12+  Свидетельство СМИ ЭЛ № ФС 77 - 70917
Лицензия на образовательную деятельность №0001058
Пользовательское соглашение     Контактная и правовая информация
 
Педагогическое сообщество
УРОК.РФУРОК
 
Материал опубликовал
Иманғалиев Ұлан Өтешқалиұлы20

Ұлан Өтешқалиұлы Иманғалиев -Х.Досмұхамедов Атырау мемлекеттік университетінің түлегі. С.Н.Имашев атындағы орта мектебінің мұғалімі. Өмірлік ұстанымы:«Туралықтың туын жықпау».

Ұстазы: Ақын, тілші, «Аға мұғалім», ұстаз Н.Ш. Шолтыров пен ақын, профессор, ф.ғ.к. , ұстаз, академик, жазушы Қ.Ө.Жүсіп.

Өзіндік оқырманын тапқан ақын

(Ақын, профессор Б.Жанетұлына)

(Ақын ғана төреші әлемге тек,)

Жыр жаздым өзіңізге мен әуелеп.

Жүрген мен биофакта ұстаз болып,

Жүрегі соғатұғын «әдебиет» деп.

 

Санасынан арылмаған әдет-ғұрпы,

Таным жасы кейінгі ұрпаққа үлгі.

Өлеңді өміріне серік қылған,

Ақын, ұстаз – Боранбай Жанетұлы!
 

Табылар ма ақынның айдан емі?

Ақынға – өлең деген майдан елі.

Таланттың тәтті асын сарқып ішкен,

Боранбай ақын – асыл сөз майдангері.

 

Жөн болар, жас ақынның көсілгені,

Жолында жыр-доданың төсілгені.

«Өзіндік оқырманын тапқан ақын»

Тұрған-ды талайлардан көші ілгері.

 

Атыраудың Қабдоловы

Ұстазым, ақын Қадыр Жүсіпке

Өренмін жетсем деген арманыма,

Жетелейді сол жаққа арын дала.

Жырымды шын жүректен арнамақпын,

Әдебиеттің Қадырдай тарланына.

 

Шәкірті Зейнолладай ғұламаның,

Сөзіне қанық болған ұлы ағаның.

Жанына жақын тартты өзіңізді-

«Үміті зор деп Зекең бұл баланың».

 

Үмітін ақтадыңыз сізге артқан,

Деуші едіңіз «Ұстазымның жаны дархан».

Осындай сыйластықты ұғынғанда,

Арнады жүрегімде алып арман.

 

Жүрегі мейіріммен нұрға толы,

Маған үлгі ұстазымның таным жолы,

Қаламыңыз ешқашан қарымасын,

«Қадырдай Атыраудың Қабдоловы».

 

Білемін

Бәрі де өткінші,

Мұң.Нала.Реніш.

Келер күн білемін,

Болатын сүйеніш.

Дауылдай сезімде,

Ол-дағы өткінші.

Ұғынған адамға,

Бәрі де өткінші.

13.I.13.

* * * * *

Күн келді қоштасатын,

Қалқатай, мұңайма

Қоштасу өзіңмен,

Тимейді оңайға.

Сен- босқа егіліп жыламай,

Бір мезгіл ойыңа бер ерік.

Бір мезгіл сырлассаң жүрекпен,

Жай ғана біз енді дос едік.

Ал, қане...

«Қош» дедім мен алғаш,

Сен-дағы осыны қайтала.

Біз енді ұмытпа, қалқатай,

Дос едік, дос едік жай ғана.

 

О, Табаға!

(Бард ақын Т.Досымовқа)

О,Табаға!

Тағы саған жаздым жыр.

Сені іздейді адырна мен-

Төбе қыр.

Шөлі қанбай Сахарада қалғандай,

Елің сенің әндеріңді аңсап жүр.

Әр әніңнен жұпар иіс аңқыған,

Тәтті әуені толқындайын шалқыған.

Әнші қанша, О,Табаға өзіңнің,

Әніңді айтып жыр төрінде қалқыған.

* * *

 

Сырласу

(Бард ақын Т.Досымовқа)

Табылды аға!

Бөлендің таң нұрының арайына,

Сені іздеп көп барамын білесің бе?

Өзің туған еліңнің маңайына.

Сен «бард ақынсың» ел білетін, туған дара,

Жалғыз болып қазақтың маңдайына.

Айтамын деп ашылмаған шындықты,

Білем, аға, шыбын жаның шырқ ұрды.

Шындық айтар пенде мына өмірде,

Ұзақ өмір сүре алмайды, құрғырды.

Талақ қылды шындық айтып тірісінде,

Сөзбен тіліп талайды көндірдің де.

Бұл қазақ өзіңменен бірге туған,

Өзіңді қызғаныштан өлтірді ме?

(06.III.13).

 

Кеңге жай қанатыңды, қарлығашым?

(Н.Самигуллинаға)

Анық қара оның менен солыңа,

Төзе білгін қу тірліктің долына.

Серік қылып ақ қағазбен қаламды,

Бет алыпсың ақындықтың жолына.

Ой-деген түпсіз терең, білсең жақұт,

Бұл сөзім-өнеріңе болғай бағыт.

Бақытгүл,Әлияның ізін жалғап,

Өзіңдей өнерлімен елім-бақыт.

Қаламың ешуақытта қарымасын,

Кеңге жай қанатыңды, қарлығашым.

Киелі өнеріңді аялай біл,

Бойына құдірет боп дарығасын.

 

75-ке толыпты мәуеліміз

(Нағашы маманың 75 жасына)

Адамға ерекше күн – ол туған күн,

Шарықтасын ендеше әуезді үн.

Мен бүгін төгілтейін жүрегімнен,

Өлеңмен ұйқастыра шаттық жырын.

Аман болсын басыңыз әуелгі іс,

Әр күнге «шүкір»деумен тәубе етіңіз.

Алланың жазуымен бүгінгі күн,

75-ке толыпты мәуеліміз.

Ақтарды парақшасын 75-тің,

Жеттіңіз шың басына кемелді істің.

Кенеліп қызығына ұрпақтардың,

Жадырап, жайдарлана ғұмыр кешкің.

* * * * *

Сені іздеймін

Түнерген түндерден,

Нұр шашқан күндерден,

Сабындай қамшының,

Бұл қысқа өмірден,

Мен сені іздеймін.

Ақ бұлтты жауыннан,

Сезімнің бағынан,

Махаббат тауынан,

Мен сені іздеймін.

(08.10.13).

 

Жайнагүлге

Кеше ғана іңгәлаған, бөпе едің, көкешім,

Көрсетесің сен әлі... қызық шақтың көкесін.

Ақ Жайнағым ойнаса, ешкім болма кедергі,

Өйткені ол тәттіміз, ойнасын да төпесін.

Сен-күлгенге, бізде-мәз, жайдарлымыз, шуақты,

Ержеткейсің, жүрегім, болып шымыр-қуатты.

Өмірдегі тілегім-жасын берсін Жамбылдың,

Өнерімен ерлігін берсін ақын Табылдың.

Сұлу болып көрінеді зеңгірдегі ай мен нұр,

Қызғалдақтай құлпырғын, көкем менің -Жайнагүл!

«Тәте» деген бір сөзің, қуантады өзімді,

«Аман бол» деп осымен аяқтайын сөзімді.

* * *

Үндеу

Бәрін саттық ешнәрсені қалдырмай,

Жалғыз таза- дінім бар еді,

Ол да лайланды, апырмай?

Қанша пенде етегінде өзге діннің жүр екен?

Не себептен қалды екен, ғаламды жақтырмай.

Шұбарлауы аз болғандай тілімді,

Жатыр сатып, пәк иманды дінімді.

Бар тірегім - қазақ тілім, Ислам еді,

Лайланғаны осылардың жүрегімде тілінді.

