Эссе на тему «Ата ана-алтын тұғырым»

0
0
Материал опубликован 20 December 2018

Тәуелсіздік –тұғырым, Қазақстан жүрегім.

Мен тәуелсіз- елдің ұланымын,

Самғап ұшқан-қыранымын.

Асқар таудай белестерден,

Сүрінбей өткен тұлпарымын.

Қазақ деп соққан жүрегім бар,

Арқа сүйер елбасындай тірегім бар.

Жері үшін аянбай

Еңбек еткен жастары бар.

Осындай елдің ұланымын-,

деп өз шығармамды, осындай өзім шығарған өлең жолдарымен бастағым келеді. Міне тәуелсіздік алғанымызға 27жыл ғана толып отырған аз ғана уақытта Қазақстан -6 құрлықтың жүрегі мен тірегі бола білді. Осы жылдар ішінде Қазақстанда небір Самиттер, халықаралық конференциялар және әлемді дүр сілкіндірген, әлемді мойындата білген Экспо-2017 көрмесі өтті. Тек қана осы Самиттермен, конференциялармен шектелмей еліміздің болашағы жастарымыз халықаралық білім, спорт олимпиадаларында жүлделі орындар алып Қазақстанымыздың атағын әлемге паш етіп, ғылым мен өнерде де жетістіктерін көрсетіп жүр. Қазір бүкіл әлем қазақтың жастары талантты екенін мойындады. Junior Евровидение халықаралық байқауында жерлесіміз Даниля Тулешова өнер көрсетуінің өзі тамаша мүмкіндік. Алпауыт елдердің арасында Қазақстанның атынан өнер көрсетуі осы тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін.

Елімізде- жылдан жылға жақсарып, экономикасы қарқынды түрде дамып, халықтың тұрмыс- тіршілігі біртіндеп жөнделіп келеді. Елбасымыз үнемі халыққа парасатты, көңілге қонымды жолдауын жыл сайын жолдап отырады. Осы жолдауың арқасында Қазақстаннның өсіп өркендеуі қарқынды түрде дамып келеді.

Әлемде жоқ үш тілдік біздің мемлекетімізде ғана оқытылады. Мен

қазақ тілінде және орыс, ағылшын тілдерінде емін- еркін сөйлеу үшін мектеп табалдырығын аттағаннан бастап үш тілде білім аламын. Болашақта осы алған білімдерімді өз елімнің мақсат муддесіне жұмсай біліп, білікті маман болуды армандаймын. Тәуелсіздігіміздің арқасында кез-келген шет елдерде білім алуыма үлкен мүмкіндік бар.

Тәуелсіздігіміздің арқасында қаншама бүлдіршіндер бейбіт елде өмір сүріп жатыр. Олардыңболашағы да үлкен. Балалық шағымыз қызықтарға толы. Біз не ішеміз , не киеміз демейміз. Қай жерде бомба түсіп, үйімізді қашан қыйратуы мүмкін деп те, ойламаймыз. Еліміз бүтін, жеріміз тыныш. Бұл да тәуелсіздігіміздің бейбіт өмір белгісі ме деп ойлаймын.

Мен ұшы қиыры жоқ ұлан-байтақ қазақ жерінде, Қазақстан елінде туғаныма мақтан тұтам.

Азат елдің- озат ұланымын. Қазақстан маған ғана мүмкіндіктер бермей, ата- анама да қамқорлық жасап отыр. Біз үнемі мемлекеттің қамқорлығындамыз.Бізде бәрітегін.

3 «Ә» сынып Мақсатқызы Нұрдана

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.