«Ғарышкерлер әлемі». І кезең: Әдеби –музыкалық монтаж
«Ғарышкерлер әлемі»
І кезең: Әдеби –музыкалық монтаж
1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар
Физикадан басталмақшы
«Ғарышкерлер әлемі»
Көргендер де арманда,
Көрмеген де арманда
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
2-жүргізуші: Ғарыш туын көтеріп , жар салайық Әлемге
Көрмегендер көріңдер, естімеген естіңдер
Дабылын оның қағайық
Шақырамыз бәріңді,
Ғарышкерлер кешіне
Жиналыңдар думанға
Кешігіп одан қалмаңдар
1-Жүргізуші: Ассалаумағалейкум, қадірлі қауым.
Білетін бастағаннан сөздің нарқын
Армысыз қонақтар мен жанкүйерлер,
Жиналған «әлеміне ғарышкерлер»
Кешімізді бастайтын кез де келді
Келтіріп білім, сайыс , сәнімізді
2-жүргізуші: Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Армысың табиғат – анамыз,
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге
Физика емес пе жол көрсеткен?!
Бұл жерде танысасың Королевпен
Циолковский, Гагарин, Леоновпен,
Терешкова ,Титовтай қырандарың
Ержүрек ғарышкерлер тәнті еткен.
Кездесесің солардың ізбасары
Ғұлама ғалымдар мен ғарышкермен
2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін, яғни 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз. Осы мерекеге дайындаған ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Бүгінгі кешіміз 2 кезеңнен тұрады.1-кезеңде: космонавтиканың дамуының ғылыми-техникалық прогрессі жайлы әдеби-музыкалық монтаж. 2-кезеңде «Марс» және «Жұлдыздар» топтары сайысқа түседі.
«Адамға табын , Жер енді! »
1-жүргізуші: Аспан - аспан , арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шаламын
Мен ғарышкер боламын
Өткен ғасырдың 50-жылдары ғылымда үлкен сенсация болды. Ғасырлар бойы адамзат арманына айналған , олардың қиялынан туындаған «ұшқыш кілем» ақиқатқа айналды. Яғни ғарыш кеңістігіне алғаш рет жол ашылды. Әлемді таң қалдырған бұл жаңалықтың авторлары кімдер еді? Енді сол ержүрек ерлермен танысайық.
К.Э.Циолковский
Көмкерілген көк аспан , мен ешкімге сыр ашпаймын деп менменсіген асау аспан төрін ауыздықтап , адамға бас идіру үшін туған небір данышпандардыңғаламат ойлар, небір керемет қиялдар тұңғыш рет асқақ орыс ғалымы Константин Эдуардович Циолковскийдің отанында, бүгінгі таңда арманшыл біздің Отанымызда да жүзеге асты. К.Э.Циолковский реактивті қозғалыс заңдарын ең алғаш рет зерттеді және жерден Күн жүйесінің басқа планеталарына ұшқыш аппараттың – ракетаның жобасын жасайды.
1903 жылы К.Э.Циолковский ракеталардың көмегімен ғарышқа ұшуға болатынын теория жүзінде дәлелдеді. Ол ракеталардың Жердің тартылу өрісіндегі қозғалысының есеп-қисаптарын орындады және Күн жүйесінің басқа денелеріне ұшып бару үшін Жер айналасының орбитасында станциялар салу қажет екендігін бірінші болып көрсетіп берді.
С.П.Королев
1932 жылы Сергей Павлович Королев негізгі конструкторлар кеңесін құрып , алғашқы ракетаның конструкциясын, континентаралық баллистикалық ракетаны жасайды. Алғашқы Жердің жасанды серігінің де, «Восток» кемесінің конструкциясын жасаған конструктор -Сергей Павлович Королев
Болмаған кезде сәуле жарық елде,
Ұштасып бәрімен де ,
Әрі менде
Нұрболып түн түнекті түріп тастау
Қиындау,
Қиынырақ бәрінен де
Алғашқы Жердің Жасанды серігі
Дүрілде толтырып тау қыратымды
Таптым мен аңсаған мұратымды
Ғасырлар шөліркеген дала арманы
Ғарышқа ракета боп тік атылды
1957 жылы қазан айының 4-жұлдызы -«Космос дәуірінің бастамасы» деп аталды. Осы күні тұңғыш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды. Оның диаметрі 58 см, ал массасы 83,6 кг еді.
Ғарышкер ит -- Лайка
Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.
Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.
Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.
Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді.
1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылады. Олар жерді 17 рет айналып оралды
Ю.А. Гагарин
1961 жылдың 12-сәуірін кім ұмытар, кім сүйінбес?! Бұл күні бүкіл дүние бір елге. Бір ерге таңырқады. Ол ер – Юрий Гагарин еді.
Ең алғаш рет ғарышқа
Мәскеу елі жол ашқан
Зымыранмен алысқа
Юрий Гагарин ұшқан
Зерттеп Ай, Жұлдыздарын
Қайта оралған Жерге
Аты Юрий ағаның
Әйгілі бар әлемге
Қопарып бұлттың шөккенін
Сырларын ұғып жасырын
Гагарин Юрий «Востокпен»
Паш етті космос ғасырын
Юрий Гагарин-тұңғыш ғарышкер!