Ата-бабам мойынсұнған бұл қастерлі

дінімге,

Тура жолдан кетпе тайып, ей, мұсылман

сүрінбе.

Өзге дінге кетсең-дағы, өз дініңді ұмытып,

«Мұсылман» деп жазылады, өртенсеңде күліңде.

Өйткені сен, мына өмірге, «мұсылман» боп

келгенсің,

Осыдан-ақ айыра біл, айтар ойдың жетесін.

Өзге дінді жаныңызға жақын қылып алсаң да,

Мұсылман боп келгеннен соң мұсылман

боп өтесің.

Сақтайықшы бабалардың мұра қылған – бұл сыйын,

Салайықшы бірауыздан өзге дінге біз тыйым,

Жүрегіңе Хақ Тағалам ұялатқан бар- дінің,

Өзгелерді ұмыт-дағы, Исламның кеш-күйін!

Басу өлең

(Ұстазым Нариманбек Шолтырұлының

жалғыз ұлы Тілекқабыл жол апатынан

қаза тапқанын естігеннен кейін туылған жыр)

Айтайын өзіңізге жайып сырды,

Мұңға бөлеп,жылата қайып қырды.

Білемін бұл өмірдің әрекеті,

Ұстазым, қабырғамды қайыстырды.

Бала – деген адамның бауыр еті,

Кімге келіп төнеді қауіп дерті.

Кім-кімді де сынағы бұл фәнидің,

Білемін, шыныменен жауыр етті.

Сабыр, аға, сабыр қыл, сабыр, аға!

Пендеге дос еді ғой- сабыр ғана.

Кеткен адам келер ме, келе ме айтшы,

Жылап-сықтап, еңіреп, сабылғанда.

Сондықтан бекем болып өз-өзіңе,

Сабыр аға, сабыр қыл, сабыр,аға!

Ұл – деген ұлы мұрат, мұрагерің,

Еретін соңыңыздан құлагерім.

Жазылады білемін күш ертең-ақ,

Жүректегі жараңыз, құса дертің.

Нұрсәттей немерең де ержетеді,

Сол кезде өсер сіздік – мұрагерің.

Осыны ұмытпай-ақ, аяулы ұстаз,

Өмірге құлашыңды ұра бергің.

 

Қуану мен мұңаю

(әзіл өлең)

Шілде де толып едім он сегізге,

Сол кезде шырқалғанды шаттық әні.

Қуанған сұлу жүзге мұз орнатты,

5-іне «Военкамат» шақырғаны.

Естіп алып бұл хабарды,

Мен жүрмін іштей елеңдей.

Барған күні қабылданып,

Тура әскерге кетердей.

Жақсыны ойлап күнбе-күн,

Іштегі қорқынышты сұлатамын.

Военкаматқа барған бір парызым деп,

Өз-өзімді осылай жұбатамын.

Қуанамын он сегізге толғаныма,

Елімнің азаматы болғаныма.

Өкінемін бірақ та заң ішінде,

Әскерге шақырудың болғанына.

Не болса да барып көрейін,

Осылай өлең өрейін.

Айтқанын жасап солардың,

Қылғанына көнейін.

Талабы болмас темірдей,

Жабыса қалмас желімдей,

Молырақ сылтау айтайын,

Қалар да сонда жібермей.

Жастілек пен Әйгерімге

(тойда оқылған өлең)

Таным жолын бабалардың жалғастырып,

Сезімді қиялдармен таңдастырып.

Үлкен өмір жолына бет алдыңдар,

Жүректердің лүпілін алмастырып.

Той қылу-бұл Алланың берген күні,

Шаңыраққа шаттықтың енген күні.

Екеуіңнің жарасып,табысқаның,

Дүниеге бір шаңырақ келгендігі.

Көктемдей жадыраған жүздеріңді,

Ешқашан күз тұманы торламасын.

Көтерген отауыңа әрдайымда,

Жаманшылық жоламасын.

Назарында Жаратқанның болыңдар,

Шұғылалы алтын күндей толыңдар.

Сөз соңында айтар мендік тілегім,

Бұл өмірде тек бақытты болыңдар!!!

Жоқтау өлең

(Мамаға)

Мен бардым сені сағынып,

Жанарыма жас тола.

Қарсы алды мені сен жатқан,

Ақ тастан соққан тас маса.

Сағынамын өзіңді,

Шыдаймын енді қайтейін?

Жаныма батты келмесің,

Жұбаныш маған-суреттей елесің.

Түскенде өзім ісіңе-

Келеді барғым қолыңа.

Сыр айтам үнсіз отырып,

Тұрған құлпытасыңа.

Ақ, мама!

Сені сағындым.

Амал не?

Тағдырға бағындым.

Ұзақ қып, саған, сөйледім,

Биікке құмар құздайын.

Ұйықтай ғой, мен мама кетейін,

Ұйқыңызды бұзбайын.

(24.03.13.).

Ішкі сырым

Бұл өмір – өткінші бір күз сыңайлы,

Тіршілік жапырақ боп сытырлайды.

Тірінің тірліктегі пердесінен,

Сұм ажал әр күн сайын сығалайды.

Ажал ол – адам жанын бұйымшылар,

Кететін алысқа алып-тұйық шынар.

Күн санап сығалаудың түйінінде,

Біреудің жанын қиып тынар.

Өлімнен ешкім қашып құтылмаған,

Талайдың ырысы -ұшып, құты-қалған.

Ажал-деген ашқарын жылан екен,

Көрінгеннің бәрін-ақ жұтып алған.

Жүзден асқан кәрі де, жас та өлер,

Бұл-дағы Алладағы жансақ өнер.

Өлгендердің артынан өлмек жоқ деп,

Соңында қалғандары – жылап көмер.

Ұзақ-ұзақ толғасам көсемдей боп,

Сөздерім нысанаға тигендей дөп.

Жазылған әрбір менің өлеңдерім,

Ел жадында сақталса арманым жоқ.

(24.11.13).

Ән самалым

Сенбісің қол жетпейтін ақ арманым,

Ақ арманмен құлпырған бақта таңым.

Сен едің көп ішінен бұл мендік деп,

Сезімге шын беріліп таңдағаным.

Өзіңе арнап, ән саламын,

Ән самалым, ән самалым.

Жүруші ем мен өзіңе сырт қырындай,

Қалған көзің болған жоқ сыр ұғынбай.

Өтейікші өмірден қол ұстасып,

Кешегі Фархат пенен Шырындай.

Өзіңе арнап, ән саламын,

Ән самалым, ән самалым.

Себепші

Ақыл қайғыға себепші,

Ақша байлыққа себепші,

Намыс ерлікке себепші,

Жоқтық аштыққа себепші,

Үміт сенімге себепші,

Үрей қорқуға себепші.

Шабыт өлеңге себепші,

Уақыт өлімге себепші,

Көз көруге себепші,

Аяқ жүруге себепші,

Нәпсі күнәға себепші,

Намаз иманға себепші.

Жоқ нәрсені бар қылған,

Жарылқаған жар қылған,

Алла бәріне себепші.

Құрбандық

Мен саралап көрейін,

Құрбандықтың турасын.

Өмір сүру жолында,

Уақыт құрбан қыласың.

Байлық, билік жолында –

Бақыт құрбан қыласың.

Қайғы бұлты орнаса,

Ұйқы құрбан қыласың.

Сын ғой түскен бұлда аса,

Шыдамасын, шыдасын,

Кәрілікке келгенше,

Жастық құрбан қыласың.

Сауаптысы Алла үшін,

Малды құрбан қыласың.

Сорақысы ақша үшін,

Арды құрбан қыласың.

Бәріне де белгілі,

Ұнамасын, ұнасын,

Ажал жетсе бір күні,

Жанды құрбан қыласың.

Қосылса егер туады...

Ақын мен ақын қосылса,

Айтар ел мәңгі жыр туар.

