«Ата ана-алтын тұғырым».
Ата ана отбасының діңгегі. Балаға жарық дүние есігін сыйлап, оны өсіріп тәрбиелеуші, өмірдің бір кірпіші болып қалануына септігі тиетін жандар. Қазақ отбасында ата-ананы қадірлеу керектігі ерекше әспетттелген. Әрқашан маған демеу болып, менің өмірде адаспай жол табуыма, жетістіктерге жетуіме тілектес адамдар болса, соның бірден бірі менің ата анам. Мен олармен әрқашан мақтанамын. Менің осындай алтын ата анам барына мыңда бір шүкір. Асқар таудай әкем- менің тірегім. Менің- қамқоршым. Өмірде менің адаспауыма, жақсылыққа жол сілтеп, тәрбие беріп, отырған әкеме сансыз рахмет айтамын. Маған қанлай сәтсіз ісіме ешқашан ренжимей қайта мені қолдап, қателігімді түсіндіреді. Менің әр жетістігіме тіпті сабақтан алған «бестік» бағама да мақтап қуанады.
Ал тіршіліктің қайнар көзі, махаббатың шуақ күні мейірімнің кәусар бұлағы- Ана есімінен дүниеде қасиетті штеңе жоқ. Бізді көзінің қарашығындай қорғап,аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызаи
Қазақта ата ананы қадірлеу керектігі ерекше айтылған.Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Ана баланы дүниеге әкеліп қана қоймайды.Түн ұйқысын төрт бөліп, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп,аяғынан тік тұрғызатын да ана.Менің анам менің жүрегім, менің-тілекшім, менің- жанашырым, менің-баға жетпес асыл қазынам. Мен анамның қасынан ұзағым келмейді. Жанында жүріп, көмектесетін қолғанатымын. Мені «ботақаным»-деп еркелетеді.Болашақта ақылды, болып өсіп анамның арман тілектерін орындаймын.Қазір сабақты өте жақсы оқуға тырысып жүрмін. Жақсы істерді ойыма тоқимын. Анам барлық ана сияқты өте мейірімді жан.Қас қабағыңа қарап, қандай көңілде жүргеніңді бірден сезіп қояды. Сабағыма көмектесіп, әр ісіме бақылау жасайтын анамды жанымдай жақсы көремін. Ал көзңнен ешқашан мейірім нұры өшпейді. Менің ойымша жасың қаншада болсада саған әрқашан ананың махаббаты керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігін неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышыңа, жақсылыққа толы болады. Менің қандай сұрағым болса да, түгел барынша шыдаммен және шынайы жауап береді. Қай сұрағымды да маңызды деп қабылдайды.
Біздің жақсы адам болып, тұлға болып, жамандықпен жақсылықты ажырата білуімізге , сол жолда адаспауымызға жол сілтейтін осы қасиетті де, қадірлі жандар ата-ана.
Мен өзіме ұнайтын жақсы іс атқарғым келеді. Ал жамандықтан жиркенемін. Жақсылыққа қайшы жамандық барын да түсінемін.
Міне, менің ата-анам ауыз толтырып айтарлықтай алтын жандар. Оларды ешқашан ренжітпеуге,олпарды қуантуға барынша тырысамын деп өз-өзіме уәде беруден жалықпаймын. Оларға деген ыстық махаббатым, ыстық сезімім бәрі-бәрі кішкентай жүрегімде сақтаулы.
Әкеме
Әркез болам, кунім дейтін
Қаталдығы білінбейтін,
Әке деген бір асыл бар.
Ұл-қызының қамын жейтін.
Анама
Бар тәттісін беретін,
Анама ешкім жетпейді,
«Құлыным» деген бал сөзі.
Ойымнан еш кетпейді.
3 «Ә» сынып оқушысы А.Асылбеков