Зияткерлік ойын Тақырыбы: «Білгіштер»

0
0
Материал опубликован 23 January 2019

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 мектеп - гимназиясы» ММ


 

Зияткерлік ойын

Тақырыбы: «Білгіштер»


 

Сынып: 6А,7А

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сейтхан А.С


 

Қостанай қ, 2018-2019 оқу жылы


 

Тақырыбы: «Білгіштер» зияткерлік ойыны
Мақсаты::Білімділік:Оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Дүниетанудан алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау;
Дамытушылық:Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.Сөздік қорларын байыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: тест тапсырмалары, карточкалар
Техникалық құрал: компьютер
Барысы:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білгіштер» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Бұл ойында 6,7 «А» сынып оқушылары өз білімдерін сынамақ.

Көне қалалар бар қиылған суреттер беріледі.иТопқа қиылған суреттерді құрастыру арқылы бөлінеді.( Тараз, Отырар)
Ендеше ойын шартымен таныстырсақ:
Ойынға 8 оқушыдан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 7 турдан тұрады.
І тур.  «Ұшқыр ой»

ІІ тур. «Эрудиттер сайысы». Әр топ тест тапсырмаларына жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ақша жинайды.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір таңдаған сан бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІҮ тур. Логикалық сұрақтар видео

5 тур: «Білгенге маржан»

6 тур «Капитандар сайысы» “бұл сандар не білдіреді”

І тур.  «Ұшқыр ой»
1.Сұрақ : «Алтын адам» қайдан табылды?
Жауабы: Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.

2.Сұрағы: Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында?
Жауабы: Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде тоғызыншы орында

3.Сұрақ: Қазақстандағы қорықтарды ата.
Жауабы: Қазақстандағы қорықтар: Алматы, Наурызым, Ақсу –Жабағлы, Барсакелмес, Марқакөл, Қорғалжын, Үстірт, Қатонқарағай.

4.Сұрақ: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
Жауабы: Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

5.Сұрақ: Қазақ халқы жігіт адамның үш жұрты бар есептеген. Оларды ата.
Жауабы: Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.

6.Сұрағы: Тәуелсіздік күні қай күн?
Жауабы: Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.

ІІ – тур. Эрудиттер сайысы. Тест тапсырмалары:
1.Елді кім басқарады?
А) Парламент; Ә) Президент; Б) Премьер-министр.
2. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан?
А) Еуразия; Ә) Африка; Б) Австралия.
3.Бір-бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды?
А) Көршілер; Ә) Достар; Б) Туысқандар.
4.Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың симфолы.
А) Хан шатыры; Ә) Қазақ елі Б) Бәйтерек.
5. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында?
А) Астанада; Ә) Алматыда; Б) Көкшетауда.

ІІІ – тур «Таңдау - табыс» деп аталады. Тақтада суреттер ілулі тұрады. Оның артында сұрақ жасырылған. Берілген сұрақтарға жауап беру керек.

1.Қазақстанның жер көлемі Батыс Европадағы ең ірі деп есептелетін Франциядай 5 мемлекеттің немесе Ұлыбританиядай 11 мемлекеттің, Жапониядай 17 мемлекеттің жерімен пара-пар. 
Сұрақ: Қазақ жері қанша шаршы километр аумақты алып жатыр?
Жауап: 2,7миллион шаршы км ( 2724,4 мың шар¬шы км).

2.Бұл қала 1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы болған. Бұл қаладан Мадина Садуақасова, Алмас Кішкенбаев, Батырхан Шөкенов сынды тагы да басқа атақты адамдар шықты.
Сұрақ: Бұл қай қала?
Жауап: Бұл-Қызылорда.

3.2009 жылы 20 қазанда, Елордамыз Астанада Қазақстанның мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде ерекше монумент тарихқа енді. Авторы- еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев. Бұл -ғасырдан ғасырға , атадан балаға кететін айрықша тарихи рәміз. Монументтік биіктігі 91 метр. 
Сұрақ: Монумент қалай аталады?
Жауап: Бұл монумент «Қазақ елі» деп аталады.

ІҮ тур. Логикалық сұрақтар видео

5 тур: «Білгенге маржан» Өз топтарының атау туралы, яғни қала туралы не біледі сол қала тұралы постер құрастырады

6 тур «Капитандар сайысы»

7 тур “Бұл сандар не білдіреді”

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. 
Бүгінгі зияткерлік сайысқа қатысқан топтарды марапаттасақ.

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментарии на этой странице отключены автором.