Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары
Дербес компьютер құрылғылары
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. Негізгі құрылғылары: Жүйелік қорап Монитор Пернетақта Тінтуір Қосымша құрылғылары: Принтер Сканер Дыбыс колонкалар Микрафон Стример Плоттер Модем Джойстик Желілік адаптер
Жүйелік блок Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан.
Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды: аналық (жүйелік) тақша; микропроцессор; оперативті жады; тұрғылықты диск; алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі; СD және DVD диск жетектері; бейнесызбалық бейімдеуіш; дыбыстауыш; желілік тақша; енгізу – шығару порттары.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады Аналық тақша
Микропроцессор Микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады.Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады.Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) Немесе гегагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
Оперативті жады Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.
Тұрғылықты диск Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді.
Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі 3,5 – дюймдік дискеттерді оқиды.Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады.Олардың сыйымдылығы 1,44 Мб. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне “А” әрпі белгіленеді.
СD және DVD диск жетектері Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді
Сызбалық бейімдеуіш Бейімдеуіштің кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар. “Тұрғылықты жері” бойынша бұл жады көпнесе Бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдылықпен және түрлі түстермен бейнелейді.
Дыбыстық тақша Дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.
Желілік тақша Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар, ең танымалылары – Ethernet және сымсыз желілер.
Енгізу шығару порттары Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады.
Монитор Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.
Пернетақта Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді: Символдық пернелер Функциялық пернелер Нұсқаушы пернелер Цифрлық пернелер
Тінтуір “Тышқан тәрізді қол тетігі” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.
Компьютердің қосымша құрылғылары
1.Принтер Басу құрылғысы (принтер)-бұл кез-келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы. Принтердің үш түрі болады: Матрицалық Лазерлік Сия бүріккіш.
2.Сканер Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.
3.Дыбыс колонкалары Дыбыс колонкалары - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
4.Микрофон Микрофон- дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.
5.Джойстик Джойстик - компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік.
6.Стример Стример- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы.
7.Плоттер Плоттер- сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы.
8.Модем Модем-бұл телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы.
9.Желілік адаптер Желілік адаптер- компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.
Сұрақтар 1.Компьютер дегеніміз не? Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал 2.Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар? Жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір 3.Тінтуір дегеніміз не? ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады тышқан тәрізді қол тетігі 4.Компьютердің қосымша құрылғыларын атаңдар? Принтер, дыбыс колонкалары, микрофон, модем, сканер, т.б. 5.Монитор дегеніміз не? Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы
Сәйкестігін тап 1.Аналық тақша 2.Микропроцессор 3.Оперативті жады 4.Тұрғылықты диск 5.Дыбыстық тақша