План урока на казахском языке «Карлсон бізде қонақта»

0
0
Материал опубликован 27 January 2017

«Карлсон бізде қонақта»

Мақсаты: Балалардың көңіл-күйлерін көтеру, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Қимыл-қозғалысқа тән бірнеше ойындарды бірігіп ойнауға үйрету. Татулыққа, достыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықсын күн бүгін!

Нұсқаушы:

Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боларсың.

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалай да.

Сайысқа қатысушылар: «Бауырсақ», «Айгөлек», «Ақ бота» 2-кіші топ сәбилері.

Әділқазы шешеді,

Істің ақ пен қарасын.

Ойын-сауық жарыстың,

Әділ берер бағасын.

(Әділқазылар таныстырылады).

Ғажайып сәт. Карлсон есіктен кіре алмай бір қанатын сындырып алады. Залға ренжіп кіреді.

Нұсқаушы: Сәлеметсің бе, Карлсон. Сенің неге көңілкүйің жоқ?

Карлсон: Мен қанатымды сындырып алдым. Енді қалай ұшамын?

Нұсқаушы: Қане, біз саған көмектесейік. Сенің қанатыңда тапсырмалар бар екен. Біз соны орындасақ қанатың жазылады.

Карлсон: Мен тапсырмаларды орындай алмаймын ғой.

Нұсқаушы: Сен уайымдама, балалар көмектеседі. Біз спорттық ойын-сауық ойнап жатырмыз. Бізге тапсырмаларды орындау қиын емес. Балалар, Карлсонға көмектесіп қанатын қондырып береміз бе? (Иә).

Нұсқаушы: Ендеше балалар,Карлсонның тапсырмаларын орындайық.

1.«Сылдырмақты сылдырлат».

Ойын шарты: Доғал астынан еңбектеп өтіп сылдырмақты сылдырлату.

Мақсаты: Балаларды төрттағандап еңбектеуге,шапшандыққа үйрету.

2.«Менің көңілді добым».

Ойын шарты: Допты домалатып кегельдерге тигізу.

Мақсаты: Балаларды мергендікке, ептілікке үйрету.

3.«Көңілді көжектер».

Ойын шарты: Қос аяқпен секіріп көкөністер арасынан сәбізді жинау.

Мақсаты: Балаларға көкөністерді бір-бірінен ажыратуға және қос аяқпен секіруге үйрету.

4.«Кім шапшаң».

Кегельдер арасымен жүгіру.

(Тапсырмалар орындалған соң Карлсонның қанаты жазылады. Ол қуанып, балаларға алғысын айтып ұшып кетеді).

Сергіту сәті:

Музыка ырғағына сәйкес жаттығулар орындау.

Нұсқаушы:

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық кәнекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар.

(Әділқазылар мүшелері жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды).

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.