Жақшаларды ашу
Қысқа мерзімді жоспар
|
||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебрлық өрнектер |
Мектеп: Достық ж.о.м. |
|||
Күні: 06.12.2018ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Абдимуталифова Қ.Ж |
|||
Сынып: 6 А,Ә,Б,В |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы: |
Жақшаларды ашу. |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.2.1.5 жақшаларды ашу ережелерін білу; |
|||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар: жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашу; жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашу; көбейтудің үлестірімділік қасиетін білу; ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару. |
|||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар: жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашады; жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашады; көбейтудің үлестірімділік қасиетін қоданып, жақшаны ашады; жақша ішіндегі қосылғыштар екіден көп болғанда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қоданып, жақшаны ашады; ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады. |
|||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: бұл бөлімдегі математикалық терминологияны қолданады Пәнге тән лексика мен терминология: - айнымалы; - алгебралық өрнек; - тепе-теңдік; - айнымалының мәні; - айнымалының мүмкін мәндері; - коэффициент; - әріпті бөлігі; - ұқсас мүшелер; - әріпті өрнектің мәні; - өрнектерді тепе-тең түрлендірулері; - өрнектерді ықшамдау. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - егер жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса, онда ...; - егер жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса, онда …; |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Өзара пікір алмаса отырып, бір-бірлерінің ойларын бағалап, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластықпен бір командада жұмыс жасау. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Оқушыларға алған математикалық білім мен дағдыларды практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді. |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақтаны қолдану дағдыларын жетілдіру. |
|||
Бастапқы білім |
Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады. |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы 0 – 3 мин Сабақтың ортасы 3 - 13 мин 13 – 15 мин 15 – 25 мин 25 – 27 мин 27 – 36 мин 36 – 38 мин Сабақтың соңы 38 – 40 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Бүгінгі сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру. Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы арқылы шолу сұрақтары қойылады: қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады? қандай сандар өрнектегі айнымалының қабылдайтын мәндері деп аталады? көбейтудің үлестірімділік қасиетін тұжырымдаңыз; мысал келтіріңіз. Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысының есептерінің шығарылу жолдары мен жауаптарын сәйкестендіреді және «+», «-», «?» бойынша бірін-бірі бағалайды. Сосын, әркім өз дәптерлерін алып, «-» және «?» тұстарын сыныппен бірге мұғалім нұсқаулығы бойынша талқылайды. Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену. Жалпы сыныппен жұмыс. Жақша ішінде алгебралық қосынды жазылған өрнектерді оған тең жақшасыз өрнектермен алмастыруға болады. Бұл жағдайды «жақшаларды ашу» деп атайды. Жақшаларды ашқаннан кейінгі өрнек пен бастапқы өрнек теңбе-тең өрнектер деп аталады. 1 – жағдай. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, жақшаларды ашу. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті жақша ішіндегі қосылғыштар саны екіден көп болған жағдайда да орындалады. 1 – мысал. өрнегіндегі жақшаны ашайық. бұл алгебралық қосынды деп аталады, алгебралық қосылғыштар. немесе 2 – жағдай. Жақша алдында «+» таңбасы бар a + (- b + c – d) түріндегі өрнектердегі жақшаны ашу. 2 – мысал. немесе және - теңбе-тең өрнектер. Есте сақта! Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады: . Жақша алдында «+» таңбасы болғанда, жақшаны ашу алгоритмі: 1. Жақшаларды және жақша алдындағы «+» таңбасын жазбау керек; 2. Жақша ішіндегі қосылғыштарды өз таңбаларымен жазу керек. 3 – жағдай. Жақша алдында «-» таңбасы бар түріндегі өрнектегі жақшаны ашу. 3 - мысал. немесе және - теңбе-тең өрнектер. Есте сақта! Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады: Жақша алдында «-» таңбасы болғанда, жақшаны ашу алгоритмі: 1. Жақшаларды және жақша алдындағы «-» таңбасын жазбау керек; 2. Жақша ішіндегі қосылғыштардың әрқайсысының таңбасын қарама-қарсы таңбаға алмастырып жазу керек. 4 – жағдай. көбейтіндісі түріндегі өрнектердегі жақшаларды ашу. көбейтіндісі түріндегі өрнектердегі жақшаларды ашу үшін, көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдалану керек: мұндағы: – рационал сандар. 4 - мысал. немесе және - теңбе-тең өрнектер. Есте сақта! Көбейтудің үлестірімділік қасиеті жақша ішіндегі қосылғыштар саны екіден көп болған жағдайда да орындалады: мұндағы: – рационал сандар. 5 – жағдай. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті теңдігінің оң жақ және сол жақ бөліктерінің орындарын ауыстырсақ: теңдігі шығады. Мұндағы: – ортақ көбейткіш. Мұндай жағдайда «ортақ көбейткішті жақша сыртына шығардық», - дейді. Демек, қосындысын көбейтіндісі түрінде жазуды ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару деп атайды. 5 - мысал. Мұндағы: 11 саны – ортақ көбейткіш. Сергіту сәті: «Логикалық тапсырмалар». 1) 8 адам кездесіп, бір-бірімен қол алысты. Олар барлығы неше рет қол алысты? 2) Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер, бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады? 3) Екі таяқшаны алып тастау арқылы екі шаршы шығарып ал. Бұл тапсырмалардың жауаптарын сынып болып талқылауды ұсыныңыз. Жұптық деңгейлік жұмыс Негізгі деңгей. №1. Жақшаларды ашып жазыңыз: ; 2) ; 3) ; ; 5) ; 6) . №2. Жақшаны ашыңыз: ; 2) ; 3) ; 4) ; 5) . №3. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз: ; 2) ; 3) . №4. Жақшаны ашыңыз, өрнекті ықшамдаңыз: ; 2) ; ; ; ; . №5. Асан 5 дәптер және 5 қалам сатып алды. Дәптердің бағасы b тг, қаламның бағасы с тг. Асан неше теңгеге сауда жасады? Мұндағы №6. Теңдеуді шешіңіз. 1) ; 2) . Жауаптары: №1. 1) ; 2) ; 3) ; ; 5) ; 6) . №2. 1) ; 2) ; 3) ; 4) ; 5) . №3. 1) ; 2) ; 3) . №4. 1) ; 2) ; ; ; ; . №5. 450 тг. №6. 1) 1,9 2) . Дамытушылық деңгей. №1. Жақшаны ашып жазыңыз: 1) ; 2) . №2. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз: . №3. (Есептің шығару өрнегін құрастырып, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз). Ұзындығы a см, ені b см, биіктігі с см тік бұрышты параллелепипедтің қаңқасын жасау үшін ұзындығы неше сантиметр сым керек? №4. Теңдеуді шешіңіз. . Жауаптары: №1. 1) ; 2) . №2. . №3. . №4. . Дайын жауап арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі. Жеке жұмыс №1. Жақшаны ашып жазыңыз: . №2. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз: . №3. Теңдеуді шешіңіз: . №4. Қабырғасы 12 см шаршыдан диаметрі сол шаршының қабырғасының ұзындығына тең дөңгелек қиылып алынды. Дөңгелектің ауданын табыңыз. №5. (Есептің шығару өрнегін құрастырып, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз). Үшбұрышты тік төртбұрышқа толықтыру тәсілін пайдаланып, сурет бойынша EFK үшбұрышының ауданын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы: Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашады; Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашады; Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қоданып, жақшаны ашады; Жақша ішіндегі қосылғыштар екіден көп болғанда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қоданып, жақшаны ашады. Слайд арқылы берілген дайын жауап арқылы оқушы өзін – өзі бағалайды. Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Мен үшін бүгін сабақта» көмегімен рефлексия жасайды. Рефлексия: «Мен үшін бүгін сабақта»: Оқушыларға жеке парақшалар беріледі. Олар үш бағыт бойынша өз жұмыстары бойынша қажет сөздердің астын сызу керек.
Үйге тапсырма: №1. Жақшаны ашып, өрнектің мәнін табыңыз: , мұндағы №2. Теңдеуді шешіңіз:: . Жауаптары: №1. -3. №2. 6) . |
Слайд 4 Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. – 224с. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 1 Қосымша 4 Қосымша 5 |
||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||||||
Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктелді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды. |
Сабақ үрдісінде оқушы өзін-өзі және бірін-бірі, сонымен қатар жұпта өзара бағалау іске асырылады. |
Сабақ барысында оқушылардың өзін еркін сезінуіне назар аудару. |