12+  Свидетельство СМИ ЭЛ № ФС 77 - 70917
Лицензия на образовательную деятельность №0001058
Пользовательское соглашение     Контактная и правовая информация
 
Педагогическое сообщество
УРОК.РФУРОК
 
Материал опубликовал
Амантаева Гулим Ардаковна18
 
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМКҚ
 
 
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жақия Шайжүнісұлының еңбек жолы»
 
 
 
                                                       Орындаған: 
                      Топ: 302
                                                  Тексерген: Нургазы М.Т.
 
 
 
 
 
 
 
Семей 2018
 
Жоспар:
I. Кіріспе
   1. Ж.Шайжүнісұлының өміріне шолу --------------------------------------3 б
II. Негізгі бөлім
   1. Ағартушылық еңбек жолы-------------------------------------------------4 б
III. Қорытынды
   1. Білім саласына қосқан үлесі. ----------------------------------------------5 б
   Пайдаланылған әдебиеттер
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Жақия Шайжүнісұлы 1914 жылы мамыр айында Шыңғыстау өңірі, Абай ауданы, Жабағы ауылында дүниеге келген. 
   Қасиетті қарт Шыңғыстаудың сай-саласы, қойны мен қонысы тұнып тұрған қазына мен шежіре.
«Арқаның арқауы ғой Шыңғыс тауы,
Қызыл гүл қырмызыдай бақша-бауы.
Көз тартар көркемдігі көргенінде,
Жері бай, желі жібек жер сауыры.
Көркіне көрген адам таң қалғандай,
Әдемі-ақ қойтасы таңдай-таңдай.
Шыңғыста алуан-алуын тарих жатыр,
Қан жұтып, қанжар қаққан талай батыр.
Құз, қия, тоғайлы өзен, сайларында,
Сырлар бар неше түрлі таңдай татыр» 
деп ақын айтқандай, «Осы қазыналы қарт Шыңғыстау өзінің құпия сырларына жетелеп, мені ерте есейтті ғой»,- деп Жақия ағай Шыңғыстауды еске алып, балалық жас кезін есіне түсіреді екен. Жақия атаға бала кезінен тәрбиені Бәшім атасы берген. Бәшім ата немересін қатты жақсы көріп, төрт-бес жасқа толғанда-ақ  атқа мінгізіп қасынан тастамай, ел аралағанда бірге алып жүрген. Сол кездерде іатасы оған сазды да назды әңгімесін айтып, өмірді сүюге, оқуды меңгергуге ғашық еткен. атасы немересінің білімге деген құштарлығын бала кезінен байқаған көрінеді, содан кейін өзі арабша оқуға үйретеді, бес жасқа толғанда Жақия атамыз арабша оқи бастаған. Атасы: «Осы сары ұлымнан күтер үмітім көп», -деп, тізесіне отырғызып толғанып отырады екен, оның немересіне деген шексіз мейірімі, ыстық жүрегі жазылмаған жыр сияқты боп көрінетін. Жақия Шайжүнісұлы ағасы Ілиястан да көп тәлім-тәрбие алдым деп айтады екен, Жақия ағай Абайдың адамгершілікке толы өлеңдері мен өсиеттерін алғаш рет осы Ілияс ағасынан естіп үйренген. Жақия Шайжүнісұлы ауылдағы «Есентай» атындағы мектепте оқып, оны аяқтағаннан кейін оқуын ары қарай жалғастыру үшін Ескендір ағасына еріп Семей қаласына келген. Қалаға жүрерде Жақия ағаны ағасы Ілияс, жеңгесі Қайни, қарындасы Рақила, тағы басқа туыстары ілтипатпен шығарып салып, аман-есен қайта оралуын тілеген[1, 12].
   Өткен уақытқа көз жіберіп қарасақ, біздің қазақ халқы азып-тозудың неше алуан түрін бастан кешіпті. Соның ішінде естен кетпейтіні, тарихынан өшпейтіні – 1932 жылдың аштығы. Осы ашаршылықтың салдарынан қазақ елінің қақ жартысы қырылып қалды десек артық емес. Жүздеген, мыңдаған балалар аш-жалаңаш, панасыз, үй-күйсіз жетімдік тозағына ілінді. Кез-келген қоғамның айнасы да, бет-бедері де – статистика. Сол жүргізілген есеп бойынша, облыста шамамен жеті мыңнан астам панасыз бала бар екені анықталған. Осыған байланысты, теңтіреп қалған жетім балалар үшін үкімет арнайы қаулы қабылдап, Қазақстанның әр жерінде, әр облыстарда балалар үйін құрды. Сол балалар үйінің бірі 1932 жылы құрылған Көкпекті селосындағы балалар үйі болатын. Жергілікті Совет балалар үйіне селоның оңтүстік жағындағы үйлерден екі үй бөліп берді, осы екі үйде 150 бала орналасты. Балалар үйінің жағдайы сол кезде өте ауыр болған, киәм-кешек, тамақ жағы тапшығы, жоқтың қасы еді, оның үстіне жетім балаларға тәлім-тәрбие беретін маман-педагогтар жоқ болған. Осындай қиын қыстау кезеңінде көптеген ұйымдық, шаруашылық мәселелерді шешу керек болған. Балалар үйінің алғашқы төрағасы қызметіне Смағұл Қондыбаев деген азамат тағайындалған[1, 42]. 