Әнші мен әнші қосылса,

Ел ішін әсем ән қылар.

Батыр мен батыр қосылса,

Найзаға жауы шаншылар,

Жүйрікпен жүйрік қосылса,

Бәйге шапқанша шаң тұрар.

Жаман мен жаман қосылса,

Өмір бойы сор болар.

Жақсы мен жақсы қосылса,

Істеген ісі оң болар.

Жақсылық болса әрдайым,

Керемет деген сол болар.

Ғарып

Айтылмаса сөзің ғарып,

Соқыр болсаң көзің ғарып.

Болмаса егер еш қадірін,

Көп алдында өзің ғарып.

Қолданбасаң қалам ғарып,

Өртке оранса далаң ғарып.

Оқымаған надан болса,

Тұяқ деген «балаң» ғарып.

Аузында иман болмаса егер,

Сақалы бар шалың ғарып.

Суға батып, арам өлсе,

Өзің баққан малың ғарып.

Кірбің басса көңіл ғарып,

Мәнсіз өтсе өмір ғарып.

(14.01.14).

* * * * *

Демеймін мына жерді маған бөтен,

Емделіп келуші едім мұнда көптен.

Бұйырып тағы жаттым сол мекенге,

Әмір түсіп аяптай тәңір көктен.

Бөленіп өлеңменен кереметке,

Шабытта дегендейді ереу етте.

Қисайдым, жастығымды жантая мен,

Ортаңа орналасқан кереуетке.

Жиылған төсегімді тегістедім,

Осылай ауруханаға егіс келдім.

Келгенім жаңа еді, көп болған жоқ,

Дәрігерлер жасауда иістерін.

Демеймін Моцартпенен егіз үнім,

Толқында, талма қош, теңіз күнім.

Танылып кереуетке енді бүгін,

Осылайша өтеді күнім.

 

Ауыл баласының сөзі

Қырында кең жайлаған қой-ботасы,

Қымбат маған ауылымның әр жотасы.

Қымбат маған ауасы да, суы да,

Қымбат маған орманы да, нуы да.

Қымбат маған топырақ пен балығы,

Қымбат маған бұлақ таза арығы.

Қымбат маған алтын күннің зеңгірден,

Шашып тұрған, шашып тұрған жарығы.

Қымбат маған өсімдігі, бақшасы,

Қымбат маған таң арайлы ақшасы.

Қымбат маған ауылымда, бауырда,

Қымбат маған аязы мен жауында!

 

Шөлдедім

Өзіңмен сезім деген көлдемін,

Бір өзіңсіз мына менің нөл демім.

Сен кеткелі менен, жаным, жырақтап,

«Сүйем» деген сөздеріңе шөлдедім.

Алау болып шығып жатыр өр демім,

Бір өзіңсіз өмірімді көр дедім.

Сен кеткелі менен, жаным, жырақтап,

«Жаным» деген сөздеріңе шөлдедім.

(18.01.14)

 

Деме маған

Мұң болып қанатыма өрілгенше;

Жанарыңнан тамшы жас төгілгенше,

Қара тірлік қар басқан қалыпында-

Өзіме сағым болып көрінгенше,

Сен мені сүйемін деп айтпағайсың?

Жадыраған жанымды жаз еткенше,

Өлеңімді әуенді саз еткенше,

Өзі ұшқан көліңе қаз жеткенше,

Сен мені сүйемін деп айтпағайсың?

Сынынан бұл тағдырдың құламаған,

Сезім бар өзегімде сұламаған,

Жан едім жанарынан жас төгіліп,

Қайғырып мың түнде де жыламаған.

 

Өзіңе

Ұзадың жанымнан алысқа,

Батады жаныма қайтейін?

Түнеріп шығады уақытынан,

Білсеңіз, қалқатай, ай кейін.

Сағынып өткен күн елесін,

Сен маған бір күні келерсің.

Шөлдеген жанымды жұбатып,

Махаббат шырынын берерсің.

Ойланып жүрген ем көптен мен,

Өзіңді түсімде көп көрем.

Ақтарсам өткен күн парағын,

Мұңайып, құлазып, өкінем.

Тоңдырсын мені де жел мейлің,

Демедің сен маған келмеймін.

Бір күні келерсің сағынып,

Жаңбырды аңсаған жер дейін.

Құлауға биіктен таядым,

Өзіңе мен құшақ жаямын.

Жыр жаздым өзіңе Қозы боп,

Қабыл ал бұнымды «Баяным».

Осы үшін жаралғанмын күресуге...

Өмір, өмір,

Сені адамдар суық дейді,

Суық бол, қатқылда бол,

Маған мейлі.

Анамның аялаған алақаны,

Мұныңды ешуақытта сездірмейді.

Өмір, өмір,

Қатал болу – өзіңнің заңдылығың,

Доғарамысың, адамды қам қылуын.

Суық өмір пендеге қай уақытта,

Берерсің, сен, өзіндік жан жылуын?

Ажал да сенің-дағы құдіретіңде,

Өмір – деген келдік біз құр өткелге.

Өмірге адам келеді, өмірге адам –

Өле-өлгенше өткенге өкінбеуге.

Өзіңе,

Сыр ақтарсам құлақ түресің бе?

Сыр айтсам,

Мені дос деп білесің бе?

Мына өмір итеріп арқа жақтан,

Құлатқысы келеді күресінге.

Сірә, да құламаспын күресінге,

Осы үшін жаралғанмын күресуге.

Өмір деген өткінші жел сыңайлы,

Тұрмайтұғын ешқашан тіресуге...

 

Оқырманға сырым бұл

Ақын емес адаммын ғой, адаммын,

Адал сүтін еміп өскен анамның.

Жырымды оқы, алдыменен танысып,

Содан кейін ойыңды айт, қарағым.

Ақын болу оңай, қалқам, іс емес,

Емін таба білу қажет жараның.

Өлеңге әлі төселмеген жауқазын,

Қалай ақын бола аламын қарағым.

Өлеңге ашық менің білсең араным,

Оны қалай, қандай еммен жабамын.

Егер ақын іздесеңіз шынымен,

Мұқағали,Фаризаны қарағың.

Мені ақын деп көтерсеңде төбеңе,

Кітап қылып қойсаң-дағы сөреңе.

«Ақынмын» деп айта алмаймын өзімді,

Сондықтан да ықыласыңа бөлене алмаймын бөлене.

Мұқанда өзін ақын санамаған,

Жан еді-ау жазар ойын саралаған.

Жырымды ұсынамын өздеріңе,

Жақсыларды өзің айт, сарапталған.

Жырым әлі піспеген, қайнамаған,

Мұндай кезде ақын болу қайда маған?

Жазуға күнде-күнде талпынамын,

Арман келіп жеткесін айдан маған.

Осыны оқып, түңілме, түңілмегін,

Қапсырмаса болғанды түн ілмегін.

Қаламымнан тудырам талай жырды,

Құрастырып өзіндік жыр-өрнегін.

Ал, енді сен, сарала оқырманым,

Бағаңды бер әзіл ғып от қырманым.

Алаулайды сендірем, сенші маған,

Өлең деген өрт сынды от-қырманым?

24.01.14.

 

Жоқтау (Фариза апаға)

Тағы ашып қойын дәптер парағың,

Жырларыма ұзақ-ұзақ қарауым.

Фариза апай түсіп кетіп есіме,

Жанарымды торлағанды қара-мұң.

Падишасы – қара өлең құдіретінің,

Алыстады тіріден «жат ұяға»

Тіріңде туын ұстап туралықтың,

Шығушы едің «ақиқат» деп қас-қияға.

Жаза алмады ақынның өмір-дертін,

Бұл сөзіме құлазып, көңіл кепсін.

Еркектерден табылмас өжеттілік,

Апа, сіздің бойыңыздан көрінетін.

