Урок на тему «Электр қауіпсіздігі жабдықтары және қауіпсіздік техникасы»
ОРАЛ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ
Пән /модуль атауы: Кәсіптік қызметте еңбек заңнамасы мен техника қауіпсіздігін сақтау
Мамандығы: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 1304012 «Техник-бағдарламашы»
Такырыбы: «Электр қауіпсіздігі жабдықтары және қауіпсіздік техникасы»
Арнайы пән оқытушысы: Қайырбаева Э.Б.
Орал қаласы – 2019
Сабақтың тақырыбы: Электр қауіпсіздігі жабдықтары және қауіпсіздік техникасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Электроқауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын артыра отырып әр түрлі қауіпті жағдай болған кезде, қобалжымай жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсете білу.
Дамытушылық: Электр қауіпсіздік техникасы мен жабдықтары туралы білімдерін кеңейту, жеке шығармашылық қабілетін дамыту.
Өткізу әдісі: Дәстүрлі әдіс.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнеролик.
Пәнаралық байланыс: «Электрлік және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану» «Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттарды электрмен қамтамасыздандыру»
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
1. Студенттерді тексеру.
2. Оқу-құралдарын түгендеу
II Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар қою арқылы)
Тақырып: Өндірістік жарақат пен мамандық аурулар туралы түсінік.
1 (ойын лото) Сұрақ жауап
1. Жарақат деп нені айтады, жарақаттын түрлері?
2. Мамандық ауру деп нені айтады?
3. Өндірістік сәтсыз оқиға деп нені айтады?
4. Зиянды факторлардын түрлері?
5. Механикалық фактор?
6. Хмиялық фактор?
7. Физикалық фактор?
8. Өндіріс жарақаттардың себептері?
9. Техникалық себептері не жатады?
10. Ұйымдастыру себептеріне не жатады?
11. Санитрия–гигиена себептерге не жатады?
12. Өндірісті сәтсіз оқиғаны тіркеу тәртібі?
2. Өзгешеліктеріне қарай зақымдарды топтарға болып сызбанұсқаны толтыр.
III Үй тапсырмасын қорытындылау
IV Жана сабақ түсіндіру
Жоспар
1.Адам ағзасына эленктр тоғынын әсері.
2. Электрлік жарақатының себептері.
3. Электроқауіпсіздік.
4. Алғашқы көмек көрсету.
Электр тоғының адам организміне әсері
Адам ток ұрғанда Термиялық. Электролиттік, Биологиялық әсер етеді:
Тоқтын термиялық әсері-дене терісін әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуымен байланысты.
Электролиттің әсері-қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауна байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.
Биологиялық әсері-ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесынде, адам буындары тартылып, журек, өкпе қысылады, нәтижесынде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін.
Электр тогының әсерінің әртүрлілігіне байланысты, жрарқаттанудың екі түрі болады:
1. Электрлік соққы.
2. Электрлік жарақат.
Электрлік жарақат тік әсерінен тері жасушаларының кейбір жерлерін жарақаттайды. Электрлік жарақаттың келесідей түрлері болады:
Электрлік күю, электрлік белгілер, терінің металдануы,механикалық жарақат.
Электрлік күю –ең көп таралған элетрлік жарақат түрі. Күйіктің екі түрі бар:
Тоқты және доғалы
Тоқтың күю-ток жүретін бөліктен контакт кезінде адам денесі тоқ соғуы.
Күйік төрт дәрежеде сипаталады:
I - терінің қызаруы;
II - түрі бетінде ұсақ көпіршіктердің пайда болуы;
III – терінің барлық қабаттарының жансыздануы;
IV – клекткалардың өлуі.
Организмнің жарақаттану ауырлығы – күйіктің дәрежесін байланысты емес, оның тері бетінің көмегімен сипатталады.
Доғалық күю – жоғары кернеу астында тоқ жүретін бөлік пен адам денесі арасында электрлік доға пайда болады. Доға температурасы 3500оС ден жоғары және де энергиясы үлкен. Доғалық күйік III, IV дәрежені құрайды.
Электрлік белгілер – адам терісінде сұр немесе күлгін сары түсті дақтар пайда болады. Белгілер жырық, дақ, жара түрінде байқалады. Электрлік белгілер ауырмайды және емдеуге жеңіл болып келеді.
