Сабақтың тақырыбы «Жақсылықпен жаным дос»
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
№7
Тақырып: Жақсылықпен жаным дос
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: өзіңді - өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық
Класс: 5 сынып Оқушылар саны: 14
Сабақ мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйренеді, ішкі тыныштық құндылығының мәнін аша түседі. Міндеттері: -оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамшылықпен жеңуді ұғындыру; - жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу ; - іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету. |
Ресурстар: (құралдар,мәлiметтер) |
Сабақ барысы:
А) Нұрға бөлену (оқушылар өз әсерлерімен бөліседі) Б) Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге: «Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге: «Жақсы болу өзіңнен» - деп қарайды. Ия, ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал, енді «бір,екі,үш» деп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Үй тапсырмасына «Жақсы көңіл-күй – жан шуағы» тақырыбына эссе немесе жанынан өлең жазып келу, мінездеріндегі теріс қылықтардан арылып, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүру тәсілдерімен бөлісу. (Оқушылардың үйден дайындап келген шығармаларын талқылау). |
Сабақ барысын талдау: |
3. Топқа бөлу. Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу. Жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы 3 топқа бөлеміз. 1-топ. Ақылдылар 2-топ. Мейірімділер. 3-топ. Әдептілер. Топтың басшыларын жасырынған сөздері бар мақал-мәтелдерді беру арқылы сайлаймыз. Әр топқа 1 мақал-мәтел беріледі, сондағы жасырынған сөзді тауып, мәтелді толықтыруға тапсырма беріледі. (АКТ слайд арқылы көрсетіледі). Топтың лидерін мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табуына қарай анықтау. 1 - топ Жақсылық қылсаң-----------------қыл 2 - топ Жақсының----------- айт, нұры тасысын. 3 - топ -------------адам алысты жақын етер. Жұмбақты тапқан оқушы топ басшысы болады.Топ басшылары топпен ақылдасып, сыныптың ережесін бекітеді. Ереже: Уақытты тиімді пайдалану Тыныштық сақтау Сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу. |
|
4. Дәйексөз. «Жақсы сөз – жарым ырыс»
|
Халық мақалы |
4.Әңгiмелеу Жақсылық пен Жамандық
Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Сұрақтар:
|
Тыңдайды Талқылауға қатысады Өз ойларын ортаға салады |
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Екі топқа екі түрлі ертегіден үзінді беріледі. І топ Қарлығаш пен дәуіт ертегісі Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. .................................................................................. ертегіні өз ойларыңмен жалғастырыңыздар!
ІІ топ Жолбарыс пен тышқан ертегісі Бір күні жолбарыс ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді . Жолбарыс оянып, тышқанды ұстап алады.Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын» , дейді ол. Жолбарыс тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді. ........................................................... ертегіні өз ойларыңызбен жалғастырыңыздар!
ІІІ топ |
Балалар ертегі желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс. Олар топ болып бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастыру қажет. |
Топпен ән айту. Біз өмірдің гүліміз Сөзі: Ә.Дюсенбиев әні: Б.Ғизатов Зеңгір көктен Бал достыққа, Нұрын төккен Жолдастыққа Ортақ біздің күніміз Шақырады әніміз, Жайдары өскен, Тыныштықта Жайнап өскен Нұр құшақта Біз өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз. |
Хормен айту |
Үй тапсырмасы. №8 С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту. 32 бет. Дәптермен жұмыс №7 1 Өздеріннің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме құрастырып келіңдер! |
|
Оқушылар барлығы қосылып айтады.
Мысалы: |
- Ата - анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді, стикерлерге жазып іледі. |
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! |
|