Қазақ тілінен олимпиада тапсырмалары (5-сынып)
Мектепішілік олимпиада тапсырмаларының мазмұны
5-сынып
Оқылым
Мәтінді оқып астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз (5 тапсырма)
Арыстан мен түлкі
(Ертегі)
Арыстан қартайып, аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды амал-айламен аулағысы келді, Өзі үңгірде жатты да;
-Аурумын, жүрүге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты, Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келе бастады, Арыстан олардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні арыстанның халін білуге түлкі келді. Ол үңгірде алысырақ тұрды да;
-Халің қалай? – деп көңілін сұрады,
-Халім нашар, неге жақынырақ келмейсің? – деді арыстан. Түлкі:
-Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ, - деп жүгіріп кетіпті.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
Мәтінде қандай антонимдер бар ?
А)арыстан, түлкі В)алысырақ, жақынырақ С)амал-айламен Д) бастады, таратты Е)жүгіріп, кетіпті
2. Мәтінде түлкі қандай?
А)ақылды В)мақтаншақ С)әдемі Д)сабырлы Е)төзімді
3. Мәтінде кім қартайды?
А)түлкі В)аңдар С)арыстан Д)қасқыр Е)кірпі
4. Мәтіндегі «жануарлар» сөзінің синонимі
А)үңгір В)хабар С)құстар Д)аңдар Е)арыстан
5. Арыстан барлық аңдарға қандай хабар таратты?
А) - Халің қалай?
В)- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да,
шыққан із жоқ
С) -Халім нашар!
Д) -Неге жақынырақ келмейсің?
Е) – Аурумын, жүруге әлім жоқ...
Лексикалық-грамматикалық тапсырмалар (20 сұрақ)
Тәуелді септеуде тұрған сөзді табыңыз
А)отбасың В)әкем С)көршімен Д)оқушылар Е)мейірім
Бітеу буынды сөздерді анықтаңыз
А)достар,дәстүр В)әпке,арман С)әдепті,қонақ Д)қуаныш,төр Е)құпия,жағдай
3. Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз
А) дастарқан В) төр С) інілер Д) бала Е)адам
4. Сынып жабдықтарын белгілеңіз
а) әке,шеше,ата,әже в) табиғат,орман,өзен, с) гүл,өсімдік,шырша
д) тақта карта,парта е) қол, бас, аяқ
5. «Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз
а) жаман в) үлкен с) кеш д)сұлу е) биік
6. Қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз
А) т,с,в В) п,р,м С) п,с,т,ш Д) р,м,н Е) ә,у,е
7. Зат есімді көрсетіңіз.
көмектесу B) мектеп C) қалың D) нешінші E) қарсы алу
8. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз
А) ұ В) ү С) ы Д)қ Е)а
9. «Менің атым- Қожа» повесінің авторы кім?
А) М.Жұмабаев В) М.Әуезов С) Ш.Уәлиханов Д)А. Құнанбаұлы Е)Б.Соқпақбаев
10. «Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет қай жылы шықты?
А)1948 В) 1978 С)1938 Д)1988 Е)1958
11. Қазақ тіліне ғана тән неше дыбыс бар?
А)5 В) 7 С)42 Д)37 Е)9
12. Бердібек Соқпақбаев кім?
А)жазушы В) әнші С)ақын Д)ойшыл Е)философ
13. – м, -ң, -ым, -ім ненің жалғаулары?
А) көптік жалғауы В) тәуелдік жалғауы С) жіктік жалғауы
Д) септік жалғауы Е)жұрнақ
14. «қызғалдақ» сөзінің аудармасын табыңыз
А)подснежник В)роза С)тюльпан Д)ромашка Е)астра
15. Жалқы есімді анықтаңыз
А)оқушы В)кітап С)қызғалдақ Д)ана Е)Қожа
16. Сөзде неше буын бар,көрсетіңіз: мерекелері
А)4 В)5 С)3 Д)2 Е)6
17. Бүркіт қандай сайыс өткізді?
А) «Қазақстан Барысы» В) « Кім күшті?» С) « Кім жылдам?»
Д) « Кім тапқыр?» Е) «Қазақстан жұлдызы»
18. «қырғауыл» сөзінің аудармасын табыңыз
А)сова В)воробей С)грач Д)филин Е)фазан
19. «жүреді» сөзінің синонимін анықтаңыз
А)айтады В)барады С)шақырады Д)тыңдайды Е)аулайды
20. «өркениет» сөзінің аудармасын табыңыз
А)ассоциация В)модернизация С)цивилизация Д)организация Е)глобализация