 2. Жақия аға стол басына именшектемей бойын тік ұстап, ізет көрсеткен балалармен амандасып, өткір көзімен балаларды бастан-ая  байыппен барлай қарап өтіп: «Менің атым Жақия, фамилиям Шайжүнісов. Бұдан былай мен өздеріңе тәлім-тәрбие беретін тәрбиеші ағаларың боламын», -деп жөн-жосығын қысқа ғана қайырып, сол күннен бастап өзінің терең білімі, туа біткен алғырлығы, өжеттігі мен ой-санасының биіктігінен болар, бірінші күннен бастап жетім өсіп келе жатқан балаларды айналасына шоғырландырып бауырына тартып, жүктелеген жұмысына кіріскен. Бекітіліп берілген тобында отыздан астам бала болған. Олар негізінен 13-14 жастағы ересектер еді. Жас жағынан шамалас болғанымен, олар әр класста оқыған. Балалардың өздерімен ақылдаса отырып, сыныпты үш звеноға бөлді. Әр звеноға ашық, тура дауспен командир және звеновойлар сайлаған. Егер командирдің міндетіне балалар үйінің ішкі тәртіп ережелерінің орындалуын басқару бекітілсе, звеновойлар негізінен балалардың оқуы және тәрбие жұмыстарының қоғамдық пайдалы әрекеттерге қатынасын қадағалайтын болды. Көп ұзамай-ақ бұл отряд (оқу сапасы, тәртіп, қоғам жұмысына белсене қатынасы, өздері жататын бөлмелерін таза ұстау және т.б.) алдыңғы қатарлы топтың бірі болды, кейін келе тоқсан сайын жинақталатын жарыста бірінші орын алып, бірнеше рет жеңімпаз атанған. Бірінші күннен бастап Жақия ата балалар үйінің ішкі жұмысына, аудан көлеміндегі қоғам жұмысына белсене кірісіп атсалысты. Балалар үйіндегі еңбек тәрбиесінің үш бағыты қалыптасты. Олар – өзін-өзі қамту еңбегі, оқу еңбегі және қоғамдық пайдалы еңбек. Еңбекке үйрету шаралары алғаш қарапайым әрекеттерден басталған. Мәселен, «түйме», «жаға», «оқулық», «дәптер» атты арнаулы операциялар, жиі-жиі мақсатты конкурстар өткізіп отыру әдетке айналдырылды. Олар балалардың қоғам мүлкіне деген жауапкершілігін арттыруға көп септігін тигізді. Ағаның үсынысымен балалар үйінде тәрбиешілер мен қызметкерлердің бас қосқан үлкен жиналысы  өтті, осы жиналыста «Балалардың жеке басының мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет істеу қабілеттерін тәрбиелеу» тақырыбы бойынша баяндама жасады, талқылау өте қызықты, мазмұнды да баянды өткен [2, 36].
   Сондай-ақ, ересек балалардан құрылыс бригадаларын құрып, жазғы каникул кезінде кірпіш құйдырып, жаңа оқу жылы қарсаңына ағаш және тігін цехтары бар шеберхана іске қосылған. Осы цехтарда арнайы дайындығы бар мамандар Әмина Шалабаева мен Чилажитден  Махмутовтың жетекшілігімен, өз істеріне тиянақтылығы мен шеберліктерінің арқасында балалар еңбек пен кәсіпке жетік үйрене бастады.  Өз тәжірибесінде Жақия аға балалар үйіне педагогтық және қамту қызметшілерін қабылдауға ерекше жауапкершілікпен қарады. «Тәрбиеші болу үшін тәрбиелі бол» деген қағидаға Жақия Шайжүнісұлы ешқашан қиянат жасаған ұстаз емес. Басына сәбилік күнінен тағдырдың өзі берген аяусыз жазасы аздай, тәрбиешіден  жәбір көрген жарым көңіл балалардың келешегі оны қатты алаңдатты. Ол кісі балаларға жәбір көрсеткен, дене жазасын қолданып, балалардың ар-абыройына тіл тигізген адамдармен аяусыз күресті.  