліңде жүріп өз билігіңнің өз қолыңнан кеткені ме, Елім?!
(Сахнаның екінші жағынан солдаттар шығып жастарды қоршайды)
Әскер: Кәне, тоқтатыңдар ереуілді! Қарай көр өздерін, абайшыл, қазақшыл бола қалғандарын! Мына комедияны дереу доғарып, тез тараңдар!
Қыз: Ағай, бүкіл халықтың тағдырын ойыншық ету де комедия ма? Жо - жоқ, бұл трагедия.
Әскер: Әй, қаршадайынан қағынған қазақшыл қарындас! Кәне, түс алдыға, көзіңе көк шыбын үймелетейік! ( қыздың қолын қайыра бастайды)
Жігіт: Үйретілген иттей арсылдаған ағасымақ, қай атаңнан көріпең қызға қол жұмсағанды, тарт қанға боялған қолыңды!
Әскер: ә, солай ма, тарт ендеше сазайыңды!
(Солдаттар жастар тобын ұрып, сахнадан шығып кетеді)
Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңі оқылады.
2 – жүргізуші: Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтарды 1 минут еске алып, олардың рухтарына тағзым ету біздің парызымыз.
(1 минут үнсіздік).
1 - оқушы:
Көтерілді жастарымыз алаңға,
Көтерілді студент қыз, балаң да.
Қан төгілді намысы үшін қазақтың,
Ерліктері жайылды кең ғаламға.
Қаһарманын ұмытпайды халықтар,
Өткен күнді тарихымыз анықтар.
Ерлігіңе тағзым еттім қашанда,
Тәуелсіздік алып берген алыптар!
2 - оқушы:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың,
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пен Сабира,
Құрбаны болған жаланың.
Желтоқсан - жастық, қазбалап тегін сұрама
Анартау тектес атылмай бір күн тұра ма?
Осылай халқым созылған тура үш ғасыр
Ойланып бітті драма.
Желтоқсан – Жеңіс, Желтоқсан - Ұлы жаңалық,
Нохат деп, оны нәубетке қойған саналық.
Жәнібек, Бұқар, Абылайдан қалған бар болсын,
Азаттық. Елдік. Даналық.
3 - оқушы:
Ашу - ыза қайнауының жетті болар шегіне,
Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне.
Мың тоғыз жүз сексен алты боялды жастар қанымен,
Желтоқсанның он алтысы есте жастар қанымен,
Алматының алаңына бар студенттер жиналды,
Ақсақалы қазағымның амал таппай қиналды.
Қырылды жастар, аямай ұрды ұл - қызына қарамай,
Апарып шықты абақтыға ешқайсысын аямай.
4 - оқушы:
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді ерлігі,
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
Қайрат сынды қазағымның ұлдары,
Ләззат нәзік жандар теңдігі,
Қарсы шықты жауыздарға тайсалмай,
Басын қорғап, бұқпантайлап тұрмады.
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралан.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Ел басы боп сайланды да Нұрағам.
2 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Қазақстаным» Орындайтын
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
1 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі - дей келе, бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті.
1 - жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.