Терінің металдануы – электрлік доға нәтижесінде еріген металл қалдықтарының адам терісінің жоғары қабатына енуі. Метализация ыстық металл әсерінен терінің күюі. Бұл жағдай қысқа тұйықталу нәтижесінде және де шамадан тыс жүктелімнен рубилышктардың сөнуінен.
Механикалық жарақат – адам денесі арқылы өткен токтың әсерінен буындардың тартылуы.
Электр тоғы өткен кезде адамнын денесі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу болып жарақатанады.
Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.
Электр жарақаты кезіндегі жүйкі жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Электр тоғының қауіптілігінің анықтайтын факторлары.
Электрлік тоғының соғуы нәтижесінде келесідей жағдайлар туындайды:
- Естен тану, буындардың тартылуы;
- Естен танып,буын тартылғанмен тыныс алу және жүрек ағысының жұмыс істеуі нашарлайды;
- Естен тану, жүрек, тыныс алу жұмыстарының тоқтатылуы;
- Қан айналымы, тыныс алу , жүректің тоқтауы.
Электр тоғының адамға әсер ету салдары мен сипаты мына факторларға байланысты:
- Адам денесінің тоққа қарсы кедергісі;
- Тоқтың кернеулігі мен шамасына ;
- Электр тоғының әсер ету ұзақтығына;
- Адам денесінде тоқтың өту жолдарына;
- Электр тоғының жиелігі мен оның тегіне;
- Қоршаған орта жағдайына
Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі; жеңіл соққы,
Дененің күйып ашыуы, бұлшық еттің құрусуы, дірілдеу.
Электрлік соққы-қауіпті тоққа түсі, адам организмінде физиологиялық процестер бұзылуы және организмнің тұтас бүлінуіне әкеледі.
Электрлік соққының негізгі белгілері:
есінен тану;
сіңір тартылуы;
демалу тоқтатылуы.
Электрлік жарақатының себептері:
– электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде күтімсіздік салдарынан кейбір жерлерінде иллюзия кедергісі төмендеп , ток жүрмеуге тиісті жерлерде кернеу пайда болуы, жұмыс орнын нашар даярлау салдары, қондырғы конструкциясындағы, оны монтаждаудағы жіберілген қателіктер, сапасыз нұсқау, бағыттау материалдары.
Электр тогымен жарақаттану электрлік жарық жүйесінен де, күш жүйесінен де болуы мүмкін.
Сымдарды тарту, бекіту, жөндеу және қабылдағыш құралдарға қосу оларды ток көзінен ажыратқаннан кейін ғана жасалынады. Тартырған сым изоляциялы болуға тиіс те, оларды механикалық әсерден бүлінетін жерлерін сақтауға қосымша шаралар қолданылды. Оның үстіне операцияны жүргізгенде электрді токтан ажырату керек
Жұмыс орындау кезіндегі негізгі электржарақат себептері
— Электрқондырғышы пайдалануда қауіпсіздік ережесін бұзу;
— Тоқ жүретін бөліктерді қоршау қанағаттанарлықсыз;
— Жұмыс орнында сапасыз және уақытында нұсқау берілмеуі
— Электржабдықтың қорғаныстық жерлестіргіш болмауы;
— Қауіпсіздік шарасы қарастыратын наряд-рұқсатсыз электр жеткізу желісінің қауіпті аймағында жұмыстар жүргізу
— жұмысшылардың электрқауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтамау;
— кернеу берілген электржабдықты
Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету:
- электрқондырғының құрылысымен;
- механикалық әдіс және қорғаныс құралдары
- ұйымдастыру және техникалық шаралармен.
Электрқондырғының құрылымы. Электрқондырғының (электроқозғалтқыш, басқа электротехникалық бұйымдар) орындалуы келесіні қамтуы тиіс:
- жұмысшыларды электр тоғының және электромагниттік өрістің қауіпті және зиянды әсерінен қорғау, электрқауіпсіздігі талабына сәйкестігі.
Электрқондырғының (электроқозғалтқыш, басқа электротехникалық бұйымдар) орындалуы келесіні қамтуы тиіс:
- жұмысшыларды электр тоғының және электромагниттік өрістің қауіпті және зиянды әсерінен қорғау, электрқауіпсіздігі талабына сәйкестігі.
