Абай Құнанбаев шығармаларының тіл ерекшеліктері

0
0
Материал опубликован 6 May

Автор публикации: З. Акишева, студентка 1 курса

Қазақстан Республикасының оқу- ағарту министрлігі

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы

«Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК









«Ұлттық тәрбие және жаһандану» тақырыбындағы республикалық ғылыми жобалар байқауы



Жобаның бағыты: Қазақ елі – зиялылар мекені. 

Жобаның тақырыбы:

Абай Құнанбаев шығармаларының тіл ерекшеліктері











Ғылыми жетекшісі:

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің

оқытушысы - Акишева Заурет Исаевна.

Жоба авторы:

МГ-511.1 тобының студенті – Айтжанова Нұржанар.







Орал - 2023 жыл

1





Мазмұны:





  Кіріспе................................................................................................... 6

  Зерттеу бөлімі...................................................................................... 7

  Қорытынды......................................................................................... 11

  Пайдаланған әдебиеттер.................................................................... 12




































2



Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Ең жоғары, ардақты орын – Абайдікі.

Міржақып Дулатлов



Абай Құнанбаев 1845-1904 ж.
t1714978128aa.png

Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйді. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді.




3

t1714978128ab.png







4

t1714978128ac.png














5

Жобаның мақсаты мен міндеттері:

- Сөйлеу мәдениетін меңгерген тұлға ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру; - ана тілде таза, еркін сөйлеуге төселгендігін таныта білу; - студенттің сөйлеу тәжірибесінде алған білімі мен іскерлігін қолдану шеберлігін қалыптастыру; - Отаншылдық пен елжандылыққа, халықтық наным-сенімді білуге тәрбиелеу; - ұлттық тәрбиемізді білуге;

- студенттерді өз қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін көрсетуге ұмтылдыру;

- мәліметтерді ұстану мен рәсімдеу қабілеттерін қалыптастыру; - ғұмырбойы өз білімін жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру; - шешімді түзу, танымдық іс-әрекеттің мақсаты мен алынған нәтижені салыстыру, өзін-өзі бақылау қабілеттерін қалыптастыру.

  Зерттеу жұмысының жоспары:

I. Кіріспе Кемеңгер ақын, Абай атамыздың эпикалық, лирикалық жанрда да еркін жазғаны баршаға аян. Ақынның өлеңдері мен дастандарын оқи отырып, өзіңе тән ерекшелігін байқайсың. Мақал-мәтелдерді, фразеологиялық тіркесті, құбылтудың түрлерін, қарапайым диалогты өз дастандарында ұтымды қолдана білген. Абай атамыз қай шығармасында болса да жан сырын жайып салуға жомарттығымен көрінеді.Туған халқына деген жүрегінің ақтығы,таза көңілі, зор сенімі оның әр шығармасынан анық байқалады. Ұлы ақын -қазақ поэзиясының алып тұлғасы. Өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмайтын ақын. Ақын дастандары арқылы оқушыларды Отаншылдық пен елжандылыққа,халықтық наным-сенімді білуге тәрбиелеуге болады. Сонымен бірге ұлттық тәрбиемізді білуге де ақын шығармаларының септігі зор.






















6

II. Зерттеу бөлімі


а)  Өзіндік стилімен жазуы туралы зерттеу -  адам жанының эстетикалық және рухани мәнін танытушы ұғым.

ә) Шығарманы халық игілігіне айналдыруға ақын-жазушылар әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Содан барып шығармашылық туады. Бұл-қаламгердің стилі. Ұлы ақын – Абай атамыз қолданған ажарлау құралдарының бірі- аллитерация. Бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуін аллитерация деп атайды. Өлең өрімін құбылтып, әсерін күшейтеді.


б) Әдебиеттегі оқырман немесе тыңдаушыны ерекше әсерге жетелеу үшін жасалатын әдіс - антитеза, өлеңдегі әр жол, не болмаса әр тармақ ылғи бір сөзбен басталып, қайталануы – анафора, ұқсастығына қарай бір сөзді екіншісімен ауыстыру- метафораның көркемдік ерекшелігі және т.б көркемдеуіш құралдарды пайдаланған. Шығарманы халық игілігіне айналдыруға ақын-жазушылар әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Содан барып шығармашылық туады. Бұл-қаламгердің стилі.


III. Жобаның түйіндемесі:

Өлеңдерінің ерекшелігі-ырғактык жаңалықтарында, идеялық мазмұнының тереңдігінде. Қазақтың өлең сөзіне қатаң талап қойып, өзі де сол талаптан шыға білген. Сондай-ақ, тармақ саны мен ұйқасуына қарай өлеңнің жаңа түрлерін ұсынды. Сонымен қатар Абай қазак өлеңіне теңеу, эпитет, метафораның жаңа түрлерін енгізіп, жаңа сапалык дәрежеге көтерді. Терең ойға құрылған өлеңге сол ойды дәл, әсерлі етіп беретін жолдар мен амал-тәсілдерді кіргізгендіктен, Абай өлеңдерінің мазмұны айтпақ ойы айқын болып келеді.

