Тесты по биологии на казахском языке

0
0
Материал опубликован 17 May 2018

1 нұсқа

1

Тірі ағзалар шамамен суда қашан пайда болды

А) 2,7- 4,5 млрд жыл бұрын В) 1,5- 5 млрд жыл бұрын

С) 5 млрд жыл бұрын Д) 2 млрд жыл бұрын Е) 1,5 млрд жыл бұрын.

2

Вирустарды зерттейтін ғылым

А) Бриология В) Биология С) Цитология Д) Микология

Е) Вирусология

3

Органикалық заттармен қоректенетін бактериялар аталады:

A) Динитрлеуші. B) Нитрлеуші. C) Сапрофитті.

Д) Паразитті. E) Хемосинтездеуші.

4

Тұмауды қоздырушылар-

A) Вирустар B) Шаң-тозаңдар C) Саңырауқұлақтар

D) Ұсақ ағзалар E) Бактериялар

5

Микоризаны алғаш анықтап, зерттеген ғалым.
А) Зелинский В) Сеченев С) Павлов
Д) Каменский Е) Вавилов

6

Қыналарды зерттейтін ғылым

А) Бриология В) Лихенология С) Цитология

Д) Микология Е) Вирусология

7

1892 жылы вирусты ашқан ғалым

А) А. Левенгук В) Ж.Б. Ламарк

С) М.В. Бейерник Д) Л. Пастер Е) Д.И. Ивановский

8

Қынаның денесінде селбесіп тіршілік ететін балдырлардың
саңырауқұлақтардан алатын заты
A) Ауа. B) Көмірсу. C) Органикалық заттар.
D) Майлар. E) Минералды заттар және су. 

9

Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер

А) Споралылар В) Паразиттер С) Сапрофиттер

Д) Хемосинтездеушілер Е) Паразиттілер және споралылар

10

Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы

А) Цианобактериялар В) Шіріту бактериялары С) Түйнек бактериялар Д) Спирохеталар

Е) Ауру туғызатын бактериялар

11

Вирустың өлшемі

А) 0,0000002 см В) 0,000005 см С) 0,0000001 см Д) 0,0000004 см Е) 0,00000010 см

12

Саңырауқұлақтардың түрлерінің саны

А) 2000 мыңнан астам В) 250 мыңнан астам С) 100 мыңнан астам Д) 8000 мыңнан астам Е) 10000 мыңнан астам

13

Пенициллин дәрісін алуда қолданатын саңырауқұлақ

А) Қозықұйрық В) Көңқұлақ С) Түлкіжем

Д) Пеницилл Е) Боз арамқұлақ

14

Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қына

А) Таспа тәрізді В) Қатпаршақ тәрізді

С) Бұта тәрізді Д) Жапырақ тәрізді Е) Қабық тәрізді

15

Белгілі аумақта тіршілік ететін тірі ағзалардан тұратын, өзін-өзі басқарып толық ретке келтіріп отыратын биологиялық жүйе

А) Биогеоценоз В) Биоценоз С) Экотоп Д) Экологиялық жүйе Е) Продуценттер

16

Продуценттер дегенімз-........

А) Органикалық емес заттардан органикалық заттар түзетін және күн сәулесінің энергиясын бойына сіңіретін жасыл өсімдіктер, автотрофтар

В) Дайын оргаинкалық заттармен қоректенетін жануарлар- гетротрофтар

С) Органикалық заттардың қалдықтарын ыдырататындар Д) Белгілі аумақта тіршілік ететін тірі ағзалардан тұратын, өзін-өзі басқарып толық ретке келтіріп отыратын биологиялық жүйе

Е) Тарихи қалыптасқан белгілі бір тірі ағзалармен және өлі табиғаттармен компоненттерінен түзілуі

17

Қазақстанда қанша мемлекеттік табиғи қорық бар

А) 9 В) 15 С) 10 Д) 8 Е) 7

18

Қазақстанда «Қызыл кітаптың » бірінші басылымы жарыққа шыққан жыл:

А) 1996 ж В) 1995 ж С) 1997 ж

Д) 1978 ж Е) 1981 ж

19

Бидайды зақымдайтын саңырауқұлақ

А) Қозықұйрық В) Қастауыш С) Түлкіжем

Д) Қаракүйе Е) Боз арамқұлақ

20

Топырақта азот қосылыстарын жинаушы бактериялар аталады:

A) Паразитті. B) Динитрлеуші. C) Хемосинтездеуші.

D) Нитрлеуші. E) Сапрофитті.

21

Сапрофиттерге жататындар:

А) Плаундар В) Қыналар С) Вирустар Д) Балдырлар Е) Саңырауқұлақтар

22

Қазақстанда «Қызыл кітаптың » екінші басылымы жарыққа шыққан жыл:

А) 1996 ж В) 1995 ж С) 1997 ж

Д) 1978 ж Е) 1991 ж

23

Дайын оргаинкалық заттармен қоректенетін жануарлар- гетротрофтар

А) Продуценттер В) Редуценттер С) Экотоп

Д) Консументтер Е) Экожүйе

24

Паразит саңырауқұлақтар

A) Ақ зең саңырауқұлағы B) Арышқұлақ

C) Түбіртек D) Қаракүйе Е) Түлкіжем

25

Қалпақшалы саңырауқұлақ деп аталу себебі:

A) Денесі тек түбіртектен тұрады.

B) Түбіртек пен жіпшеден тұрады

C) Денесі тек қалпақшадан түзілген.

D) Денесі түбіртек пен қалпақтан тұрады.

Е) Саңырауқұлақтың пішіні қалпаққа ұқсайды.


 

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.