Урок «Өзіндік құнның түрлері және оның төмендеу жолдары»

0
0
Материал опубликован 22 November 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Талдықорған политехникалық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 25

Күні

Топ

   
   

Пән: Нарықтық экономика негіздері.

Сабақ тақырыбы: Өзіндік құнның түрлері және оның төмендеу

жолдары

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: эконмика негіздері, кәсіпорын экономикасы, экономикалық математика, бухгалтерлік есеп т.б.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге өнімнің өзіндік құнның түрлері және оларды төмендету жолдары жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Өнімнің өзіндік құны жайлы алған білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Студенттерді адалдыққа, ұқыптылыққа пән сүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақты жабдықтау.

Көрнекі құралдар: лекция, тест тапсырмалары, бақылау сұрақтары.

Негізгі әдебиет: Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева

«Кәсіпорын экономикасы»

Сабақты жүргізу кезеңдері.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын бақылау, кабинеттін тазалығын тексеру.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.

Өзіндік құнды жоспарлаудегеніміз не? Өзіндік құндыжоспарлау дегеніміз не? Өнімнің өзіндік құнын талдау дегенді қалай түсінеміз? т.б.

ІІІ.Жаңа тақырыпты баяндау.

1.Еңбек өнімділігін арттыру

2.Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту

IV.Жаңа тақырыпты бекіту.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа тақырыпты бекіту

V. Үй тапсырмасы.

Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, «Кәсіпорын экономикасы» 375 бет

VІ. Сабақты қорытындылау

Сабақты қорыта келе студенттердің сабақта белсене қатысқандарына байланысты бағаларын қою.

Оқытушы: Байдилданова М. С.

Әдіскер: Жанысбекова Г.А.

Өзіндік құнның түрлері және оның төмендеу жолдары

1.Еңбек өнімділігін арттыру

2.Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту

Еркін бәсекелестік жағдайында кәсіпорын (фирма) өндірген өнімге баға автоматты түрде орнатылады. Оған нарықтық баға қалыптастыру заңдары әсер етеді. Сонымен қатар әрбір кәсіпкер максимальді мүмкін пайда алуға тырысады. Осы жерде Өнім өндірісі көлемін өсіретін, оның толықтырылмаған нарықтағы қозғалысына әсер ететін факторлардан басқа, осы өнімді өткізу және оның өндірісіне шығындарды төмендету, өндіріс шығындарын төмендету мәселесі туындайды.

Дәстүр бойынша шығындарды азайтудың маңызды жолдарының бірі болып өндіріс процесінде тұтынылатын ресурстардың барлық түрлерін тиімді немесе эконоиды пайдалану: еңбектік және материялдық.

Өзіндік құнды азайтуда еңбек өнімділігін арттыру қажет. Еңбек өнімділігі-еңбек шығынының тиімділігін арттыру. Бұл өндіріс процесінде

жұмсалған қоғамдық еңбектің тиімділігі, нәтижелілігі, жемістілігі. Қызметкерлердің еңбек өнімділігі бір уақыт өлшемі ішінде өндірген өнімнің немесе орындалған жұмысының көлемі (мысалы, 1 сағатта 10т өнім шығарады), немесе бір өнімге кеткен уақыт (10т өнім алуға 1 сағат уақыт жұмсады) немесе ұлттық табыс мөлшерімен есептелінеді.

Еңбек өнімділігі=Жиынтық қоғамдық өнім / Жұмыс атқаратындар саны

Кәсіпорын деңгейінде:

Еңбек өнімділігі=Q (өнімнің саны)/ Т (уақыт)

Еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс уақытын үнемдейтін факторларға назар аударылады. 1) жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;

2) жұмыста кездесетін тиімсіз үзілістерді азайту. Жұмыс уақытын ұтымды, үнемді пайдалануға техника мен технологияларды жетілдіріп, өндірісті, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, ал екінші әдіске - өндірістің жоспардан тыс тоқтап қалуын қысқарту, сөйтіп үзілістерді азайту

жолдарымен қол жеткізеді.

Еңбек өнімділігінің көрсеткіші қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартумен тікелей байланысты. Еңбек өнімділігі арттқан сайын еңбекақы – оған төленетін ақы да өсіп отыруы тиіс. Жалақының еңбек өнімділігінің өсу қарқынан кейін қалуы немесе артып кетуі дұрыс емес. Бұл қатынас бұзылса, ол еңбек өнімділігін арттыруға деген материалдық мүдделілікке кері әсер етеді.

