Открытый урок «ACCESS — те мәліметтер қорын таңдау мен сақтау»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Коммерциялық емес жеке кәсіпорын «АЛМАТЫ ҚАРЖЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» |
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Некоммерческоре частное учреждение «АЛМАТИНСКИЙ ФИНАНСОВО-ПРАВОВОЙ И ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ» |
Сабақ жоспары
Пән « Арнайы пән» Күні___ топ _404__
Сабақтың тақырыбы: _ ACCESS- те мәліметтер қорын таңдау мен сақтау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: MS Accеss деректер қоймасында мәліметтермен жұмыс жасай отырып, формаларды деректерді енгізу және редакциялауда қолданып, есеп беруді құра білу.
2. Дамытушылық: Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз бетімен іздену, білімдерін іс – жүзінде қолдана білу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Деректер қоймасына адами құндылықтарын енгізе отырып, жан – жақты болуға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәжірбиелік-зертханалық сабақ.________________________ Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: карточка, дербес компьютер, тест, кроссворд, слайд, оқулық.
Пәнаралық байланыс: Информатика, ОЖжәнеБҚ, Мәліметтер қоры, Кәсіби шет тілі, Кәсіби қазақ тілі.______________________________________________
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныпқа жағымды психологиялық жағдай туғызу._________________________________
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Тапсырманың орындалу деңгейі мен сапасын тексеру, кемшіліктер мен қателіктерді анықтау.
Уйге берілген тапсырма сөзжұмбақты шешу;
3. Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:
MS Accеss ең кең тараған деректер қоймасын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады.
Қазіргі кезде деректер қоймасы (ДҚ) және деректер қоймасын басқару жүйесі (ДҚБЖ) терминдері тек компьютерлерге қатысты қолданылады. Жалпы мағынасында деректер қоймасы терминін белгілі бір нышандарына байланысты біріккен ақпараттардың кез келген жиынына қолдануға болады.
Көптеген ДҚ-да алғашқы деректерді жинақтау кестенің көмегімен іске асырылады, оның қатары – қойманың бір объектісі жайлы толық ақпаратты, ал бағаны – объектінің бір сипаттамасын білдіреді. Кестенің қатары (бір объекті туралы деректер) жазу деп, кестенің объектілері сақталған белгілі бір сипаттамалардан тұратын бағаны өріс деп аталады.
Деректер қоймасын құру үшін алдымен MS Accеss программасын іске қосамыз. Ол үшін: Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Office Access командасын орындаймыз. Сонда мынадай терезе ашылады:
Ашылға н терезеден Жаңа деректер қорын құру командасын немесе мына шаблондардың бірін таңдауғада болады.
Егер Жаңа деректер қорын құру командасын таңдасақ, онда мынадай жаңа терезе ашылады.
Егер Шаблондардың бірін таңдасақ, онда мынадай терезе ашылады:
ЕндіоқушыларбізЖаңадеректерқорынұйымдастырудыөзбетімізшеорындайық. Төменде көрсетілген 10 «Ә» сынып оқушылары жайлы мәліметті Жаңа деректер қорына енгіземіз.
4. Жаңа сабақты бекіту:
5. Сергіту кезеңі:
Ойын «Бәрін білгім келеді»
6. Бағалау: Студентерді My Test арқылы тесілеп бағалау
7. Рефлексия: Сұрақ – жауап