Уақыт өте келе балалар үйі, тұтас алғанда, қанша күш пен қабілет жұмсалған тынымсыз еңбектің нәтижесінде танымал тәрбие мекемелері қатарынан орын алып, қалыпты арнасына келді. Соғыстан кейінгі ауыр жылдардың өзінде балаларды бос уақытында түрлі үйірмелерге қатыстыруға мүмкіндік жасап, олардың өнерге, білімге деген құлшыныстарын оятуы ұстаздың үлкен жетістігі екені белгілі. Балалар үйінің үрмелі аспаптар оркестрін еске алмай кету мүмкін емес. Мерекелік шерулерде үрлемелі аспаптар оркестрі үнемі топтың алдында жүретін. Көркемөнерпаздар үйірмесін өз ісіне шебер мамандар басқарғанмен, Жақия аға бас дайындықтарды, көбінесе, жеке өзі жүргізетін. Оған ұсақ-түйек деген болмайтын, ол үшін балалар өмірінің барлық жағы басты болды. Қыздардың шаштарын тексеріп, ұлдардың етіктерінің ішіндегі шұлғауларын қарап, мектеп формаларын киюін үнемі қадағалайтын.
   3. Жақия ағаның осы аралықтағы еңбек жолының жоғары сатысынан көрінуіне, жетім балаларды тәрбиелеп өсіруде жан-жлддасы Александра Викторовна Хлыновскаяның еңбегі зор. Көкпекті өңірінің үлкендері құрметпен Шура апай деп  атап кеткен. Жақия аға мен Шура апай 4 ұл - Мәркен, Тоқан Жағыпар, Сержан, 4 қыз - Балхис (1934ж.т.), Надежда, Найля, Гүлсім атты 8 баланы өсіріп, тәрбиелеген бақытты отбасы. Александра Викторовна ұлын ұяға, қызын қияға қондырған өмірден түйгені мол, үлкен-кішіге қадірлі, өте байсалды жан болды. Қазақ тілінде еркін сөйлейтін, тіпті айтатын ойын мақал-мәтелді қосып, әрлендіре жеткізетін, қазақы салт-дәстүрді қалт жібермейтін-ді. Ұлағатты ұстаздың өміріне серік , демеу болған абзал ана 2008 жылы дүниеден қайтқанда қазақ салтымен Семей қаласында жерленді. Ардақты әке атын арқалап жүру балаларына оңай соқпасы рас. Алайда, балалары әке атына кір келтірмей, бәрі де жоғары білімді мамандық алып, еліміздің әр жерінде жауапты да мәртебелі қызметтерін адал атқара білді [3, 56].
  Тумысынан зерек, байыпты, тапсырылған ша-руаны орындауда тыңғылықты Жақия Шайжүнісұлы күн демей, түн демей бел шеше кірісудің қажеттігін алғаш іске кіріскенде-ақ түсінген еді. Қарғыс атқыр беймезгіл уақытта шыр етіп дүние есігін аша сала тағдыр тәлкегіне тап қылған қатыгез шақтың төлдері – бейкүнә сәбилер тағдырын жүрегімен ұқты ең бастысы. Екі жасында әкеден, төрт жасында анадан айырылып жетімдік қамытын киген Жақия тағдырлас тәрбиеленушілердің мөлдіреген көздерінен айықпас мұңды көрді. «Жетім көрсең жебей жүр» деген даналар өсиетін өмірлік ұстанымы етіп алды. Ашаршылық жылдарында тағдырдың тауқыметін тартып, балалар үйін паналаған жәудіркөздердің жағдайын ойлап, Мәскеуге хат жазып, Көкпекті балалар үйіне жарықпен қамту мәселесін қолға алған да, бүкіл саналы ғұмырын ұстаздық, тәрбиешілікке арнаған да осы Жақия Шайжүнісов еді. Бала үшін жанқиярлық әрекеттерге барған ұстаздың бұл еңбегі елеусіз қалған жоқ. Иә, мұндай артына өшпес із қалдырған, ұстаз дейтін ұғымның қадірін дәріптей білген Жақия Шайжүнісовке қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Ер есімі мәңгілік ел есінде сақтала бермек.
  Ел құрметіндегі абзал азамат 70 жасқа қараған шағында дүниеден қайтты. Халық игілігіне еңбегін арнаған, бар білімі мен күш-қайратын аямаған жан.
 
  
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Асылжан П. Ізгілік нәрін сепкен: Ж.Шайжүнісовке – 90 жыл // Семей таңы.-2004.-7 мамыр.-6 б.
2. М.И.Ильясов Ғұмыр белестері. Семей, 2010 жыл, 155 б.
3. Рафиқ Хасенұлы. Өмір өткелдерім. 2010 жыл, 128 б.
4. Рамазанов С. Ұрпаққа аманат.-Алматы: Қазақстан,1997.-208 б.
5. Сағынаев О. Ұстаз асулары //Семей таңы.-1982.-4,8,10 маусым
6. Сәрсекеев М. Жомарт жүрек //Семей таңы.-1968.-11 маусым.
 
Опубликовано


Комментарии (0)

Чтобы написать комментарий необходимо авторизоваться.