Аналар
Аналар
Адамзатқа қастерлі боп саналар,
Бір ұғым бар, біле білсең, балалар.
Біліп-сезіп отырған да боларсың,
Ол – әрине, құдіретті аналар!
Ең әуелі, өмірге әкеп, өсірген,
Қатең болса, сені сөзсіз кешірген.
Әлдилеген, мәпелеген өз Анаң,
Бар жылуы төгілетін тек саған.
Одан кейін бар адамның анасы,
Талайлардың басын қосқан панасы.
Отан-Ана оттан ыстық әрқашан,
Бас тартпаймын мен өзіңнен ешқашан.
Ал үшінші, қасиетті, киелі,
Жалпы адамзат соған басын иеді.
Қазынамыз, жақұтымыз – Жер-Ана,
Тірек болған, тіреу болған сен ғана!