Жай сандар және құрама сандар

0
0
Материал опубликован 27 February 2017

Сабақтың тақырыбы: Жай сандар және құрама сандар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру.Жай сан мен құрама санды ажыратуға үйрету.

Дамытушылық: Жай сандар және құрама сандар ережелерін пайдалана отырып , есептер шығару дағдыларын қалыптастыру, өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу жəне жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, жеке жұмыс парағы ,жапсырма қағаздары, түрлі-түсті қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут).

Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн достым, -

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын. 

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Көңіл-күйлерің қалай?Мен сендерге сәттілік тілеймін!

2.Сыныпты топқа бөлу(4 топқа бөлемін.(Сандардың қосындысы 5-ке, 9-ға, 7-ге, 10-ға тең)

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында

«Ой қозғау» бойынша алынады.

1. Егер сан 2-ге де,3- ке де бөлінсе, онда ол сан 6- ға да бөлінеді.

2. Егер сан 3-ке де, 5-ке де бөлінсе, онда ол сан 15-ке де бөлінеді.

3. Егер сан 5-ке де, 9-ға бөлінсе, онда ол сан 45-ке де бөлінеді.

4. Егер сан 1-ге де, 11-ге де бөлінсе, онда ол сан 11-ге де бөлінеді.

5. Егер сан 3-ке де, 4-ке бөлінсе, онда ол сан 12-ге де бөлінеді.

6. Егер сан 7-ге де, 3-ке де бөлінсе, онда ол сан 21-ге тең

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар.

( Тақырыпты бүгінгі күнге жазады) 

 

III. Жаңа материалды игеру. (10 минут )

«Миға шабуыл» 1. Мына натурал сандардың барлық бөлгіштерін табыңдар:2,5,6,8,11,15,16,19,20,31,45,53

2.Мына натурал сандарды 2,5,6,8,11,15,16,19,20,31,45,53

топтарға бөліңдер.

Интерактивті тақтаны пайдаланып жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.(5 минут)

Кестеде 35,41,26,11,1,18 сандарының бөлгіштері келтірілген.

Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштер саны

35

1,5,7,35

4

41

1,41

2

26

1,2,13,26

4

11

1,11

2

1

1

1

1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.Жай сандар шектеусіз көп. Кітап мұқабасының астар бетінде 1000-ға дейінгі жай сандар кестесі келтірілген.

Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.

Натурал 1санының бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі-1саны. 1саны жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.

Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Мысалы; 5 пен 7; 11 мен 13 ; 17 мен 19.

 

IV. Құрастыру (7 минут)

Жүк машинасы кірпіш әкелді.  Жүк машинасында қандай сан-кірпіштер бар?

Сан-кірпіштерден басқа сандарды құрастырамыз.

 2, 5 және 7 үш сан-кірпіштерді алып, олардағы сандардың көбейтіндісін табамыз.

Қандай сан шықты, жай сан ба әлде құрама сан ба?

2, 2 және 11 сан-кірпішті аламыз, ондағы сандардың көбейтінділерін былай табамыз: 2 * 2 * 11. Қандай сан шықты, құрама сан ба әлде жай сан ба?

Әрі қарай оқушылар өз беттерімен құрастырулар орындайды (Құрамында сан-кірпіштердің саны әр түрлі болатындай 2 мысалдан құрастырады). Жаттығудан кейін оқушылар өз беттерімен (ауызша) мына сұрақтарға жауап береді: "Жай сандарды көбейткенде қандай сан шығады?"

 

V. «Кім жылдам?»(3 минут)

Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.

А деңгейі

Мына сандарды екі жай санның қосындысы түрінде жазыңдар: 10;12;18;24;32;44;68

В деңгейі

Мына сандарды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазыңдар: 22; 35; 77; 65; 69;95, 12

С деңгейі

Мына сандардың ішінен құрама сандарды, жай сандарды теріп жаз: 1, 12, 13, 14, 45, 80, 77

 
     
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   

Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштер саны

35

1,5,7,35

4

12

   

18

   

11

   

40

   

52

   

100

   

25

   

41

   

26

   

1

   

39

   

13

   

55

   

15

   

17

   

43

   

73

   

80

   

 

VІ.Сергіту сәті. (2 минут)

(Мен тақ сандарды атағанда – қолды көтереміз ,ал жұп санды атағанда қолды көтермейміз.)

2,3,5,8,10,7,13,30,37,50,100,1,9,12,15,17,16,21,4,45,6,14,23,20,31,32,35,42,43,

 

VІІI. «Кім тапқыр?» бөлімі.

1

20

38

3

47

19

8

13

14

37

4

27

32

2

47

5

26

33

41

29

15

9

31

49

7

39

28

40

30

23

6

16

24

41

22

44

29

11

43

17

3

36

12

25

48

16

45

А

18

 

Лабиринт-ертедегі Грекия мен Египетте кірген адам шыға алмайтын етіп жасалған шытырман дәлізді үй.

Тапсырма: Жай сандар кестесін пайдаланып  Асқардың лабиринттен шығу жолдарын сызып көрсетіңдер.

Асқардың лабиринттен шығу есігі А бөлмесінде. Асқар тұрған бөлмесінен сыртқа жай сандарға тең бөлмелер арқылы ғана шыға алады. Жай сандар болатын бөлмелердің есіктері бөлменің қабырғасында немесе бұрышында, ортасында орналасқан. Асқардың сыртқа шығу жолын көрсетіңдер. Асқар №____ бөлмеде тұр. Ол сыртқа шығу үшін ______________________________  бөлмелерден өтеді.

 

VII.Сабақты қорытындылау. Кері байланыс. (3 минут)

Тест.
1. Қай сан жай сан болады? 
а) 13    б) 24     в) 1 
2. Қай сан жай сан болмайды? 
а) 5      б) 12     в) 1 
3. Қай сан құрама сан болады? 
а) 21    б) 23     в) 1 
4. Қай сан құрама сан болмайды? 
а) 25    б) 18     в) 11 
5.Жай сандарды көбейткенде әр уақытта шығады 
а) жай сан     б) құрама сан        в) 1. 
6. 18 санының жай көбейткіштерге жіктелуі: 
а) 2∙2∙3          б) 3∙3∙3                   в) 2∙2∙3∙1 

 

VIII. Үй тапсырмасы.

 

IX. Рефлексия. – Енді «Табыс» ағашын отырғызайық. (ағаштың суреті)

(1 минут)

Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, ағашқа жапсырады).

Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ тез ұмытамын..

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.