Герман Титов
Осы бір Жер жүзін таң қалдырған жаңалықтан соң 4 айдан кейін , яғни 1961 жылы 6-шы тамызда «Восток-2» кемесімен 25 жастағы ғарышкер Герман Титов Жерді 17 рет айналып шықты.
Маған жұмбақ Күн елі
Тұңғиықтың түнегі
Ал ғарышкер ағалар
Соның бәрін біледі
Шарлап олар Күн, Айды
Жұлдыз әнін тыңдайды
Байқоңырдың төсінен
Корабльдер зулайды
Герман Титов- ең жас ғарышкер! .
А. Леонов
1965 жылы 18-наурызда Алексей Леонов біздің планетамызда бірінші болып ашық ғарыш кеңістігіне шығып ,реккорд жасады. Планетамыздың жоғарғы қабатынан «Восход -2 » кемесінің командирі Беляевтың «Адамзат ғарыш кеңістігіне шықты!» - деген салтанатты мәлімдемесі келді.
Суарып дариялар даламызды,
Жарықпен жайнатады қаламызды
Жүрек-Жер айналады ұршығындай
Шүйкедей ширатып сай-саламызды.
Күйінсең
Қиялы ұшқыр жандай күйін
Ғарышта
Жермен бірге самғайды үйің
Көмескі-
Бір көрініп,
Бір жоғалған-
Жұлдызға жол салу, ДОС қандай қиын.
Алексей Леонов- ғарышкемеден ашық ғарыш кеңістігіне шыққан бірінші ғарышкер!
Валентина Терешкова
Күн үңілді «Ғаламат» деп неткен бұл!
Мың құбылды шексіз әлем , көк теңбіл
Қадай қалды Шолпан күміс кірпігін
Қыз ғой мынау , екі көзі мөп-мөлдір
Тұңғыш көрдім мұндай ару-өжетті
Қызына да беріпті ғой кезекті.
1963 жылы маусымның 16-жұлдызында ғарышқа алғаш рет әйел-ғарышкер ұшты. Ол орыс қызы- Валентина Терешкова еді.
Валентина Терешкова- тұңғыш әйел- ғарышкер!
Тоқтар Әубәкіров
Уа, жарандар, жарандар,
Тұңғиық аспанға қараңдар
Ең жарық жұлдыз боп әлемде
Шарлап жүр біздің
Ғарышкер –қазақтар.
Арта берсін қазағымның нұр таңы
Сүйінші!- деп әлемге жар салайық
Қазақстанда тұңғыш бір ұл
Ғарышқа ұшты , халайық!
1991 жылы 2 қазандағарыш әлеміне тұңғыш рет қазақ ғарышкері, сынақшы – ұшқыш – Тоқтар Әубәкіров Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіді.
Тоқтар Әубәкіров- тұңғыш қазақ ғарышкері!
Талғат Мұсабаев
Қос ғарышкер Тоқтар мен Талғат десем
Үзілген үмітімді жалғап кетем
Ақынға да кеңістік, ғарыш керек
Көз жұмбасаң ерлікке, самғап бекер!
Қос ғарышкер,
Қос батыр,
Қос жұлдызым
Мерейлі етіп тұрсыңдар, достық жүзін.
Тағы да озып келсін Талғатым деп,
Аспанның бәйгесіне қостым бүгін
Айдын Айымбетов
2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.37 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесі ұшты.
Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті экспедиция ұшырылды. Экипаж құрамында кеме командирі ресейлік ғарышкер Сергей Волков, бортинженерлер – Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен мен Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынақшысы Айдын Айымбетов бар.
Ұшырылым штаттық режімде өтті, деп хабарлады Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылымды қамтамасыз ету қызметі, ұшырылғаннан кейін 10-шы минутта ғарыш кемесі зымыран тасығыштан бөлініп, «Союз ТМА-18М» жер төңірегіндегі орбитаға шығады.
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов пен Дания астронавты Андреас Могенсеннің, сондай-ақ қазіргі кезде орбитада жұмыс істеп отырған ресейлік ғарышкер Геннадий Падалкидің жерге оралуы 2015 жылдың 12 қыркүйегіне жоспарланған.
Нұрсұлтан Назарбаев А.Айымбетовтың алдағы уақытта ғарышқа ұшуы – отандық космонавтиканың одан әрі дамуы-на серпін беріп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға септігін тигізетін атаулы оқиға екенін атап өткен.
Айдын Айымбетов ХҒС бортына Қазақстан Республикасының Туын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің туларын алған.
Нұрлы біздің заманда халық іскер,
Жер бетінде жасадық алып істер
Арман болған аспанға , Айға енді
Ғарышкерлер күшіменен
Көк туды тігеміз біз сіздерменен
Байқоңыр
- Сүрінген бабам сан рет,
Космосқа қарай барам деп.
