Учебный план «Мен-өз елімнің патриотымын атты сынып сағаты»
Тақырыбы: «Мен - өз елімнің патриотымын»
Мақсаты:
1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Халқымыздың салт-
дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру.
2. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие арқылы жастардың бойында жоғары патриоттық сананы дамыту.
3. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сынып сағаты
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтастыру, түсіндіру, талдау, жинақтау, шығармашылық тапсырмалар
Көрнекіліктері: Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар, Қазақстан Республикасының картасы (физикалық, саяси) Қазақстан экономикасының әртүрлі саласына үлес қосқан атақты адамдардың суреттері және т.б. «Astana EXPO – 2017 ғимараты». Патриотизм, Отан туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл туралы, еңбек туралы мақал-мәтелдер және т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық даярлық:
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен - өз Отанымның патриотымын!» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. ПАТРИОТ - өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін атап өту маңызды.
ПАТРИОТИЗМ ген арқылы қаланбайды, бұл - жеке тұлға, азамат, патриот ретінде өзін-өзі білдіру, мемлекет өміріне белсене қатысу арқылы барлық қоршаған ортамен қалыптасатын әлеуметтік сапа.
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім? - Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? Биыл Астана қаласында Экспо көрмесі өтіп жатыр.
ЭКСПО көрмесі туралы айтып өту (бейнежазба көрсету)
ІІ. Негізгі бөлім:
EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.
ЭКСПО
Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл.
1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді – бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Міне енді бүгін мемлекеттік символдарымызға 25 жыл толып отыр. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері болып саналады. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 1992 жылы республикамызда әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұранының авторлары – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Бақытты тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары – Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Тәуелсіз ел атанып, еліміз көптеген елеулі шараларға қатысты,соның ішінде 2017 жылғы Астана қаласындағы Экспо көрмесі, көрмеге сан мыңдаған шетелдік қонақтар келді.
Еліміз түрлі спорттық,мәдени сайыстарда еліміздің атын әлемге танытты. Соның ішінде Лондон қаласында 2012 жылы өткен еліміз үшін ең сәтті болған олимпиадада Серік Сәпиев Қазақстан қоржынына 7-ші алтын медаль салды.
Рио-де-Жанейро қаласындағы олимпиада Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды деуге толық негіз бар. Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
Әлемге әйгілі боксшы Генадий Головкин өз жеңісімен елімізді қуантуда.
Отанымыздың осылайша дамуында Елбасымыз Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуірде жазды. 2016 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне қол қойды.
Пікірталас: «Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында»
ІІІ. Қорытынды:
Эссе: «Қазақстанның болашағы - менің болашағым»
Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
Конституция күні? – (30 тамыз)
ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?
Рефлексия: Мен ...............................................таныстым.
Маған ................................................оңай болған жоқ.
Мен .........................................................қол жеткіздім.
Мен ...........................................................істей алдым.
..................................................болса жақсы болар еді.
Менің .......................................................есімде қалды.
Мен ...........................................................істеп көремін.
«№ 10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі
«Мен - өз Елімнің патриотымын»
Мұнайлы 2017-2018