Жан едіңіз жақсыға ағылатын,

Тура айтылса төбеден табылатын.

Ер адамнан табылмас сол қасиет,

Өң бойыңнан өзіңнің табылатын.

 

Қызықпа ақын деген пендеге бұл

(М.Мақатаев ізімен)

Ей, қарағым,

Қызықпа ақын деген пендеге бұл,

Шашыраған ойлары секілді күл.

Ақын – деген бейбақпыз, түсініксіз-

Сен, осыны біліп жүр.

Өлеңмен өрген жанбыз әрбір ойын,

Осыны, Құмар қалқам, біліп қойғың.

Қызықпа «ақындардың» атағына,

Атаққа ие болу, білсең сатқын.

У ішкен, бал да ішкен бейбақ күнә,

Бәрі жақсы деп пе едің, бізді сірә?

«Ақын»деген құйқылжыр көңіл сынды,

Сондықтан ақындарға еш жолама.

Келе ме ақын бағың қызықтағың,

Өлең мен атып жүр-ау қызыл таңым.

Ақын деген өлеңмен егіз адам,

Сондықтан, қызықпағың, қызықпағың.

Қайда жүрсін, сен, айым?

Мен сүйген қайда ару қыз?

Мен күткен қайда сары күз.

Осылардың баршасын,

Тосып жүрмін сабырсыз.

Көктем кетіп, күз келер,

Танытып төзім сыңайын.

Күзім келді көп күткен,

Қайда жүрсін, сен, айым?

 

Перзент сөзі

Әкетай!

Қол жетпес биік күнбісің?

Сұлу бір сазды үнбісің?

Сақтап жүрген жансыз ғой,

Бабалардың үрдісін.

Маған үлгі, әкетай,

Жасап жүрген нұрлы ісің.

Мейірім толы жанары,

Әкетай, алтын нұрымсың.

«Ұланым, қашан келер» деп,

Жолыма қарап жүрмісің?

Әкетай!

Мен кейде өжетпін, жасықпын,

Жалғаннан бір табан қашықпын.

Балалық кездегі еркелік,

Күндерге белгісіз ашықтым.

Әкетай!

Малшынып суығына сары аяздың,

Мен үшін еңбек етіп күні-түні.

Әкешім, жақсы оқып оқуымды,

Ақтаймын маған артқан үмітіңді.

 

* * * * *

Кешегі бала көңіл –

Ал бүгін ақын көңіл.

Өлең мен өрілгенді –

Мендегі жарқын өмір.

Топтаурын ұйқаспенен,

Жаздым деп өлең бүгін.

Тудырам өз-өзіме,

Көлемді үн.

Шықпай-ды менен ақын,

Десемде түңілмеген.

Оқырман өзіңе сыр,

Ақындық көңілімнен.

Болса да жырым шикі,

Берген жұрт оң бағасын.

Осылай аттадым мен –

Өлеңнің босағасын.

Киелі.Қасиетті –

Құдырет берген бақ деп –

Жүрекке ұшқын берген –

Лаулатып, отын жаз деп.

Мұны да кеш ұғындым.

Қиғашым, менің Қиғашым...

Құстары әнін салған айдынында –

Тірлігі кең жайылған сай-қырында.

Желмекен есіп соққан арқа жақтан –

Жарысқан өрісінде тай-құлында.

Толқыны асығып кеп жарға ұрған,

Сулары мөлдіреген Қиғашымның.

Құмының баурайынан көрінетін –

Жетегі желімен ескен қия-шыңның.

Сендегі қайнар бұлақтан,

Нәр алған ақын Әбуде.

Жырға қосқан өзіңді –

Ақұштап ,Кенен, Әбу де.

Жазса да өлең сан ақын,

Өзіңе арнап, Алтыным.

Қабыл алғың Ұланның –

Хат болып туған хақты үнін.

Қиғашым, менің Қиғашым...

Мен қарызбын –

Өзіңдегі сыйға шын.

Тарамын тарау –

Өрт демін алау –

Сайға да сабыр құясын.

Қиғашым, менің мақтаным –

Алтын күн сипап қабағын –

Қымбат маған сендей –

Балығың да шабағың.

Арылуға жат ойдан –

Жағаңа өнің барамын,

Жазуға менің дертімді –

Ақ Қиғашым жарадың.

Еркелеп жыра бойымен –

Аға бер, Қиғаш, долдана...

Мекен соған, Ақ Қиғаш,

Осылай қалсын қолтаңба!

 

Тарам жол... Жол азабы

(Жол үстінде туған өлең)

Талассыз торап. Тұңғиық сынды тарам жол,

Сенбесең маған бұрылда артқа қарап көр.

Қиылды мұнда қыршыннан талай ғазиз жан,

Болғандай жолда тіріге бүгін алап көр.

Жетем деп төрге,

Кіргенсің көрге,

Қайран менің Қазағым!

Кедірі ұзақ,

Торабы тұзақ,

Тарттық-ау жолдың азабын.

Көрінбей бүгін аспанымнан күн нұры,

Қалғандай соған құлазып ақын көңілі.

Торабы тоқсан, тұрағы тұман бұл жолда,

Қан болып ақты талайлардың өмірі.

Қайран, өмір...

Қайран, жандар...

 

Жалған үміт...

Бүгін тағы тұрмын мен сені күтіп,

Тағат таппай.Ынтығып.Төзім жұтып.

Келмедің сен бірақта кездесуге,

Мені тағы алдады ЖАЛҒАН ҮМІТ.

Ұялады жүрекке сансыз күдік,

Жібек сезім болғандай бүгін-түбіт.

Алдаудан мені білсең зарықтырды –

ЖАЛҒАН ҮМІТ.

Маздаған отым өшіп, қалдым тынып,

Кеттің бе?

Шыныменен жарға жығып.

Сені ойласам, ойыма оралады,

Сол баяғы - ЖАЛҒАН ҮМІТ.

Самал жел еспей бүгін болды тымық,

Алғандай бар мендегі сырымды ұғып.

Жел соқпады, ал соған қарағанда –

Оны да шаршатқан ғой - ЖАЛҒАН ҮМІТ.

Кешегі артта қалған күндерді ұмыт,

Барамын... Өз-өзіммен... әлім құрып.

Жарықты қараңғы ғып көрсетеді –

Сендегі сол баяғы - ЖАЛҒАН ҮМІТ.

12.04.13.

 

Саған арнадым

Жүрегім жалғыздықтан жабыққанда,

Өр демім тыншым таппай қамыққанда.

Өзіммен өзім қалып сырласамын,

Зеңгірді мұң торлаған тамұқ таңда.

Білмеймін, жырсыз жерге сиямын ба?

Тұрғандаймын, өзіммен қия шыңда.

Көргеннен мен өзіңе ғашық болып,

Сұлу әлем туылды қиялымда.

Мен сені ұнатамын, ұнатамын,

Сен білсең, мына менің шыңда тағым.

Өзіңе ынтық болған жүрегімді –

Жыр жазып, міне осылай жұбатамын.

Сен менің ұғынсаң ғой сезімімді,

Демегің мұным саған сезілмеді.

Өзіңе ақын болып ән арнасам,

Ол менің – шын ғашықтық кезім еді.

Сенде-ақын, менде-ақын, ақындармыз,

Өлеңге өңі бөлек, жақын жанбыз.

Сен мені ұға алмадың, өкінішті –

Өкінем, болғанына –таңым дарсыз.

Сен мені – түсінерсің, түсінбессің,

Мұның бәрін – түн көрген түсім дерсің.

Егер де өлеңімді шын аңғарсаң –

Бірде –ашулы, ал бірде –күлімдерсің.

Мен-дағы өжет едім, жансақ едім,

Бұл күнде болды менің аңсау дертім.

Қараңғыда жарыққа зарлы болсаң –

Мен өзіңді дәл солай аңсап едім.