Техникалық әдістері және құралдармен электрқауіпсіздік қамтылуы
Тоқ жүретін және тоқ жүрмейтін бөліктерге тиіп кетуден қорғауды қамтуда, оқшаулама бүліну әсерінен кернеу берілуі мүмкін болғанда, келесі әдіс және құралдар қолданылады:
қорғаныстық қоршау;
— тоқ жүретін бөліктердің қауіпсіз орналасуы;
— тоқ жүретін бөліктерді оқшаулау;
Қауіпсіздік белгілері
Ескерту:
Тиім салатын:
Алдын-алу
Көрсету
— қорғаныстық жермен қосу;
Электр жеткізу желісінің өткізгіш сымдарына дейін кранның нысанасының қауіпсіз ара-қашықтықта ысыру, бұрылу және көтеру механизмін автоматты тоқтатуға жұмыс қозғалысының шектеуіші.
— қорғаныстық ажыратылу;
— Жеке қорғаныс құралдары:
Бұл электр құралдарымен жұмыс жасайтын қызыметкерлердің электр тоқпен зақымдануынан қорғайтын құралдарын айтамыз.
Олар 3 түрге бөлінеді.
1. Изоляциялау құралдары.
2. Қорғау құралдары.
3. Көмекші құралдары.
1. Изоляциялау – қорғану жолы, ол адамды ток жүру элементтерінен изоляциялау арқылы қорғайды. Бұл негізгі жəне қосымша болып екіге бөлінеді.
а) негізгі изоляциялау – ұзақ уақыт электр қондырғы кернеуіне шыдайды. Ол жұмысшыларға тоқ жүру бөлігінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оларға мыналар жатады арнайы диэлектрлік қолғап, тоқ өлшеуіш қысқаш, монтер құралы, кернеу көрсеткіш.
б) қосымша изоляциялау – электрлік галоштар, резина төсеніштер т.б
2. Қорғану құралдары: қорғау қорғаныс жабдығы уақытша ток жүретін бөлшектерден қорғайды. Изоляциялау қалпақшасы, ескерту плакаттары, қоршау шектері.
3. Көмекші қорғану заттары – сəулелік, жылулық жəне механикалық жерлерден жұмысшыны жеке қорғауға арналған. Оларға қорғау көзілдіріктері, противогаздар, сақтандыру белбеулері жəне қолғаптар жатады.
Жұмыстарды орындау кезіндегі электр қауіпсіздік ережелері
Жұмыс орындау кезінде:
— өндірістік нұсқау, еңбекті қорғау нұсқаулық ережелерін сақтау;
— электр тоғына түсуді болдырмау мақсатында түйіспелік қысқышқа, шығысына, жалаңаш сымдарға жанасуына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;
— Егер тоқ өткізгіш элемент жерде жатса, адымды кернеу қаупі есіңізде болсын.
Тоқ таратылу зонасында қозғалуға, диэлектрлік галош және кілемше, құрғақ ағаш, бөрене қолданыңыз.
Қорғаныстық құралдар болмаған жағдайда қысқа адыммен тоқ таратылу зонасынан шығыңыз, аяқты жерден алмай жүру және табанды бір-біріне жақындатып, тигізіп жүру.
— кран немесе басқа жабдықтың, механизм тоқ жүретін бөлікке тиіп кеткенде немесе электрлік разряд болғанда, аталған механизмнен 8м кем емес қашықтықта болу, адымды кернеу әсері зонасынан шығу ережесін орындау;
— жабдықтың қорғаныстық жерлестіру жермен жалғануын мұқият қарау
Жабдықтың бөлігіне жалғанатын жерлестіру өткізгіші, жермен жалғанатын, болттың жалғану немесе дәнекерлеу арқылы орындалады. Жалғану қарауға ыңғайлы болу қажет.
Жабдықтың бөлігіне жалғанатын жерлестіру өткізгіші, жермен жалғанатын, болттың жалғану немесе дәнекерлеу арқылы орындалады. Жалғану қарауға ыңғайлы болу қажет.
— электрлік өткізгіш және электржабдықтың дұрыстығын тексеру.
Электр тоғы соққан кезде зақымданушыға алғашқы көмекті көрсетуші ескеруі тиіс біріншіден электркоректендіруші рубильник немесе ажыратқышты ажырату керек
Әрбір жұмысшы, өзінің жұмыс орнына кернеу беретін рубильник орнын білуі тиіс.