Осылайша, өндірістің шығындар құрылымындағы көп бөлігін еңбекақыға шығындар алады ( Қазақстан өнеркәсібінде 13 -14 % , дамыған елдерде – 20 -25 % ). Сондықтанда шығарылатын өнімге еңбек сыйымдылығын азайту, еңбек өнімділігін өсіру мәселелерінде өндірістің әкімшілдік қызметтігі персоналдың санын азайту орынды болады.

Еңбек өнімділігін арттыру оны ұйымдастыруға да көп көңіл бөлу қажет: жұмыс орындарын дайындау, оның толықтай жұмыс жасауы, еңбектің арттыруға басқада әдістерді қолдану.

Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында Кәсіпорындарда жұмыс күшінің бәсеке қабілеттілігін, сапасын жоғарылату қажеттілігі мына факторлармен анықталады:

  • Өндірістік ресурс ретінде персонал құнының өсуі;

    Еңбекті тиімді қолдануды және ұйымдастыруды жаңа әдістерді талап ететін бәсекелестер тарапынын қысым;

    Өндірісті басқаруда және ұйымдастыруда жаңа әдістерді талап ететін технологиялық өзгерістер;

    Өз жұмысшыларының потенциалының өсіміне кәсіпорын басшыларының әлеуметтік жауапкершілігі;

    Автоматтандырылған жүйелердің енгізілуі және оларды басқаратын жұмысшылардың квалификациялық деңгейінің сәйкестілікті талап ету;

    Жұмысшылардың интелектуалдық дайындығын арттырудың қажеттілігі.

2.Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту.

Өндіріс процесінде қолданылатын шығындардың мөлшерін азайту үшін үнемі экономикалық талдау жасау қажеттілігі туындайды.

Өндіріс процесінде өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар дайындалған өнімнің өзіндік құнының мөлшеріне тікелей әсер ететіндіктен шығындардардың қандай да статьясынан үнемдеу мүмкін болса, өнімнің өзіндік құны да азда болса төмендейді.

Өнімнің өзіндік құнын азатуды қамтамасыз ететін жалпы факторларға мыналар жатады:

  • Шикізат, материал, электроэнергия және жанармайды экономдау;

    өндірістің негізгі құралдарын қолдануды жақсарту;

    ресурсүнемдеуші жаңа технологияларды қолдану;

    өнімді өткізу бойынша шығындарды азайту;

    кәсіпорынның тауар саясатын қайта қарастыру;

    жұмысын тоқтату және ақаулардан жоғалтуларды азайту;

    сатып алынатын материалдардың оптимальды көлемін және өндіріс процесінде өндірілетін өнім көлемінің дұрыстығын қадағалау және бақылау;

    жалпы заводтық (жалпы шаруашылық) және цехтық шығындарды азайту;

Шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесі үнем тәртібін қатаң сақтап өзіндік құнды төмендетуді көздейді. Өнімнің, жұмыстың өзіндік құны материал мен еңбек ресурстарының үнемделу, өндірістің техникамен жарақтану дәрежесін, сонымен бірге шаруашылық есеп негіздерінің сақталуын көрсетеді. Кәсіпорындардың өзіндік құнына өндірістен тыс сатуға жұмсалған шығынды қосып өнімнің толық өзіндік құнын есептеп шығарады. Толық өзіндік құн - өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындар жиынтығы, құнның негізгі бөлігі.

Өнекәсіптегі өнімнің өзіндік құнын талдау тауарлы өнімнің 1 теңгеге шығынын қысқартудан басталады, өйткені ол өзіндік құнның негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол өзіндік құн динамикасын және шығын деңгейін сипаттайды. АҚ «Рахат» тауарлы өнімінің 1 теңгеге шаққандағы шығындар динамикасы 1-таблицада көрсетілген.

АҚ «Рахаттың» 2016 жылдың ақпан-желтоқсан айларындағы

тауарлы өнімінің 1 теңгеге шаққандағы шығындарын талдау.