Сырымды ұқ. Жырымды оқы. Аңса дәйім,

Есіме сен, түсесің сағат сайын.

Іштегі бар сырымды ақтардым мен –

Қалғанын өз еншіңе қалдырайын...

 

Мәңгілік ел

Ұлы жолда төгіліп қан менен тер,

Қиылып қыршынынан жан менен тер.

Бос кетпей төккен қан мен жұмырық жан,

Туылды карталарда Мәңгілік Ел!

Күн сүйіп көк жалауын аспанымда,

Азаттық келген жоқты қас-қағымда.

Жазылды батырлардың ұлы ерлігі,

Қазақтың қанмен жазған дастанында.

Мәңгілік ел!

Арман болған кешегі азап күнде,

Сонда да түңілген жоқ қазақ мүлде.

Істері қарсы келмей шариғатқа,

Айналды сол армандар ақиқатқа.

Тұрақты орнап Тәуелсіздік тұғыры,

Нұрын шашты зеңгірінен күн нұры.

Қазақ елі – мәңгілік Ел атанып,

Ұзақ болғай Отанымның ғұмыры.

 

Досқа сыр немесе өміршен

(ой сараптаған кезде туылған туынды).

Бүгін болсын, ол мейлі ертең болсын,

Мен білермін бір күні өлерімді.

Оған бола қинаман жас жанымды,

Мен білемін апарып көмеріңді.

Түскенде шыбын жаным арпалысқа,

Көз жүгіртіп,мен басқан әр шалысқа.

Апарыңдар қабірге маған қазған,

Тұрған анау қалқиып жар алысқа.

Жыламасын айтарсын әке-анам,

Өлу үшін мен-дағы жаратылғам.

Келіп дұға қылыңдар шырағыма,

Қырық күнде жылуы таратылған.

Жыламасын қарындас-бауырларым!

Жыласа олар мен-дағы ауырларым?

Атады ана өмірде, түнекте де,

Мұң басқан мола ішінде қауырт таңым.

Артымда қалар-дағы қилы күнім,

Артымда қалар-дағы сыйлы түнім.

Сақталсын жарқын бейнем естеріңде,

Сақталмаса, қалғайды, мейлі үнім.

Жырымды оқы, үндемей, сабыр етте,

Шошынып, бұдан кейін , дабыл етпе.

Мен алдымен барайын сол түнекке,

Жолығармыз бір күні ахыретте.

Өмір тілеп барамын әрбіріңе,

Бұл ойым, ұнамас-ау бәз біріңе.

Дұғаңды оқып, келіп тұр қырда жатқан,

«Ұлан деген бір ұлдың қабіріне».

Ілініп сұм ажалдың қармағына,

Амал барма? Соңынан бармағыңа?

Жүргенде былай-былай бет сипап өт,

Іштеріңнен деп: «Ұлан аруағына».

Сұрама менен енді ештеңе бермеймін,

Жұмсақпын бірақ, құмымен жатқан жердейін.

«Өлді деп мені жылама ешкім жылама»,

Жылаған менен қайта тіріліп келмеймін.

Бөленіп бұлай жүрмеспін өмір нәріне,

Деп айттым мұңды... салмастан бұрын қабірге.

Шапағатымды тигізіп жатам өлсемде –

Арулап көмген, арулап көмген Бәріңе!

 

Таныстыру

(бір досымның өтініші бойынша)

31 жыл мен ұстаздық еткенмін,

Осы жолда өтіп жатыр көктемім.

Түлегімін түлеп ұшқан кешегі,

Индердейін туып-өскен өлкемнің.

Мен, Үмітқалиқызы Гүлнар Құспанова,

Ұстаздықты демеймін тыс жаныма.

АГУ-де білім алдым болашақ деп,

Кешегі Үкіметтің тұстарында.

Ұстазымын орыс тілі пәнінің,

Тұнығынан сарқып ішкен нәрінің.

Қыр мен сырын үйретуден талмаймын,

Осы пәннің мақсаты мен мәнінің.

Түзде болсам бар баланың анасы,

Қамқорлайтын, саялайтын панасы.

Үйге келген кезімде мен Қайырбек,

Нұрбек, Айбек ұлдарымның анасы.

Араладым білім деген кен ішін,

АЙТИ- деген алтын орда, кенішім.

Осы ұжымда еңбек етіп ұзақ жыл,

Көрудемін сол еңбектің жемісін.

Бар балалар болса егер білімді,

Сол ғой менің өмірдегі жеңісім!

 

Болашақ домбырашы болғайсың...

(Х.Досмухамедов АМУ-нің физика-математика факультетінің I курс студенті Жанат есімді қыз күй төккенде туылған өлең)

Бабамның жаңғыртқандай мол мұрасын,

Еске сап өткен күннің қалдығасын.

Есіме Дана күйші түсіп кетті,

Жанат қыз шерткенінде домбырасын.

Кеудемде бұлқынғанды тасқын өлең,

Өлеңге – күй еді ғой шабыт берген.

Көріндің көп ішінен даралана,

Өсер бала он бесте баспын деген!

Шабытымның шалқыған кезі бүгін,

Қабыл алғың, ақынның лебіз үнін.

Домбыраны серік қып өмір бойы,

Болғайды Дина-Жанат егіз ұғым?

(21.09.2013).

 

Үлгі қылғың Фаризаның соқпағын...

Айнұр Армановаға

Талабыңның зор екенін байқадым,

Төгілткендей зеңгір саған ай-нұрын.

Алтын сабын қолға алыпсың ұлы істің.

Оң болғайды әр қадамың Ай нұрым?

Бөтен ой, арзан сөзді құптамағың,

Сынбасын додаларда құлын-сағың.

«Әдебиет – ардың ісі» деген сөзді,

Ешқашанда, Айнұр қыз, ұмытпағың.

Қолға ұстап әдебиеттің тоқпағын,

Маздамаған секілдісің от-жолын.

Өлең деген бет бұрыпсың өлкеге,

Үлгі қылғың Фаризаның соқпағын.

Жазылмаған ақындардың жай жыры,

Жетелеген болашаққа сай-қыры.

Өлеңіңмен жаулап жұрттың жүрегін,

Атанғайсың бар қазақтың Айнұры!

 

Тылсым күшке буырқанды өрт кеудем

(Айнұр Армановаға)

Қазақы өлең, кетпесін бояу,

Түспесін соған қан-көбік саяу.

Өлең-дегенің құдірет күшті,

Ол жайлы кеше жырлады жаяу.

Тылсым күшке буырқанды өрт кеудем,

Талай-талай отына мен өртенгем.

Қазақта бар бір ақын қыз ел білген,

Өлең туын шыңға дейін көтерген.

Туралықтың тығыз ұстап жалауын,

Шашпа, қалқам, өлең-өлке алауын.

Сол өлеңді енді бүгін өзіңе,

Аманат қып, қалдырамын,қарағым!

Туралықпен хакімдік,

Халыққа деген жақындық.

Баршамызда алдымен,

Жаратқанға табындық.

Өлең емес орын алар,

Шалғайда өскен шабындық.

Шабыт келсе шаң қылып,

Борандай талып қағындық.

Тұқетерін айтқанда,

Өлең менен ақындық,

Енді өзіңе аманат!

 

Еске алу

(Өтініш бойынша туылған өлең)

Жан едің бар пендеге өнегелі,

Өмірің адалдыққа өрілгенді.

Он жыл уақыт өтіпті желдей есе,

Өзіңді шіркін, аға, көрмегелі.

Сарылып өзіңізді сағынамыз,

Аруағыңа дұға ғып табынамыз.

Қайтейік сағынған мен, қайран аға,

Жазғанына тағдырдың бағынамыз.

Әке орнына әке де, аға болып,

Таныттың ұрпағыңа оң мен солын.