Қойынында мылқау тірліктің
Қандай сыр барын білем деп,
Адами қиял осылай, аспанға ұшып, әрі ұшты,
Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың
Байқоңыр — ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж қаланған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.
«Байқоңыр »ғарышайлағынан 2500 зымыран,3000-нан
Астам ғарыш аппараты,130-дан астам ғарышкер ғарышта болып қайтты
1-жүргізуші: Сайра бұлбұл, көмейден ән төгілсін
Жырға бөле даланаң әр төбесін
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер-
Көтерді қазағымның мәртебесін
«Байқоңыр» --ән
ІІ –бөлім
Жүргізуші : Көкке ұшамын, ұшқыш болар баламын
Соңына ерем, Ер ғарышкер ағаның
Батыр болам, көк аспанды сүйемін
Жұлдыздарға барып-келіп жүремін- дей келе кешіміздің екінші бөлімін бастаймыз.
2-жүргізуші: Білімді қазынадай жинайтұғын
Өнері бар бойына сыймайтұғын
«Жұлдыздар» мен «Марстықтар » топқа түспек
Танытатын тарлан талант кезі бүгін
Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік:
Сәлемдесу, таныстыру
Викториналық сурақтар
Үй тапсырмасы: «Фантастика әлемінде»- көрініс
Сөзжұмбақ шешу
Тақырыпқа сай колөнер
Жүргізуші: Енді, әділ-қазы мүшелерімен танысып өтейік:
2-ж: Бай болсын сайыскерлер, ізгілікке
Жақсы дәстүр көп біздің ішімізде
Қол соғып қошеметтепшақырамыз
Сайыскерлер сәлем береді көпшілікке- деп екі топты 1 шарт бойынша шақырамыз.
1-ж. Физика –тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен, тірі де ол
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас
Космос кораблі, атылған тас
Аққан су , соққан дауыл, айтылған жер
Бәрінің бағынары физика ғой!
2-ж Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге оқып, зерттеп білем, көрем
Демесең болсын егер еңбегім еш
Әуелі физиканы оқы дер ем.-
Деп викториналық сұрақтарымызды бастаймыз
Жұмбақты шеш:
1 Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
2. Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсақ ғажайып,
Соңында із қалады.(Зымыран
3.Күндіз бәрі қашады
Түнде аспанды басады
(жұлдыз)
Мақал- мәтелдерді жалғастыр:
Ай жарқырап күн болмас,
Өтірік жарқырап шын болмас.
2. Күн құлақтанса, күрегіңді сайла,
Ай құлақтанса, азығыңды сайла.
3. Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес.
4. Таразы туса, таң суиды.
Сүмбіле туса, су суиды.
5. Үркер суға түссе құт,
Жерге түссе жұт.
6. Жұлдыз тумай ай болмас,
Жұрынды болмай бай болмас.
7. Үркер үйден көрінсе,
Үш ай тоқсан қысың бар.
Үркер іңірде жамбасқа келсе,
Жаз шықпағанда несі бар
Сұрақтар:
1.Алғашқы ғарышқа ұшу ұзақтығы қанша уақытқа созылды?108 минут
2.Таңғы немесе кешкі жарық жұлдыз қандай планетаның аты? Шолпан – Венера
3. Ғарышқа адамзат ұшқанға дейін не жіберді, аттарын білесіңдер ме?
Иттер: Лайка, Белка, Стрелка, Пчелка, Мушка, Звездочка, Чернушка, Уголек, Ветерок – 9
4.Ғарышка ұшу кезінде космонавт киетін киім қалай аталады?Скафандр
5.Музыкалы сұрақ: «Жұлдыз» деген сөзі бар қандай өлең жолын білесіз?
Екі жұлдыз, екі жарық көктегі,
Төбемізден тұрып алд ыкетпеді
6.Космос корабльдерінде тамақтар қайда сақталады? Тюбиктерде
7.Ғарышкерге дене жаттығулары үшін гантельдер керек пе?Жоқ, өйткені космоста олар өз салмақтарын жоғалтады
1-ж: Айдан хабар алғызған
Зәулім үйді салғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Физика емей немене?
2-ж: Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай «адамды»-
Тіл бітіріп , сөйлеткен
Физика емей немене?
Үй тапсырмасы:: «Фантастика әлемінде»- көрініс
1ж- Тула бойы, жүйкесі бәрі білім
Сұлу сөзбен өрнектеп әр ұғымын
Қалай ғана сыйғызған бір басына
Адамзаттың қол жеткен бар ілімін- деп сөзжұмбақ шешуге кезек береміз
2-ж: Ғылым- іштегі нұр
Өнер сыртқа салынған түр- деп әр топтың тақырыпқа сай дайындап келген қолөнерін тамашалайық.
Қорытынды: Әділ қазыларының шешімі
1-ж: Қоштасамыз сіздермен
Бітті міне КВН
Талапты біз жастармыз
Ойын-сауық іздеген
2-ж: «Сау бол»- дейміз бәріңе
Жастар менен кәріңе
Өнеріміз ұнаса
Кездесеміз әлі де