— егер электрмен қамтуды ажырату мүмкін болмаса, зақымданушыны тоқ жүретін бөліктерден босату түрлері:
- құрғақ ағаш
- бөліктерден босату түрлері
- немесе диэлектрлік штангі
-жағадан тартып
- балтамен өткізгіш сымды шауіп:
1) оперативтік электр қондырғыларды іске қосып тексеру, жеңіл жүмыстар істеу, қорғаныс жабдықтарын ереже бойынша қарап шығу, қауіпсіздігін қарау, еңбекті қорғау;
2) электр қондырғыларында өндірістік жүмыс істеу дегеніміз — жөндеу, монтаждау, қүрылыс жүмыстарын жэне т.б. жүмыстарды орындау - электр қондырғыларында. Пайдалынылатын электр қондырғыларын еңбек қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз ету.
Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электр тоғынан қорғану шаралары:
1) ток өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;
2) изоляцияны бақылау (ашық қалған жерлері болмау);
3) қорғаныстық жерге қосқыш;
4) қорғаныстық нөлдік сым;
5) автоматтық ажыратқыш; Қорғаныстық жерге қосқыштың
2 түрі бар: кәдімгі әэне жасанды. Кәдімгідей қорғаныстық жерге қосқышқа кез-келген металл қүрылмалы ғимараттар жер астындағы металл труба еткізгіштер, кран жолдары жатады. Ал, жасанды қорғаныстық жерге қосқышқа металл стержендер немесе трубалар 25-50мм, ұзындығы 2-Зм, бұрыштық болат 50х50х5мм және металл ленталар 40х4мм өлшемдегі. Автоматтық ажыратқыш — аппаратын ішіне орналасқан, ол электр кұбырлардың немесе электр қондырғылардың (1000 В-қ) ішіне орналастырады, қауіпті жағдайда ол өздері токтан ажыратады. Пайдаланушылар үшін еңбекті қорғаудын және техникалық қауіпсіздігін, қорғану құралдары.
Қорғану құралдары 2 түрге бөлінеді:
1) Негізгі құралдар: изоляцияланған өлшем штанглері, ток өлшейтін қысқыштар, кернеу көрсеткіштері изоляцияланған құрылғылар, сатылар монтерлық қүрал-жабдықтар изоляцияланған ұстатқыштары бар траптар, алаңдар.
2) Қосымша қорғаныс құралдарына 1000 В кернеулік электр қүрылғыларда: диэлектрикалық қолғаптар, дорожкалар және де изоляцияланған подставкалар, резина фартуктар. Қоршаулы қорғаныстарға: щиттар уақытына қорғаныстық жерге қосқыш, уақытша алып жүретін жерге қосқыштар, сосын қорғаныс плакаттары. Қорғаныс құралдары жүмысшыларға қорғаныс көзілдірігі, арнайы қолғаптар, жанбайтын матадан жасалған қорғайтын монтерлық белдіктер, қорғаныс халаттары және т.б. Жоғарыдан түсу үшін монтерлық белдіктер, тырнақшалар, ременьмен телескоптық қондырғылар, сатылар.
Алғашқы көмек көрсету ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Бұл қажет, өйткені электр сымы соққанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек.
Ток келіп тұрған көзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғына (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру) .
Жүрегі, тынысы тоқтамаған болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады), жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде- борлы вазелин жағып немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңып тастайды.
Егер тынысы тоқтап, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек- дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру).
Сонымен бірге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу, егер ІІ-ІV дәрежедегі зақымдану болса. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30—40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысы тарылып, денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан, дәрігерлік бақылауға алып, көмек көрсету міндет.
Электр тогынан зақымданудың бір түрі жай отынан- күн күркіреген кездегі атмосфералық электр разрядынан зақымдану болып табылады. Адамды тоқ «шықсын» деп жерге көму керек деген ел арасындағы соқыр сенім — зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілген организм тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.
V. Жаңа сабақты бекіту (сұрақ жауап)
1. Электр тоғының адам организміне әсері қандай?
2. Жарақаттанудың неше түры бар?
3. Күйік неше дәрежеде сипаталады?
4. Организмнің жарақаттану ауырлығы?
5. Тоқ өту жолдары?
6. Электрлік жарақатының себептері?
7. Электр тоқпен зақымдануынан қорғайтын құралдары?
8. Алғашқы көмек көрсету қандай?