Інілерге іздегі бағыт болды,

Өзіңіз салып кеткен таным жолың.

Өсірдіңіз Ермек,Ерсін, Нұржандарды,

Үйреттіңіз олардың білмегенін.

Жанымызға батады баршамыздың,

Солардың қызықтарын көрмегенің.

Деуші едің жақсы болсаң бақ табасын,

Таныттың қу тірліктің ақ-қарасын.

Асыл аға, әз аға ұрпағыңның,

Мәңгілікке жадында сақталасын?

 

Ақ маңдайлы Адай қыз

Группаласым Гулфайрус Құрметке

Шұғылалы алтын күндей арайсыз,

Барша жанға ыстық көзбен қарайсыз.

Ақын болып ән арнайын өзіңе –

Қабыл алғың, Ақ маңдайлы Адай қыз!

Дос болуға талайлармен жарайсыз,

Самал желмен қолаң шашты тарайсыз.

Таң нұрының шапағына бөленіп,

Бақытты бол, Ақ маңдайлы Адай қыз!

Жігіт болып қыз жанына маңаймыз,

Аруларды қызғалдаққа балаймыз.

Қыр гүліндей сұлу болып, сәнді боп,

Қала бергің, Ақ маңдайлы Адай қыз!

Менде саған ынтық көзбен қарайын,

Періштелер сабынан деп санайын.

Болса-дағы көп арулар өмірде,

Аруы боп қала бергің Адайдың!

 

Сықақ өлең

Өлеңменен жарқын ғып кешіп жүрміз өмірді,

Жырға бөлеп нұр қылып маңай менен өңірді.

Сұрағанда қиылып сұқтанып ап жанарың,

Бермепсің ғой Мөлдіржан Бақытгүлге нөмірді.

Бойымдағы қасиет көрінер деп сөзімнен,

Өлең өрдім ақын боп, сабыр қыла төзіммен.

Сұраудағы мақсатым нөміріңді қиыла,

Жақын ғана танысу еді, қалқам, өзіңмен.

Әділдікті көздеген пендемізғой аяттай,

Мінез болмас өзіңде денелетер таяқтай.

Бермесеңіз нөмірді, бермей-ақ қой Мөлдір қыз,

Мен барамын өзіңе күні ертең-ақ аяқтай.

 

Мақтанамын атаммен

(атам, ҰОС ардагері Елемесов

Иманғали атама бағыштаймын).

Ағалар аз ба, кеуде тосқан қан-майданның оғына,

Талай жандар шейіт болды ғой,

Азаттықтың жолында.

Менің де атам ардагері, осы қанды майданның,

Соны айтпаққа шабыттанып,қаламалдымқолыма.

Менің атам –Елемесов Иманғали,батырым,

Кешегі күн іздерінде салқын тартқан жатыр мұң.

Өзегімді мақтаныш қып күні-түні кернейді,

Ұрпағы боп туғаныма атамдайын батырдың!

Өткен күннің бейнесі бар зеңгірі мен күнімде,

Сағыныштың сезіле ме самал желі үнімде.

«Жеңіс»деген ұранменен атқа қонып ақ атам,

Ерлік пенен шайқасады Брянск түбінде.

Деуші еді көзкөргендер, «сенің атаң-дархан, кең»,

Есіміңді көп алдында мақтанышпен атап ем.

Дүниенің төртбұрышын кезсем-дағы шартарап,

Тайсалмастан мақтанамын, мақтанамын атам мен!

 

«Достық тілек». ЮКО студенті Әсияға арнаймын.

Қыпша белі қиылған, Әсия ару!

Жазылмайды қағазға ән сиясыз,

Қарыштауда Зеңгірге тән қиямыз.

Ақын болып өзіңе өлең өрдім,

Қабыл алғың мұнымды – Әсия қыз!

Келбеті көктем дейін күлімдеген,

Деп қалдым кең даланың гүлі ме екен?

Сен бе едің періштесі сұлу жүзді,

Жанарынан әрдайым күні күлген.

Қыпша белі қиылған, Әсия ару!

Жүзіңдегі күлкің-ақ жанға дәру.

Өзіңдей жайдарлы жүз, жаны аппақ,

Аруларға жігіттің жаны зәру.

Кірлетпе мұң шалмаған жүрегіңді,

Торламасын күрең күзкүн-реңінді.

Өзіңе бақыт тілеп, өлең өрген,

Қабыл ал, Әсия ару, тілегімді.

 

Ұлан деп қойған екен маған атты

Ұ- лыдай болсыншы деп ұлағатты,

Ұ-л қылып бойымызға қандарыпты.

Ұ-лына атам менің аян беріп,

Ұ-лан деп қойған екен маған атты.

Л-айықты болсам деймін осы атқа,

Л-ақтайын ырғығам жоқ осал таққа.

Л-айланып кетпесе екен мөлдір ғұмыр,

Л-айым, О, Жаратқан содан сақта!

А-қтасам деген арман үміттерді,

А-рылтып саналардан күдіктерді.

А-рманым әділ сөйлеп, тура жүріп,

А-дамға таныту ед(і) шын тектіні.

Н-алыған кездерімде болды ұдай,

Н-әр қылып сабыр берді сонда Құдай.

Н-изамдай адам болып, мақсат тағы –

Н-амыстың туын ұстау ешбір жықпай!

 

Нұрхан ініме

Ұзақ ойға шомылдым,

Назар салып өткенге,

Інішектің мен үшін, орны бөлек, бір-төбе.

Тәй-тәй басып жүргенде,

Ата-анаңыз ұйғарып,

Тұсауыңды кескен ем, көкжелекті көктем де...

Қызыққа толы білгенге,

Кешегі қалған ескі күн,

Жыр жаздым саған, інішек,

Шабыттанып кешқұрым.

Білім – деген тұңғиық, жүрекке құйсын есілін,

Нұралыхандай болсын деп,

Нұрхан боптыесімің.

Ортаймасын ешқашан шат-думанды көңілің,

Сынағына талайдың , мойымағың, көнінім!

Аяқтай келе жырымды, айтарсол менің тілегім,

Мұңсыз, бұлтсыз болғайды,

Ғұмырлы сенің өмірің!

 

Сырласу немесе досқа мұң

О, Диас!

Сен мені таныдың ба, таныдың ба?

Ашымайтын жан бекем жаны дымға.

Сен білсең мына мені жыққандар көп,

Солардан қуаттанып, қажыдымда.

Сыр айтамбіліп сеніңсөкпесіңді,

Сөкпесіңді ұғынып шөкпесіңді.

Сындарынан жалықтым жамандардың,

Темекіге тұншыққан өкпе сынды.

Сыртқы көз сыншы болып жалықтырды,

Қажытты арзан сөздер таратылған.

Көргенде сыншыларды деп қаламын,

Жан ба едім сыналуға жаратылған.

Біреу мақтар, ал біреу табалар да,

Таласқа сонда түсер ақ пен қара.

Бойымнан табалаған табар мінді,

Талаймін болған ғой-ау бабаларда.

Сынағыштар сын тағып, көкке өрлей ме?

Сынағанда мін тауып, төпейді де.

Өздерінде мін жоқ па адамдардың,

Жоқ әлде болса-дағы көрмейді ме?

Сынағанда сөз бермес бір-біріне,

Қалғандай шыбын жаны сусыз шөлде.

Өзгеге айту үшін мінің оның,

Өзінің болмау керек міні мүлде.

Бірақта, мұны ескерер саналы аз,

Ақылы төрде емес әсте есікте.

Өзінікіболса да жалаужыртық,

Күлетіндер көп-қой-ау бір тесікке.

Заман ба деп қаламын ескішілеу,

Бұл сөзімд іұнатпас біреу-міреу.

Болса да мінсіз адам, мінді адам,

Барлығына кіретін тесік біреу!

 

Мен оның, оны сүйген құлымын.

