Мектепке дейіңгі мекемелерде өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін оқытудың жолдары

0
0
Материал опубликован 26 March 2020

Мектепке дейіңгі мекемелерде өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін оқытудың жолдары

Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік тілді құрметтеу және өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынасты нығайту – Қазақстандағы ұлтаралық келісім кепілі. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйретуде баланың ерте жастан тілдік және логикалық дағдыларын дамыту өте маңызды.

Тілді өркендетуді балабақшадан бастау керек. Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйренудің маңызы зор. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету күрделі жұмыс. Қазақ тілінде сөйлеуде балалардың тілі тез даму үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп араласуы қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар көрген-білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші сұраққа бір сөзбен жауап береді. Осы жерде туындайтын басты мәселе

Қарым-қатынас жасайтын ортанын жетіспеуі, қазақ тілінде сөздік қорының аздығы, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы

Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы, үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы

Қазақ ертегілерін, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап, түсініп жаттай алмауы.

Сондықтан олардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным, қабілеттерін жетілдіру, шешендікке, тапқырлыққа баулу үшін жаңа оқу технологияларын пайдалану қажет.

Балабақшадағы өзге ұлт өкілдерінің балаларының қазақ тілін меңгеруге қойылатын басты мақсаттар:

Басқа ұлт өкілдерінің балалардың қазақ тіліндегі сөздік қорын дамыту, қазақ тілінде сөйлесе білуге үйрету.

Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету.

Диалог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту.

Сабақта өтілген сөздерді пайдаланып, сөйлемді дұрыс құрастыруға жаттықтыру, мазмұнын түсініп, айтуға үйрету.

Ұсынылған ойын-тапсырмаларды дұрыс орындау, не істегені туралы айтып беруге үйрету.

Байланыстырып сөйлеуге, шығармашылыққа (өздігінен 4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыруға үйрету. Қысқа өлең, тақпақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар жаттап айтуға үйрету.

Балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту. Зейін, сезімін қабылдау әрекеттерін дамыту.

Қазақ тілінде сөйлесуге, тілді құрметтеуге, сүйіспеншілікке, достыққа, жолдастыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Қоршаған ортадан, табиғаттан, күнделікті өмірде көрген-білгенін қазақша айтуға дағдыландыру.

Қазақ ертегілерін, әңгімелерді тыңдап түсінуге, мұғалімнің жетекші сұрағына тірек сызбаларға сүйеніп әңгімелеуге үйрету. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Сабақта әр түрлі технологияларды қолданады. Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы, ойын технологиясы және т. б. Сол технологияның бірі - ойын арқылы оқыту технологиясы. Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни оқу іс-ірекеттің кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан- жақты тұлға дамиды. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады. Ойындардың түрлері:

Дидақтикалық ойындар

Театрландырылған сюжеттік ойындар

Қимылды ойындар

Ұлттық ойындар

Логикалық ойындар

Рөлдік ойындар

Фонетикалық ойындар

Зияткерлік ойындар

Алғашқы тіл сабақтарынан бастап, баланы өзге тілде сөйлеуге құлшындыратын айналасындағы зат, құбылыстардың қазақша атауларын үйрету үшін қолданылатын ыңғайлы әдістердің бірі – дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Әр түрлі топтағы балалардың шамасына қарай берілетін бағдарлама материалдарын меңгертуді, үйренген білім дағдыларын бекіту жұмыстарын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыруға болады. Ойынның пайдасы – баланың ой-өрісін қалыптастырып, дамытады. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады. Дидактикалық ойындардың түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қолдану қажет. Баланың ауызекі тілде сөйлеуін, тілдің дыбысталу мәдениетін, байланыстырып сөйлеу мен сөздік қорын дамыту үшін сабақта және үйде ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі. Ойын шарттары мен көрнекіліктерді пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Арнаулы қазақ тілі құралдарының қатарында ерекше орын берілетін ойын түрлері – қазақ тіліне тән ә,ү,ұ,қ,ң,ғ,і,һ дыбыстардың дұрыс айтуға арналған дидактикалық ойындар болуы керек, яғни дыбыстық жаттығулар, аударма сөздіктер, жұмбақ, жаңылтпаштар, санамақтар қамтылған ойындар. Қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын дидактикалық ойындар: балалардың сабақ үстінде алған білімдерін бекітуге, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуге, қазақша сөйлеу үлгілерін еркін қолдануына бағыт береді, ұйымшылдыққа үйретеді. Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі ұлт балаларының да, өзге ұлттың балаларының да тілдерін дамытуда өте маңызды рөл атқарады. Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану арқылы сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын арттыруға болады. Сонымен қатар бұл сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланың жақсы меңгеруіне ықпал етеді. Дидактикалық ойын барысында балалардың зейінін, жылдамдықтарын, тапқырлықтарын, байқағыштық қасиеттерін дамыта отырып, дыбыстарды ажырата білу мен сөздік қорын молайтуды жүзеге асыруға болады. Дидактикалық ойын арқылы тіл үйрету тиімді әрі нәтижелі болары сөзсіз.

Жаңа технологияларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолданудың тиімді технологиялардың бірі – “Сын тұрғысынан ойлау” (СТО) технологиясы. Мұнда әр баланың ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады, бала өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда балаға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға бала шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. Ұйымдастырылған oқу іс-әрекетінің қай құрылымында бoлмасын мұғалім “Сен не ұқтың?”, “Сен нені білгің келеді?” және «Сен неге бұлай ойлайсың?» деген сұрақтарды балалардан сұрап oтырғаны абзал. Coнымен бірге өз тәжірибемде жиі қолданылатын инновациялық технологияның тағы бір түрі- Эйлер Венн диаграммасы. “Венн” диаграммасын қолдану арқылы заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Мектепке дейінгі даярлық топтарында өтілген тақырыптарды қорытындылау кезінде осы технологияны пайдалану тиімді. Мысалы: «Жемістер» және «Көкөністер» тақырыптарын бекітуде мұғалім балалардан алма мен қызанақтың ұқсастығын мен айырмашылығын табуды сұрайды. Балалар олардың ұқсастығы - пішіні, түстері екендігін айтса, ал айырмашылығы – өсетін орны, дәмдері, біреуі -жеміс, екіншісікөкөніс деп жауап береді. Тағы өте кеңінен тараған ең тиімді әдістерінің бірі ТРИЗ. Бұл әдіс бойынша баланың шығармашылық қиялын, ойын, тілін дамыту үшін бала көп сөйлеу керек, өз ой-пікірін толық айтуы тиіс. Бұл әдіске қысқаша тоқталатын болсам: – балалардың логикалық және абстракты oйлау қабілетін, қиялын дамытып қана қоймайды, oларды зейін қоюға үйретеді. - балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді. Балалармен жұмыс жасаудағы осы технологияның негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Қорыта айтқанда инновациялық технологиялар оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технoлoгияларды қолдану оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, баланың тіл үйренуге қызығушылығын арттырады.

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментарии на этой странице отключены автором.