Занятие на казахском языке. «Кесе»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет
Тақырыбы: Кесе
Мақсаты: Негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді алу дағдыларын қалыптастыру. Қызыл+сары= қызғылтсары, көк+сары=жасыл, қызыл+ көк =сиякөк.
Қолданылатын көрнекіліктер: Бояулар, қылқалам, палитра, қағаздар, су, сүлгі, қылқалам қоятын тұғырлар, әліппе-дәптер.
Сөздік жұмысы:
Әрекет Кезеңде рі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы. |
Бүгін бізге «Бояушылар» елінен қылқалам қонаққа келіпті.сендерді өзінің әсем де сәнді еліне қонаққа шақырады. Ол жаққа бару үшін бізге үлкен түрлі түсті көпірден өтуге тура келеді. |
Қызыға қатысуы, сұраққа жауап беруі,белсене қатысуы. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу. |
Ол үшін алдымен дәптерді ашып қараңдар, кемпірқосақтың жеті түсін естеріңе түсіріңдер. (дәптермен жұмыс) Балаларға негізгі түстерді түсіндіру және оларды бір-біріне арластыруарқылы қосымша түстерді алуға болатынын көрсету. |
Балалардың қызыға жұмыс жасауы, жауаптары. Сұраққа жауап қайтару, белсене қатысып, суреттерін салу. Бір-біріне көмектесу. Палитрада бояуларды араластырып көреді. |
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) |
Ойын: «Түстерін тап». Балалр жұмыстарын талдау. Талдау барысында өлең оқылады. Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Көкте қызыл-жасылды, Кемпірқосақ ашылды. М. Әлімбетов |
Балалар екі түсті араластырып, үшінші түсті алуды үйренеді. |
Болжамды нәтиже:
Білу керек: Екі түсті қосқанда үшінші түстің пайда болуын.
Түсінігі бар:Кемпірқосақ түстерін ажыратуы..
Орындай алады: Бояулардан түстерді шығару.