Бойыма менің өнерді дарытқан кім?

Жаратқан.

Құдіретті ұлы күш.

Ол - талайларды құбылаға қаратқан.

Аман қылып алып шығар –

Өрттен,

Судан,

Алаптан.

Бар мадаққа лайық ол –

Жаратқан !

Мадақ айтып, мен бастадым,

Басым бүгін жырымның.

Түгел шарлап көкжиегін,

Қырымның.

Алланы жырға қосатын кімсің десеңіз?

Мен оның - оны сүйген құлымын!

 

Қуаныштан білсеңіз мұңым басым...

Жалықтым төге-төге көздің жасын,

Осылай мен бастадым жырдың басын.

Мына бір бес күн жалған дүние де –

Қуаныштан білсеңіз мұңым басым...

Бекітіп жүрегімнің құлып-тасын,

Алғандай өзегімнің жұлып жолын.

Мына бір ақ пен қара қос фәниде –

Қуаныштан білсеңіз мұңым басым...

Емес ем ауырлардан кетер қашқын,

Бар іске тәуекел деп алға бастым.

Осылай болса-дағы өмір құрғыр –

Қуаныштан білсеңіз мұңым басым...

Қуаныш аз емес-ті бар ғой тәубе,

Ұласқан жақсылықтар әуезді әнге.

Сол қуаныш – қуаныш болғанымен –

Соңы мұңлы болады, білмеймін неге?

 

Ал, енді келер болсам мұңыма өз,

Бірің –ұқсаң, ал бірің – ұғын бассың.

Дегендер көп болды ғой болып:

«Ұланжан, бұл фәнидің сынына төз».

Төзейін мен қашанғы сынаққа бұл,

Құлар күнді сырт көз бақылап тұр.

Мұң басқан жанарымды жас жігітпін,

Мұң болып өрілген-ді мендегі жыр.

 

Ақұштап Бақтыгерееваға

Армысыз, Атыраудың қарлығашы!

Бір сәуле бүгінгі күн жалын шашты,

Сол шуаққа малынды кәрі-жасы.

Жырыменен бар жұртты баурай білген,

Армысыз, Атыраудың қарлығашы!

Қуаныштан тұрғандаймын мен өзімді шақ ұстап,

Өзіңізге айқарыла ашылғанды бар құшақ.

Босағасын аттағансыз келін болып бұл жердің,

Қош келіпсіз сол мекенге –Ақын апа–Ақұштап!

Талайға өлеңде ұран асыл аптың,

Болғайсыз жыр Жамбылдай ғасыр ақын!

Жырларыңды күтеміз әлі талай,

Шөлдегеннің сусынын қандыратын.

Күтеді, сағынады өзіңізді,

Бұл жердің сізді білер бар баласы.

Сондықтан сағындырмай келіп тұрғың,

Атыраудың ақ қанат шағаласы!

[16.05.14.Универ-ге ақын Ақұштап

Бақтыгереева келгенде оқылған өлең].

-ға

Сен мені сағындың ба, сағындың ба?

Жанарың бұланды ма сағым мұңға.

Сезімнің пердесінен тұмар тағып,

Осылай әрбір күнге бағындың ба?

Шаршама,

Сағына бер, сағына бер,

Өтінем өзгелерге ақтарма шер.

Егерде жүрегіңе ем іздесең,

Махаббаттың баяғы бағына кел.

Пана қыл, әз жаныңа саябақты,

Талайды сол саябақ саялапты.

Сендегі маған деген өшпес өзім,

Менің аза жанымды аялапты.

Сағына бер, жалықпа, сағына бер,

Өтер күндермұңлы боп күйзелетін.

Сағына бер, жалықпай, сағына бер,

Күн келеді ертең-ақ кездесетін.

18.05.14. 00:43.

 

«Алтын белгі» жарқырасын төсіңде...

Қарындасым Әсем мектеп бітіруіне арнаған өлеңім

Нұр болып төбемізде жалын шашқың,

Адымдап баққа қарай қадам басқың.

Түлек боп түлеп ұшқан бүгінгі күн,

Мерекең құтты болсын, қарындасым!

Аға боп мен өзіңе ән арнадым,

Толқынына төзе біл, сол арнаның.

Өзіңе менің айтар тілегім сол,

Орындалсын, көкешім, армандарың.

Сөз сөйлесем шешендейін көсіле,

Талма, самға, әрдайымда, өс,өрле!

ҰБТ-дан жинап 120 балыңды,

«Алтын белгі» жарқырасын төсіңде.

25.05.14.

 

Таңатар Дәрелұлына

Бөленген батасына бар қауымның,

Төзе білген нөсеріне жыр-жауынның.

Армысыз, Таңатардай ақын аға,

Мақтанышы бола білген ауданымның!

Аман болып әрқашан, ақын аға,

Серперді әлі талай басқарыңыз.

Құтты болсын кешегі келіп жеткен,

Асқаралы алпыстай асқарыңыз!

Сіздердей ағаларым болса ғой көп,

Болар еді сол кезде көңілім тоқ.

Өзіңіздей тудырған текті ұлды,

Дәрелдей әкеңіздің арманы жоқ.

Біздің өңір киелі, қасиетті,

Тудырған сөз өнердің майталманын.

Жұмекен, Әбулердің есімдерін,

Жат жерде жүрсем-дағы қайталадым.

Ұлылардың ізі деп өзіңізді,

Еш жерде қысылмай-ақ айта аламын.

Жүрсе де айналасын қаптап ісі,

Қажымағай, ақынның қайрат-күші.

Жамбылдың жасын сізге тілек еттім,

Ауданымның айтулы мақтанышы!

Ақынсыз ел білетін, көпке мәшһүр,

Желкенін босатпаған жыр-кеменің.

Өзіңізді өмір мен өнеріме,

Әрқашанда, ақын аға, үлгі етемін.

 

Шет тілі пәнінің мұғалімі

Гүлнара Ихсановаға

Тапсырғанда емтиханды,

Шықпаған-ау тер шықты.

Найза алып жауға түскен,

Болдық қой-ау ер сынды.

Қиналдық сұрақтарға жауап таппай,

Отырарды отыз күн күйреткендей.

Тіліміз бұралды ғой сөйлей алмай,

Қытайларға қазақша үйреткендей.

Қазақтарда жоқ еді ғой,

Дұрыс-бағыт-жол таса.

Білетінім ағылшыннан,

I love пенен how are you?

Осы күйім ағылшыннан,

Менің апай білсеңіз.

Нұр үстіне нұр болар ед(і).

Егер бестік берсеңіз...

 

Сырым осы

Көрісіп тұрғандай,

Өзіңмен күн ара.

Өзіңде өзгеше,

Өзгеден үн дара.

Сүрінбей өтуші ем,

Бұлт жарған мұңдарда.

Қасық қан қайнайды,

Шаққандай кіл ара.

Сүйді деп сөнсеңіз,

Мені емес,

Жүректі кінәла.

 

Өкініш өртеді,

Өкпедей сендегі.

Селқос боп көрінді,

Өзімнің селдері.

Ақындық бар атақ,

Абырой шендегі.
 

Ойларым телегей,

Мұнайдай кендегі.

Қысқа ғып айтарым,

Сыр осы мендегі!

 

Тағы да саған (-ға)

Өзіңе жырменен,

Сыйлайын қыр гүлін.

Жанымды баурады,

Наз үнді қылығың.

 

Өзіңе тең емес,

Мен көрген еш пенде.

Сен едің ақ құба,

Ақ маңдай періште!

 

Төгілткен нұрын,

Әуезді үнің,

Шуағы алтын,

Сенбісің күнім?
 

Жырымда дайын,

Бишідей қайың.

Сұп-сұлу көркем,

Сенбісің айым?

 

Ажары мұңсыз,

Қылықты қыз,

Жымысы сылқым,

Сенбісің жұлдыз?