қ/с

Шығындар бабы

1 теңгеге шаққандағы шығындар

Желтоқсан

Ақпан-желтоқсан

2015

2016

Ауытқу

2015

2016

Ауытқу

1

Шикізат және негізгі материал

48,48

48,06

-0,42

61,5

49,07

-12,43

2

Көмекші материалдар

4,37

3,94

-0,43

4,14

5,33

1,19

3

Отын

7,62

2,74

-4,88

5,78

4,71

-1,07

4

Электр энергиясы

0,45

0,61

0,16

1,2

0,95

-0,25

5

Айлық еңбек ақы негізгі

2,1

3,83

1,73

6,01

6,0

-0,01

6

Айлық еңбек ақы қосымша

1,87

4,3

2,43

0,06

1,35

1,29

7

ЕА-ға есептеулер

1,97

1,41

-0,56

2,2

2,22

0,02

8

Құрал-жабдықты пайдалану

-23,44

4,82

28,26

26,21

9,22

-16,99

9

Цехтық шығындар

4,58

7,2

2,62

16,48

14,08

-2,4

 

Жалпы заводық шығындар

8,03

4,71

-3,32

23,81

14,23

-9,58

 

ФЗС

56,01

81,62

25,61

147,38

107,18

-40,2

 

Өндірістік емес шығындар

1,16

3,06

1,9

4,31

5,31

1

 

Толық өзіндік құн

57,17

84,68

27,51

151,69

112,49

-39,2

 

1 теңгеге шаққ. ТӨ-ге шығын

57,17

84,68

27,51

151,69

112,49

-39,2

 

Үстеме(накладной) шығ. м, тг

-9,68

19,79

29,47

70,81

42,85

-27,96

Осы мәліметтерді қарастыра отырып, мынадай қорытындыға қоытынды жасауға болады, 2015 жылмен салыстырғанда фабрика 2016 жылы жақсы жұмыс жасаған. Таблицада көрсетілгендей фабрикада тауарлы өнімнің теңгеге шаққанда шығындары төмендеген. Ең төменгі нәтиже «шикізат және материалдар» бөлігінде 12,43 теңгеге, «құралдарды пайдалану» бөлімінде 16,99 теңгеге және жалпы өндірістік шығындар 9,58 теңгеге жеткен.

Бұл кәсіпорынның жұмысын жалпы оптималдаумен байланысты және де шикізатты тиімдірек пайдалнумен, ескі құрал-жабдықты жаңасымен алмастырумен байланысты болды. «Көмекші материалдар» бөлімінде өсім байқалады, ол 1996 жылдан бастап өнімнің басқаша және әшекейлі ұсақ орамамен қапталуына байланысты болды.

Өнімді толық өзіндік құнмен сатады, өткізеді. Неғұрлым өзіндік құн төмен болса, соғұрлым өндіріс тиімділігі жоғары болады. Өзіндік құн тікелей кәсіпорындарда қалыптасады. Халық щаруашылығы бойынша орта есеппен өнімнің өзіндік құны шамамен алғанда оның құнының ¾ бөлігіндей болады. Өзіндік құнды төмендетудің негізгі жолдары : өнім көлемін көбейтіп, сапасын арттыру, ғылым мен техника жаңалықтарын және қалдықсыз технологияларды өндіріске енгізу, еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс қорларын ұтымды пайдалану, өндіріс циклын қысқарту, ұйымдастыру мен басқаруды жақсартып оған кететін шығындарды азайту, өндіріс қалдықтарын толық пайдалану, өндірістің тоқтауын және шығын мен ақауды азайту, дер кезінде жүргізілетін бақылау, есеп пен экономикалық талдау, айналым қаржыларының айналуын тездету, тағы басқалар.

Келешекте өзіндік құнның кейбір шығын түрлерінің ғылыми-

техникалық прогресс, механикаландыру, автоматтандыру, электрлендіру,

химияландыруға байланысты үлес салмағы едәуір өзгеретін болады.

Өзіндік құн категориясын қолдану, оны бақылау, талдау өндірістің ішкі мүмкіндіктерін ашуға, оны жұмылдыруға көмектеседі. Ондай резервтер барлық кәсіпорындарда да болады. Өндіріс көлемі жыл сайын өсіп отырады, соған сәйкес шығын да көбейеді. Бағаның да негізі - өзіндік құн. Осыған байланысты өзіндік құнды азайтудың ерекше мәні бар, ол пайданы молайтудың басты көзі.

 

 

5

 

 

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.