Лирика (гр. «lyra ежелгі гректер уніне қосылып ан салған Лирика музыка аспабы»)-әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл куйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялык шығармалардың түрі. «Лира» - грекше музыкалық аспаптың атауы. Лираға қосып айтатын өлеңді «лирика» деп атаған.

Лирика - акынның сезімін, көңіл күйін, қуанышы мен сүйінішін, арманын, өмірге деген көзкарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын сыр ғып шертетін өлең, әдебиет тегінің бір түрі. Лирикалық шығарма өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көзқарасы оның сезімін, накты ойын, көңіл күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Лирикалық шығармалар тақырыбына, мазмұнына қарай: саяси- азаматтық лирика (тақырыбы да, мазмұны да әлеуметтік мәні зор ipi мәселелерді сөз етеді); махаббат лирикасы (сүйіспеншілік, махаббат туралы, кейде қуанышты, кейде қайғылы болуы мүмкін); философиялык лирика (ақын лирикалык өлеңін философиялык терең мазмұнға құрады); табиғат лирикасы (әр алуан табиғат құбылыстарын жырлауға арналған) болып бөлінеді. Лирикалык өлендердің мазмұны да, түрі де, оларда байқалатын көңіл күйлері де ақынның өміргe көз қарасымен байланысты.

Ақын өз шығармаларын әсерлі де, әдемі жеткізе алу үшін көркемдеуіш әдіс-тәсілдерді өте тиімді пайдалана білген кемеңгер ұлы ақын. Осыған орай мен өз жобамды қорғағым келеді.









7

t1714978128ad.png




















8



Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс
 келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды…


Эпитет (қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.

Антитеза (гр. Atrivecolg – қарама қ қарсылық,Шендестіру) – әдебиеттегі оқырман немесе тындаушыны ерекше әсерге жетелеу үшін жасалатын әдіс түрі.

Теңеу – көркемдік суреттеуде затты, құбылысты екінші зат, құбылыспен салыстырып бейнелеу.


Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып,
дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін
тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы
шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай...


Риторикалық сұрау /грек..../ - шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді.


Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз
болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болма ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып, артқыға сөз
болмай ма?...



9


Аллитерация - (лат. allittera-дыбыстас) дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл


Жүрегім менің қырық жамау

...Кәрілік те тұр тақау,
Алдымызда айла жоқ.

Қайғысыздың бәрі - асау,
Бізге онан пайда жоқ.

Қан жүректі қайғылы-ау,
Қайырыла кет сен маған.
Қасиетін ойлан-ау,
Қам көңілдің тынбаған...


Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж,кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі.



Шегіртке мен құмырсқа

Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?

Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!

t1714978128ae.png

Ассонанс (французша assonance, латынша assono – үйлесім) – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.

Риторикалық сұрау- шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді.

Бөтен елде бар болса

...Арасымен өтерді?
Жолдас аз боп сасқанда,
Әуел сонан есітесің
«
Ат үстінен көтерді».
Ауыр жұмыс кез болса,
Араздығы сөз болса, 10
Араз кісі болғансып,
Сылтау етер бекерді...


Риторикалық сұрау /грек..../ - шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді.

Антитеза (гр. Atrivecolg – қарама қарсылық, Шендестіру) – әдебиеттегі оқырман немесе тындаушыны ерекше әсерге жетелеу үшін жасалатын әдіс түрі.

Ескендір

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары - оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.

Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды...



III. Қорытынды.


Абай шығармаларын бір рет қана оқып қоймақ түгелі, тіптен оның шығармаларын жаттап алу да аз, мәселе, оны түсінуде. Абай адам санасы кемелденіп, толысқан сайын түсінікті бола бастайды. Әр ұрпақ Абайдан өз түсінігін табады.

Ақынның поэзиясы – халықтың жүрегінің тілі.

«Поэзияда, музыкада, қоғамдық -азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен толықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр….»


Ахмет Байтұрсынов















11



Пайдаланған әдебиеттер:


1. Абай. Шығармаларының екі томдық

Толық жинағы. Алматы: Атамұра, 1995.


2. Абай. Энциклопедия. Алматы Атамұра,1995.


3. «Абай» журналы. Оның шығуын 1918 жылы Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов ұйымдастырған, 1992жылдан қайтадан шыға бастады. Редакторы Рымхан Мұсанұлы.


4. Абай Құнанбаев: Мақалалар мен зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1967.


5. Рабиға Сыздықова (1924 ж.т). Абай шығармаларының тілі. Алматы: Ғылым, 1968.


6. Ғарифолла Есім (1947 ж.т). Хакім Абай (қазақ тілінде). Алматы: Атамұра, 1994; Хаким Абай (орыс тілінде). Алматы: Білім, 1995.


7. Абай туралы философиялық трактат. Алматы – 2004 ж.



































12


в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.