 

Жаныма дауамысың?

Жақын боп барамысың?

Алыстасаң тұншығамын,

Тап-таза ауамысың?

 

Ақыл мен ажарыңды,

Алтынмен шегелепсің.

Сендағы кім болсаң да,

Қол жетпес періштесің!

 

Өкініш

Ақындықтың шырқағанда арда әні,

Жанға батады. Дүниенің жалғаны.

Менің қарам байқалмаса үйімде,

Менсіз тұру,

Менің әкемнің арманы.

 

Дей алмаймын, өзгелерше сый ермін,

Даттаса жұрт оттай лаулап күйермін.

Мені көрсе әкем болды жынданат,

Мен көзге шыққан сүйелмін.

 

Бұған білмеймін, өзге қалай қарайды,

Өзге әке, ұлын алтынға балайды.

Ал, менің әкем тынылу болып құлағы,

Менің үйде болмағанымды қалайды.
 

Мұндай кезде қалай ойнап-күлерсің,

Өлмей қалай, жерге қарай кірерсің?

Менде ертең я бүрсігүні өлемін,

Сонда әкем, тыныш өмір сүресің.

18.06.2014.

 

Қолшатырың қайда?

Алысқа ұзап, жаныма мұң батырдың,

Өзіңе жету үшін жол жатыр мың.

Менен саған естелік болып қалған,

Қолыңда мен сол әлі қолшатырың?
 

Ренжіттің «кетем деп» долдандырдың,

Сезім қалды басымда сол шатырдың.

Менен саған естелік болып қалған,

Қолыңда ма сол әлі қолшатырың?

 

Желмен есіп аңқығандай гүл исің,

Сен аруым,

Таңда ашылған гүлдейсің.

Енді жоқпын мен-ау сенің қасыңда,

Сол қолшатырды тастама,

Сонда мені қасыңда деп білгейсің.

 

Неге езілдім, өткенді ойлап мен пақыр,

Солып қапты кездесетін жолда гүл.

Менен саған естелік боп қалғанды,

Мені есіңе салып жүрсін қолшатыр.

 

Мен – кіммін? Кімнің ұрпағымын?

Мен – серімін. Ұрпағымын Ақанның,

Жігітімін мына заман жаһанның.

Сынағына төтеп беріп келемін,

Сүріндірген талай-талай жаманның.
 

Мен – қазақпын.Ұрпағымын Жұбанның,

Осы сөзбен жылағанда жұбандым.

Мен – мұсылман артық қойған бағамен,

Қасиетті, құдіретті Құранның.

 

Мен – ұрпағы, Әл- Фараби даланың,

Бар ғұмырын әр ғылымға бойлатқан.

Мен – ұрпағы кешегі сорлы қазақтың,

Талай басқа қамшыларды ойнатқан.
 

Мен – ұрпағы, батырлардың өр іргелі,

Қамшысы боп керегінде өрілем.

Мен ұрпағы - арсыз, надан, қызғаншақ,

Қазақ деген халықтың –ау төр ілген.

Бейбақтықтың дәлелі сол емес пе,

Өз қазағым Махамбетті өлтірген.
 

Мен ұрпағы Табылдыдай ақынның,

Шындық кезде шыбын жаным шарқ ұрды(м),

Мен – ұрпағы Біржан салдай серінің,

Өз ұлынан өлім көріп бақырдым.
 

Саралап келгенде баршасын,

«Мен кіммін» деп ұзақ ойландым.

Саралап бабамның датын,

Саусақтап бабамның ғажабын.

Қорытынды мынау боп шыққаны -

Мен - бағы мен соры тең -

Ұрпағы қазақтың!


 

[05.07.14]

Киелі Атырауға арнау I

(романс)

Жайыққа дейін созылды атырабың,

Арай күліп атуда әрбір таңым.

Күннен - күнге өркендеп өсе - бергің,

Мұнайлы өлке, киелі – Атырауым!
 

Махамбет, Исатайдай батырың бар,

Ұрпағы біз солардың батыр қауым.

Ұлылардың өлкесі, құт мекені -

Жасай бергің киелі - Атырауым!

 

Әсемдігің алғасын көздің жауын,

Шағылар ма ал сонда мендік тауым.

Жаса, жайна, жалын ат әрдайымда,

Арайлы да, ардақты – Атырауым.

 

Ақын қызға

Д. Берекетке

Дегенде ей, ақын қыз, ей ақын қыз!

Біз – деген келер күннің ақынымыз.

Серік қып өлең-жырды жанымызға,

Сонымен ақтарылар жан-сырымыз.

 

Сен болсаң қазіргінің – Фаризасы,

Отты өлең, әсем жырдың дариясы.

Өзіңе Мұқандай ғып мұң шағамын,

Достықтың соқталғай деп құпиясы.

 

Өзіңмен сырласамын. Сыр ашамын,

Мен – досың, бірге өзіңмен мұңдасатын.

Шабытпен бірге келші өлең тасып,

Айқара құшақ ашып қарсы аламын

 

Ақшаның бейбақ пенде құлы болып,

Жұмырық жүректегі нұры солып.

Білімсіздер білімдінің қызметте,

Жүретіні белгілі соры болып.

Жұлдызы сауаттының жана бермек,

Білімді – білімді боп қала бермек.

Ақшамен мың сан рет илансаң да,

Сауатсыз сол күйінде қала бермек.

 

Нала немесе досқа сыр

Ей, досым!

Мына заман дейсің бе қандай заман?

Заманның көрінісі қандай жаман.

Бірін-бірі алдаған арзан тірлік.

Арсыздық адамдарды маңайлаған.

Қосылмай айырылып қол екіге,

Ашуда тұрақтады жас кеудеге.

Заманның азғындағы сол емес пе?

Білімде түскеннен соң бәсекеге.

Білімді сата берсек ақшаға біз,

Надандыққа қақпаны ашқанымыз.

Балаға «бес қойдырып, сатып берсек»,

Қисық ағаш егеміз бақшаға біз.

 

Егерде білім-ақша болса дағы,

Жүрекке «иман емес, құм талғаны»,

Байлардың тәжі жерге құламайды,

Болашағы баласының салса дағы.

Өйткені, олардың қадамы ақша,

Сондықтан, ұрмайды ғой басты тасқа.

Ей, пенде,

Қанша байлық тасса-дағы,

Көбейіп, көлдей толып, төрге шашпа!

Ұрпақ қалай оңады, бұндай күнде.

Қалалмайды гүлдері солмай мүлде.

Білімсізге ақша мен жолы ашық,

Тұсауменен жол жабық білімдіге.

Салады мұндай қоғам пендеге ой,

Саналыға бет бұрып, түзейік бой.

Ей, досым, сенде білем, білесің ғой.

Ақшасыз сындарда.

Білімдінің жұлдызы жанбайды ғой.


 

Айта берсек, заманның қыры басым,

Дей алмаймын, адамның бәрі де асыл.

Бірі болса білімнің шам-шырағы,

Енді бірі ақшамен болған масыл.

Егер де білімді алсаң ақша қылып,

Адалдық атыменен қуылады.

Ақшаның міне берсек мінберіне,

Білімді ұрпақ сонда қашан туылады?

Ақша беріп, бәрін де бұзған-дағы,

Өзімізбіз. Соған мойын бұрылмай ма?

Адамдар. Шыныменен ойланыңдар,

«Жел болмаса шөп басы қыбырлай ма?»

Білімді адам, батырса да батпайды,

Надандардың таңы арайлы атпайды.

Ақшаға алған білімсіздің тұлпары,

Ешқашанда төрге қарай шаппайды.

 

Ұлан Иманғалиев

Өлеңім-өмірім

2017 жыл

Опубликовано


Комментарии (0)

Чтобы написать комментарий необходимо авторизоваться.