Сабақтың тақырыбы: «Температураның және жылумен өңдеудің ұзақтығының дайын өнім сапасына әсері»
«Бекітемін»
ОЖ бойынша директордың орынбасары
__________________Мацкевич О И
«____»________________20_____ж
КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ № 3
Тақырыбы: Температураның және жылумен өңдеудің ұзақтығының дайын өнім сапасына әсері
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушылардың іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау. Тағамдардың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету. Ғылыми ізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдеріндеізденуге, зерттеуге, талдауға, сараптауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Тәрбиелік: Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалық пен ұқыптылық, инабаттылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, слайдпен жұмыс, тест сұрақтармен жұмыс
Материалдық-техникалық жабдықтар : интерактивті тақта, проектор, слайд, тест сұрақтары.
Қолданылған әдебиеттер: Е.Б. Бесімбаев Г.Е Бесімбаева «Аспаздық»
Пәнаралық байланыс: биология, физика, химия, физиология, тауартану
САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру : Жылумен өңдеу әдістері топтастыру (флипчарт, карточкалар, маркерлер)
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау:
ІҮ.Жаңа тақырыпты талқылау: «Жылумен өңдеу кезінде болатын өзгерістер» атты слайд арқылы оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру:
Белок өзгеруі
Майлардың өзгеруі
Көмірсулардың өзгеруі
Қанттың өзгеруі
Дәрумендердің өзгеруі
Минералдық заттардың өзгеруі
Бояғыш заттардың өзгеруі
Жаңа сабақты бекіту барысында тест сұрақтармен оқушылардың өзіндік жұмыс
Интерактивті тақтамен жұмыс: қателіктерін тауып түзету
Ү. Сабақ қорытындылау және бекіту:
Біздер бүгін қандай тақырыппен таныстық, не білдік (оқушылармен бірге тақтада клачер құрастыру, сабақтың қорытындысын айту)
Оқушыларға сабақ бойы алған бағаларын хабарлау
ҮІ. Ұй жұмысы: Тақырыпты қайталау, оқулық 131-136 бет