5.1 Үлестірмелі тапсырмалар:
I тур. Команданы таныстыру. (Слесарь, Механик,Мастер)
Команда бойынша электро тоқтын қуатын алу, жаңа әдісті көрсету
II тур
Сәйкестендір (дұрыс жауаптарын табу)
№ |
Сұрақтары |
|
Жауаптары |
1 |
Электро тоқпен зақымданудың неше түрі бар? |
А |
Химиялық әсер Термиялық әсер Биологиялық әсер |
2 |
Адам организмнен ток өткенде қандай әсер етеді? |
Ә |
1. Электрлік жарақат 2.Электрлік соққы |
3 |
Электр соққы дегеніміз не және онын негізгі белгілері? |
Б |
1. Изоляциялау құралдары. 2. Қорғау құралдары. 3. Көмекші құралдары. |
4 |
Күйіктін неше түрі бар, қандай? |
В |
-адам ағзасы түгелдей зақымдалады -есінен тану; -сіңір тартылуы; -демалу тоқтатылуы 15 |
5 |
Электрлік жарақаттанудың себептері қандай? |
Г |
жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу болып жарақатанады |
6 |
Зақымдалған адамды алғашқы көмекті қалай көрсету керек? |
Д |
екі түрі бар: тоқтын және доғалы. |
7 |
Әрбір жұмысшы, өзінің жұмыс орнында нені білеуі тиіс? |
Е |
жұмыс орнын нашар даярлау салдары, сапасыз нұсқау 5 |
8 |
Электр тоғы өткен кезде адамнын денесі қалай жарақатанады? |
Ж |
ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек, дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру). |
9 |
Жеке қорғаныс құралдары неше түрге бөлінеді? |
З |
жоғары кернеу астында тоқ жүретін бөлік пен адам денесі арасында электрлік доға пайда болады, |
10 |
тоқ жүретін бөліктердің қауіпсіз орналасу қандай? |
к |
Кернеу беретін рубильникті білеуі тиіс. |
11 |
Электр тоғы соққан кезде зақымданушыға қандай алғашқы көмекті ескерту тиіс |
Л |
ол адамды ток жүру элементтерінен изоляциялау арқылы қорғайды. Бұл негізгі жəне қосымша болып екіге бөлінеді( арнайы диэлектрлік қолғап, тоқ өлшеуіш қысқаш, монтер құралы, кернеу көрсеткіш.) |
12 |
Изоляциялау – қорғану жолы қандай? |
М |
электрқондырғының құрылысымен; механикалық әдіс және қорғаныс құралдары ұйымдастыру және техникалық шаралармен. Электрқондырғының құрылымы |
13 |
Егер электрмен қамтуды ажырату мүмкін болмаса, зақымдаушыны қалай босатасыңыз? |
Н |
Қауіпсіздік белгілері Ескерту: Тиім салатын: Алдын-алу Көрсету —қорғаныстық жермен қосу; |
14 |
Доғалық күю дегеніміз не? |
О |
Біріншіден электркоректендіруші рубильник немесе ажыратқышты ажыратқышты ажырату керек |
15 |
Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ететын шаралар? |
П |
Құрғақ ағаш ,бөліктерден босату түрлері, диэлектрлік штангі, жағадан тартып, балтамен өткізгіш сымды шауіп |
III тур
1.егер электрмен қамтуды ажырату мүмкін болмаса, зақымданушыны тоқ жүретін бөліктерден босату түрлерін көрсету.
2. алғашқы көмекті қалай жасау керек (сөзбен айту)
Vl. Жаңа сабақты қорытындылау (тірек сызба арқылы)
Vll. Үйге тапсырма Электр қауіпсіздігі жабдықтарын, түрлерін және қауіпсіздік техникасын: изоляциялау, қорғау, көмекші құралдарының қолданылуы.
Н.Жаданов., Н.Құдайбергенов Еңбек қорғау "Фолиант" баспасы Астана 2010 ж,/
Vlll. Бағалау. Жылдам және алғыр студентті анықтау және басқа оқушыларды жинаған ұпайына қарай бағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж.
2 Қ.Т.Жантасов,М. Қ.Жантасов,Е.Н.Кочеров,А.С.Наукенова. «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.
3 Ш.Т.Бейсебаев ,М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау» курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған Оқу құралы, Шәкәрім атындағы МУ.Семей.2014ж.
4 Ш.Т.Бейсебаев. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі»,Оқу-әдістемелік құрал, Шәкәрім атындағы СМУ.Семей.2011ж.
5 М.А.Нұржасаров и другие. Охрана труда. Астана.2007 ж.
6. Ж.К.Аманжолов. Охрана труда и ТБ. Астана .2007ж.
7.«Князевский Б.А.Энергетикадағы еңбекті қорғау.
8.М:Энергоатомбампа.1985» «Электробезапасность» 33-42 бет
9. www.refru.com/referat-14366-1.html