Құрастыру «Үйге баратын жол»
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
|
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі
«Жұлдыз» тобы
Тәрбиеші: Ержанова А.Ж
Костанай қ. 2018 – 2019 оқу жылы
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения: 14.02.2019
Тәрбиеші/ Воспитатель: Ержанова А.Ж.
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным
Пән/Предмет: Құрастыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырыбы/Тема: «Үйге баратын жол»
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік - воспитательная:
Дамытушылық - развивающая:
Оқытушылық - обучающая: Құрылыс метериаладарының негізгі бөліктері мен бөліктердің бөлшектерін ажыратуға үйрету.
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: ТРИЗ, ойын, денсаулық сақтау технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: ағаштар, үйшік, қуыршақ Маша
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жол- дорога, үй- дом
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:
Тосын сәт: Балалар , ал сендер ертегі жақсы көресіңдер ме?! Мен сендерге сиқырлы дорба алып келдім. Менің ойымша, мұның ішінде ойыншықтар бар сияқты. Тексеріп көреміз бе?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть: Тәрбиеші балаларды кезекпен шақырып, дорбаның ішінен құрылыс бөлшектерін алып шығады.
Балалар, мған сендер міне кірпіштің жіңішке қысқа жағын көсетіңдерші, жіңішке ұзын жағын, жалпақ ұзын жағын көрсетіңдерші. Үшбұрыш бөлік, төртбұрыш бөлшек қайда?
Жарайсыңдар, тапсырманы орындай алдыңдар!
Балалар, мынаны қараңдаршы,бұл не? Жалпақ ұзын жағында бір сурет бар екен. Бұл ненің суреті екен? (Суретте «Маша мен аю» ертегі кейіпкерлерінің суреті бейнеленген екен). Иә, дорба шынымен де сиқырлы болып шықты, ол бізді ертегі еліне шықырып тұрған сияқты.
Тәрбиеші музыка сүйемелдеуін қосады. Ал, ендеше біз жолға шығайық!
Балалар шеңбер бойымен жүріп, тізелерін жоғары көтеріп, аяқтың ұшына отырады, үстелге қарай жүруді жалғастырады.
Біз ертегі еліне келдік, балалар! Қараңдаршы мұнда не бар екен?
(Ағаштар, басқа жағында үйшік және қуыршақ Маша. )
Бір күні Маша орманға саңырауқұлақ теруге барады. Келе жатып, алысқа кетіп қалады, ол ағаштардың арасында адасып кетеді.
Ол үйге баратын жолды таба алмай, жылайды. Не істесек екен? Қызға қалай көмектессек екен? Оған біз үйге баратын жолды жасап беруіміз керек. Жолды біз мына кірпіштерден жасаймыз.
Біздің жасаған жолымыз, түзу болып шықты. Жіңішке ме, әлде, кең бе? Қысқа ма, әлде, ұзын ба?
Жеке жұмыс: Жұмыс жасау барысында, тәрбиеші балалардың іс-әрекетін қолдап, қате жасалған іс-әрекеттерін түзетеді. (Алисұлтан, А.Арсенге көмектесу)
Сергіту сәті:
«КІМ КЕЛДІ?»
Қане, қане кім келді? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады)
Біз, біз, біз! (екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады)
Апа, апа, бұл сіз бе? (екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады)
Иә, иә, иә! (сұқ саусақтарының ұштарын соғады)
Әке, әке, бұл сіз бе? (екі қолдарының бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады)
Ағатайым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас
бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады)
Қарындасым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (кішкене саусақтардың ұштарын соғады)
Біздер тату жанұя (барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады)
Иә, иә, иә! (алақандарымен шапалақтайды)
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жол- дорога, үй- дом
3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:
Міне, біз балабақшамызға қайта оралдық.
Сендер не құрастырдыңдар?
Неден құрастырдыңдар?
Бүгін біз нені құрастырдық?
Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.