ЖАС МАМАНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ
ЖАС МАМАНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ
Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.
Отандық білім беру дәстүрінде үздік тәлімгер мұғалімдерді «ұстаздың ұстазы» деп атау бекер айтылмаған. Мектебімізде «Жас мұғалімдер мектебі» бірлестігі үш жылдан бері өз жұмысын жалғастыруда. Аталған бірлестіктің жетекшісі жоғары санатты, 47 жылдық еңбек өтілі бар, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.В.Евстратова. Бірлестік мүшелігіне әр әдістемелік бірлестіктен бір мұғалім мүшелікке енгізілген. Бірлестіктің жас мұғалімдермен жұмыс жоспары бар. «Жас мұғалімдер мектебі» бірлестігі мүшелері тәжірибелі ұстаздардан мектепке келген жас мамандарға педагогикалық көмек беру мақсатында тәжірибелі ұстаздардан тәлімгер тағайындайды. Тәлімгерлер жас мамандарға «Астана ұстазы» имиджінен бастап, құқықтық-нормативтік құжаттармен жұмыс жүргізу, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспарын жасау, сынып журналын қалай толтыру сияқты мәселелерге өз көмектерін көрсетіп отырады. Мектеп психологі Г.Ж.Нурушева жас мамандарға оқушылармен қалай жұмыс жүргізу керектігін, оқушылармен жұмыс жүргізуде олардың әлеуметтік жағдайы, психологиялық дамуы ескерілуі керектігін түсіндіріп отырады. Қазан айында жас мамандарды мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиналыста мұғалімдікке қабылдау рәсімі өткізіліп отырады. Кәсіби дайындығын бағдарлау мақсатында диагностика жүргізіледі.
Жас мамандар мектепте тәлімгерлердің көмегімен бейімделу уақытынан өткеннен кейін кезең-кезеңімен әдістемелік дайындық жұмыстарын бастады. Тәлімгерлері жас мамандардың сабағына, жас мамандар тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып отырады. Сабаққа қатысуды талдау әдістеме отырысында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жас мамандар «Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе» күніне толық қатысуы қамтамасыз етіледі.
Тәлімгер мұғалімдердің жас маманмен жүргізілген жұмыстар бойынша есебіне жүгінсек, мектепке келген жас мамандар мектеп қабырғасына жаңадан келгендіктеріне қарамастан, мектептің сабақ, сыныптан тыс іс-шараларына өз үлестерін қосып жатыр. Қалалық “Талантты ұстаз – дарынды балаларға” педагогикалық олимпиадасына тарих пәні мұғалімі, психолог Мұрат Еркінбек қатысып «Жас психолог» номинациясы бойынша грамота алды 2012 жылы.
Жас мамандар мектебімізде сәуір айында өткізілетін «Жас мамандар апталығына» белсене қатысады. Апталықта инновациялық технологияларды қолдана отырып ашық сабақтар көрсетті. Сабақтарында мектебіміз қолданып отырған п.ғ.д. Т.Т.Галиевтің «Жүйелі тәсіл негізінде оқыту» технологиясын басшылыққа алды.
Жас мамандар басқа да мұғалімдер қатарында жылына бір рет медициналық қаралудан тегін өткізіледі.
Кез келген кәсіби ортада жылдар өткен сайын ұжым мүшелерінің ауысуы – заңдылық. Егер жаңа келген буынды жақсылап педагогикалық тұрғыдан қаруландырмаса, болашаққа балта шабылатыны ақиқат. Оған жол бермес үшін мектептегі «Жас мұғалімдер мектебі» бірлестігі жан-жақты жұмыс жүргізеді.
Жас мамандармен толық жұмыс барысын қамтитын жұмыс жоспары құрастырылды. Олар бірнеше бағыттардан тұрады: оқу бағдарламасымен танысу, түсініктеме хат, тақырыптық – күнтізбелік жоспар, оқулықтармен, әдістемелік әдебиеттермен танысу, сабақ жоспарын дайындау, сынып журналымен жұмыс. Мұғалім – мұғалім сабақтастығы барысында жас мамандардың тұлғалық ерекшелік қасиеттерімен бірге ұстаз ретіндегі педагогикалық ұстанымдары мен біліктілік, білімділік, шығармашылық шеберліктерінің артуы мен жан – жақты дамуына көмек қолдарын созуымен қатар, дамуына да көмек үлестерін тигізіп келеді. Олардың ұстаз тұлғасы ретінде қалыптасуы және бар тәжірибесінің іс жүзінде іске асырылуы үшін жан – жақты жағдай қарастырылған. Мұндай педагогикалық өсу үшін тәжірибелі ұстаздар тарапынан әдістемелік көмек қажет. Ұстаз – жас маман арасындағы қарым – қатынас әріптестік бағытта қарастырылған. Әр жас маман үшін тәжірибелі ұстаз бекітілген . Әдістеме бірлестік жетекшілері жас мамандар және жұмысқа жаңа орналасқан мұғалімдермен жұмыс жасаудың жоспарын жасайды. Жас мамндармен ұлағатты ұстаз арасындағы сабақтастық мектебіміздің жыл бойына қаланып келе жатқан дәстүрін жалғастыру мақсатында көп көмек беріп келе жатыр. Біршама педагогтардың жоғары сапалы сабақтары, білім сапасының жоғарылауы, пәнге деген, мектепке деген қызығушылықтың артуы жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын байқатады.
Педагогтарды жұмысқа алғаннан кейін бұйрық шығарылып, пәндік бағытта білікті ұстаз бағыт бағдар беру мақсатында тағайындалады. Әдістемелік бағыт бойынша теориялық материалдың практика жүзінде іске асуы қадағаланып, нәтижесін байқап, саралау мақсатында жас мамандардың сабақтарын қарап, бағыт бағдар беру жұмыстарын жүргізу болып табылады.