Конспект мероприятия по математике

0
0
Материал опубликован 8 January 2019

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

1А. 1000 КӨЛЕМІНДЕГІ САНДАР. ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ

1-сабақ.

Тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандар / Жанды табиғат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.1.1. 1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіну; 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

3.1.1.2. Үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.

3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтауды білетін болады.

Кейбір оқушылар:

1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіруді білетін болады.

Көпшілік оқушылар:

Сандар сәулесінде қарапайым теңсіздіктің көптеген шешімдерін табады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту:

1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі.

Пәндік лексика және терминология:

1000 көлемінде тура және кері санау, оқу, жазу, салыстыру,

теңсіздік, көптеген теңсіздіктердің шешімі, сандар сәулесі.

Диалог/жазу үшін қолданылатын тіл.

Талқылау:

Разряд деген не?

Санды разрядты қосылғыштар қосындысы түріндегі байқау.

Жазылым:

Үш таңбалы сандарды жазу, сандар сәулесін сызу, теңсіздіктің шешімі болып табылатын аумақты қиғаш сызықпен көрсету.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үш таңбалы сандардың нумерациясы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Мұғалім балалармен жанды және жансыз табиғат туралы не білетіндері жөнінде әңгіме жүргізеді.

 

4-6

Өзектендіру.

Өзектендіруді ойын түрінде ұйымдастыруға болады. Тақтада сандар жазылған бұлт: 9, 0, 1; жауын тамшыларын 2, 6, 7 сандарымен; қарларды 4, 8, 3 сандарымен белгілеу. Балалардан бар сандардан қалай әртүрлі сан құруға болатынын сұрайды?

Бүгін біз үш таңбалы санмен жұмыс жасаймыз. Олар туралы білетініміздің барлығын есімізге түсіреміз.

Бұлттағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз. (109, 901, 910, 190) (сандар магнитті тақтаға жабыстырылады).

Осы сандарда «0» қандай мағына береді? (Бір разрядтың жоқ екенін береді) Ең кіші санды атаңыз.

(109)

Осы санның разрядтық құрамын атаңыз. (1 жүздік, 0 ондық, 9 бірлік)

Оның алдындағы санды атаңыз. (108) Келесі сан. (110)

Ең үлкен санды атаңыз. (910) Бұл сандағы 0-дің орны қандай?

Тамшылардағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз. (267, 276, 627, 672, 726, 762). (Сандар магнитті тақтада құрастырылады.)

Қарлардағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз (483, 438, 348, 384, 834, 843).

Сандарды өсу ретімен қойыңыздар.

Ең кіші санды атаңыз. (348)

Сіз құраған сандардың ұқсастығын табыңыз? (Олар үш таңбалы.)

Олар неге бұлай аталады? (Олар үш таңбадан тұратын сан.)

Үш таңбалы сан қандай разрядтардан тұратынын атаңыз. (жүздік, ондық, бірліктен).

Тексергеннен кейін мұғалім балалардың қайсысы қиындыққа тап болғанын, кім қай тапсырмада қателескенін анықтайды.

Қар, тамшылар және бұлт түріндегі қима қағаздардағы сандар.

7-11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Мұғалім оқулықтағы 1(а) - тапсырманы орындауды ұсынады. 1(б) – тапсырмасын орындамас бұрын мұғалім екінші бағандағы есептеуді басқаша қалай орындауға (жазуға) болатынын нақтылайды.

4 жүздік + 5 жүздік, 8 жүздік – 2 жүздік.

Жүздікті де бірліктер мен ондықтарды санағандай санайды деген шешім шығады.

Оқушылар «жүздік» деген түсінікпен таныс, олар сандарды атайды және жазады. Атаулы аудандармен жұмыс жасау барысында өлшем бірліктерінің қатынасын еске түсіреді.

Оқулық.

12-29

Жаңаны ашу.

Толық жүздікпен бірге балалар қосу және азайту амалдарын іске асырады.

2-тапсырманы орындау кезінде мұғалім оқушылардан разрядтың не екенін сұрайды.

Разряд – бұл сандарды жазу кезіндегі цифрдың орны екенін айтады.

Оқушылар кестені оқулықтан қарап, берілген сандарды оқып, әр разрядтың бірлік санын атайды. Көп таңбалы сандарды оқу ережесін тапсырманы орындау кезінде қолданады. Презентацияны қолдануға да болады.

Үш таңбалы сандарды салыстыру (алгоритмі) ережесін есте сақтау үшін тәжірибелік жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға үлестірмелі қима қағаздар таратылады. Оқушылар нәтижесін айта отырып, салыстыру алгоритмін құрайды: алдымен жоғарғы разрядтың бірліктерін салыстырады. Егер олар тең болса, содан кейінгі бірліктердің разрядтарын салыстырады.

4-тапсырманы жұппен орындайды. Оқушылар салыстырудың таңдап алынған таңбасын негізге ала отырып, үш таңбалы сандарды салыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

5-тапсырманы орындайды. Оқушылар үш таңбалы сандарды тауып, жанды табиғатқа нелер жататынын білетін болады, осы сандарды өсу ретімен жазады. Әрбір санның разрядын атайды.

Теңсіздіктермен жұмыс жалпыға бірдей жүргізіледі. Балаларға теңсіздіктің шешімі болатын сандардың сәуледе орналасуын тұжырымдау ұсынылады. Осыдан кейін шешім шығады: х-тің мәнін табу үшін сандар сәулесін пайдалану ыңғайлы. Сәуле сыз, х-тің орнына қоюға болатын санды домалақтап белгілеп, қиғаш сызықпен сызып көрсет.

7-тапсырманы балалар түсіндіре отырып орындайды.

Оқулық, кесте разрядтарының дәптері, жаттықтырғыш.

30-36

Өзіндік жұмыс

Дәптермен жұмыс. Бағалау критерийлері:

Мен жасай аламын:

үш таңбалы сандарды оқу;

сандық сәулеге санды белгілеу;

алдыңғы және кейінгі сандарды атау;

берілген саннан үлкен, не кіші санды атау.

сандарды өсу не кему тәртібі бойынша жазу.

Өткенді қолдану.

Мұғалім оқулықтағы 8-10 жаттығуларды балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп ұсынылады.

Оқулық, дәптер.

37-40

Рефлексия.

Балалар бағалау критерийлері бойынша сабақтағы өз үлгерімдерін бағалайды:

-1000 көлеміндегі сандардың қалыптасуын түсіндім;

-1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санай аламын;

-санның орнын натурал сандар қатарынан анықтай аламын;

-үш таңбалы сандарды оқып, жазып және салыстыра аламын;

-қарапайым теңсіздіктердің көптеген шешімдерін таба аламын.

Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған №7(ә)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.

 
в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментарии на этой странице отключены автором.

Похожие публикации