ВСЕРОССИЙСКИЕ КОНКУРСЫ
Бесплатные конкурсы для учителей. Сертификаты и призы участникам!
Материал опубликовал
Ахметова Алия Сатыбаевна15

Пәннің аты:қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөйлемді еске түсіреміз

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: өткен тақырыпты саяхат жасау арқылы пысықтау, сурет бойынша сөйлем құруға дағдыландыру, ауызша және жазбаша тілдерін дамыту.

Сабақтың түрі: Саяхат - сабақ.
Көрнекіліктер: Жүрекше, Астана суреттері. Қима қағаздар, үнтаспа

Психологиялық ахуал

Бір-біріне жүрек бере отырып көршінің жақсы бір қасиетін айтады

3 мин.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту. Рахмет. Енді ,балалар, осы шаттық шеңберде тұрған бойда мына суреттердің қимасы арқылы топтарға бөлінеміз. Алған суреттеріне байланысты «Астана», «Бәйтерек», Ақорда»,»Ханшатыр»топтарына отырыңыздар. 
Қалалардың суреттері бар суреттердің  қимасымен  4 топка бөлінеді.
Оқушыларға бүгінгі күнге сәттілік тілеп, «Алтын ережені» еске түсіреміз.

2мин

Оқушылар амандасады, шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады.
Әрбір оқушы суреттер арқылы өз жартысын тауып, шыққан сурет  бойынша тиісті орнына отырады.

Оқушылар ережені өздері айтады.
-  тәртіп сақтау;
- белсенділік таныту;
- ұйымшылдық;
- Жауапкершілік;

Мағынаны тану. -Балалар, тақтада  ненің суретін көріп отырсыңдар?
Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?
ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.
Мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
Осы тұста сіздерге бүгінгі сабақта сіздер өздеріңіз бағалайсыздар,ол үшін Блоп ағашы бейнелеген қағаздар таратылады. 2-мин

Үй тапсырмасын тексеру. 4-жаттығу ( 62-бет) 5мин

Сабақтың мақсаты айтылады.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
- Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен  аялдамаларға тоқтап, түрлі тапсырмалар орындаймыз.

1-аялдама (автобуска мініп Астанаға аттану)

Әр топқа 3 сөйлем беріледі. Сөйлем түрлерін анықтау

  • Астанаға автобуспен барамыз ба
  • Алақай, Астанаға барамыз
  • Маған Астана қаласы ұнады

2-аялдама «Ханшатыр» «Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңасимволы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған.

Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып,сөйлемдерді көшіріп жазу.

Өркенің өссін,балам! Шоқан тоғызға толды ма? Дастарқаннан дәм кетпесін.Қаз,үйрек, тауық-үй құстары. Азамат болып өс! Тоғайда қайың, терек, емен өседі. Шырша қайда өседі? 7мин

3-аялдама «Думан ойын-сауық орталығы» Думан - ойын-сауық, той-тамашаға құрылған көңілді жиын, кеш. Сондықтан “той-думан” деген қос сөздің құрамында да жиі қолданылады.

Ойын сауық орталығында балалар не істейді ?
Бойларын сергітеді,демалады. Енді ,бізде ,балалар, сергіп қалайық.
Сергіту сәті.»Қаражорға биі» 3мин
 4- аялдама «Асхана» қарнымыз ашып қалған болар, ендеше мынау аспаздың дайындаған асынан дәм татайық. (суретке қарап үш түрлі сөйлем құрастырып жазу)

ДТБО (Ерасыл,Лейла,Аймөлдір,Жантуар)

5-аялдама «Байтерек Астана қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы, ғимараттың биіктігі 97 метр болып белгіленген. Әсемдеп жасалған темір конструкциялардың жоғары жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналастырылған. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы іспетті. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді. Өйткені самұрық құс өз дұшпандарынан сақтанып, жұмыртқасын осындай биік ағаштың басына салады екен. Осы идея Бәйтеректің дүниеге келуіне себеп болған.

Тақтаға шығып әр топ басшылары тапсырма алады.

1-топ: 2-жаттығу . Хабарлы сөйлемдерді көшіріп жазу.

2-жаттығу. Хабарлы сөйлемдер. ДЕМАЛЫС КҮНІ АТА-АНАМ ЖҰМЫСҚА БАРМАЙДЫ. ДАНИЯР ӘЛІ КІШКЕНТАЙ. САЯБАҚҚА МАШИНАНЫ КІРГІЗБЕЙДІ ҒОЙ.АҚҚУ-ӘДЕМІ ҚҰС.

2-топ: 2-жаттығу. Сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазу.

2-ЖАТТЫҒУ. Сұраулы сөйлемдер. МЫНАУ НЕ,АТА? САЯБАҚҚА МАШИНАМЕН БАРАМЫЗ БА?

3-топ: 2-жаттығу. Лепті сөйлемдерді көшіріп жазу.

2-жаттығу. Лепті сөйлемдер. АЛАҚАЙ, ЕРТЕҢ АТАММЕН БӘЙГЕГЕ БАРАМЫЗ! ЖАНАР, ТАУЫҚТАРҒА ЖЕМ ШАШ! ТОҒАЙ ІШІ СОНДАЙ КЕРЕМЕТ!

4-топ: 4-жаттығу. Сұраулы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жаз. 7мин

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Жұмбақ шешу:Өзім сөзден тұрамын.

Біткен ойды құрамын.

(Сөйлем)

Қоя салсаң бір тары,

Жаңалықты жеткіземін.

(Хабарлы сөйлем)

Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады.

(Сұраулы сөйлем)

Ұранды, шаттықты,

Өкініш, аптықты, Білдіріп ойын талайдың,

Шарға ине қадаймын.

(Лепті сөйлем)1мин

Үйге тапсырма

5-жаттығу ( 64 бет) 1-2 топ оқушылары

3-жаттығу (63бет) 3-4топ оқушылары

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

1мин

Бағалау парақшасын толтырады.



 

Опубликовано


Поблагодарить автора 1 Добавить в избранное
! Пожаловаться

Комментарии (2)

Ивлиева Наталия Алексеевна, 29.04.16 в 06:19 1 Ответить Пожаловаться
Не могу оценить, т.к. не знаю этот язык!?
Чтобы написать комментарий необходимо авторизоваться.