Қ. Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасы

0
0
Материал опубликован 25 May 2022

БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК

Ашық сабақ жоспары

VIII Бөлім. Табиғат және адам Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасы. (сабақ тақырыбы) Пән атауы: Қазақ әдебиеті.

Дайындаған педагог: Акишева Заурет Исаевна.

2022 жылғы « » ___05___

1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ: МГ-311.1қ, ТЖ-118.1қ, ТЖ-115.1қ, СТ-611.1қ

Сабақ типі: Дәстүрлі.

2. Оқыту мақсаты: Көркем шығарманың тілдік ерекшелігіне талдау жасау, өзіндік пікірлер арқылы салыстыру Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты)(құндылықтарды игерту).

Жалпы адамзаттық құндылықтар:

адамгершілік, мейірімділік, заман тыныштығы.

« Мәңгілік Eлдің » мызғымас Жeтi тұғырын нығайту, oны ұрпақтан - ұрпаққа амaнaт ету құндылығы; өз тyған жeріне деген сүйicпеншілік, қоршаған oртаны қорғау және оған аялы көзқарас қалыптастыру Бағалау критерийлері:

1) Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды; 2) Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды. 3) Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалайды. 1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану;Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз. 3. Сабақты жабдықтау 3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер, бейнероликтер, аудио, видео құрылғылар. 

3.2 Техникалық құралдар, материалдар,сілтемелер, ресурстар: Презентация. https://youtu.be/ODEC3d6AM-E Қадір Мырза Әли - Қызыл кітап

https://www.youtube.com/watch?v=V8qSxEA3E5Y Қызыл кітап дегеніміз не? https://bilim-all.kz/olen/9481-Qyzyl-kitap «Қызыл кітап» поэмасы 4. Сабақтың барысы

Сабақтың басы (35 мин)

Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Білу; Түсіну.

Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. а) Үйге берілген тапсырмалар сұралады. «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақ-жауап арқылы студенттер жауап береді.

Қызығушылықты ояту

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Жаңа сабаққа дайындық.

Ширату кезеңі: «Көңілді гүл» әдісі бойынша студенттер шеңбер құрып, дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы-жылы тілектер айтады.

Сабақтың ортасы: (40 мин) Қолдану; Талдау. Тапсырма 1. ББҮ кестесінің «білемін» бағанына Қ. Мырзалиев туралы не білетіндерін, «білгім келеді» бағанына не білгісі келетіндерін жазады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





Мағынаны тану кезеңі. Тек бір минут

Жұптарда оқушылар «Тек бір минут» тәсілі арқылы шығарманың мазмұны мен жазылу себебіне өз ойларын айтып, пікір алмасады

https://www.youtube.com/watch?v=V8qSxEA3E5Y

Тапсырма 2. Нақтылау сұрақтары: Оқушылар «Қызыл кітап дегеніміз не?» тақырыбында бейнематериалдан үзінділерді қарайды. Мысалы:

Не себепті қызыл кітаптың түсі қызыл?

Қазақстанның кызыл кітабына қандай жануарлар енген?

Аңдар мен құстардың жойылуына қандай себептер бар?

Сенің ойыңша қай елде браконьерлерге қатысты қатаң жаза қолданылады?

Тапсырма 3. Шығармашылық жоба. Сандар арқылы студенттер үш топқа бөлінеді.



Браконьерлермен күресті қалай жүргізуге болады. Жұпта ойланып, шағын жоба ұсынып көр.

Жобаның атауы:


Жобаның мақсаты:


Атқарылатын іс-шаралар:

(шараларды қадамдар арқылы көрсетіңіз.)


Дескрипторлар:

Сұрақ мазмұнын түсінеді;

Сұраққа нақты жауап береді.

Жоба ұсынады.

Топ жұмыстарын қорғап, 2 минуттан сөйлейді.

Өзге топты «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды


Тапсырма 4. Тапсырманы көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып орындаңыз (теңеу, эпитет, антитеза, метафора, риторикалық сұрау, фразеологизмдер т.б.)

 І топ:

Жазушының адам мен табиғат арасындағы байланысты суреттеудегі айтқысы келген ойы

Сенің пікірің





ІІ, ІІІ топ:

Кейіпкер

Автор толғанысы

Түйін (өз көзқарасың)






Тапсырма 5. https://youtu.be/ODEC3d6AM-EҚадір Мырза Әли - Қызыл кітап

Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалаңыздар, салыстырмалы түрде «Венн диаграммасын» толтырыңыздар.

Дескриптор:

Берілген тапсырманы топта бірлікте жасайды;

көркемдегіш құралдарды пайдаланады;

Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалайды, салыстырмалы түрде «Венн диаграммасын» толтырады.

Топ жұмыстарын қорғап, 2 минуттан сөйлейді.

Өзге топты «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды

Тапсырма 6. Оқушылар «Қызыл кітап» поэмасын оқи отырып, Табыс кестесін толтырады.

Жеке орындалатын жұмыс. Дәптерлеріне жазады. Жұпта тексереді.

Түсінемін


Анықтаймын

Байланыстырамын

Ықпал е етемін

Сенемін



1

















«Түсінемін» бөліміне оқушы не түсінгенін, «Анықтаймын» бөліміне нені түсінбегенін, яғни талқылауды, толықтыруды қажет ететін өзі үшін жаңа мәліметті жазады, «Байланыстырамын» бөлімінде өмірден мысал келтіреді, «Ықпал етемін» бөлімінде осы өлеңдегі ойды не жақтайды, не даттайды, демек, я жаңғыртуға ықпал ететінін, я маңызды емес деп тапса, қолданғысы келмейтінін жазады, «Сенемін» бөлімінде дегенмен осы өлеңнің артықшылығын, келешектегі жайы туралы болжайды.Оқушылар өлеңді оқи отырып, ақын қозғаған мәселелердің өміршеңдігін, өлеңге қатысты көзқарасын қазіргі кезеңмен салыстырмалы түрде жазуы тиіс.

Дескриптор:

1.Өлеңнің мазмұнын, автор ойын түсінеді;

2.Өлеңдегі қажетті, қажетсіз ақпаратты анықтайды;

3.Өмірден мысалдар келтіреді;

4.Автор ойына сын-пікір келтіре алады.

Бағалау Бағалау критерийлері арқылы оқушы жұмыстары бағаланады

Әр топтан бір спикер шығып, өз ойларын ортаға салады.

Студенттер айтылған пікірді «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды

«Бағдаршам» әдісі

Жасыл түс – бәрі түсінікті

Сары түс – сұрағым бар

Қызыл түс – толық ашылмады, толықтыру керек.

Бекіту сұрақтары:

Әңгімеде қандай кезең суреттелген?

Жазушының негізі айтар ойы, көтерген мәселесі не?

Әңгіме өзіңе қандай ой салды? Алған әсерің қандай?

4. Бүгінгі сабақ сізге қандай сезім сыйлады?

Рt1653484939aa.jpg ефлексия


Үй тапсырмасы: (5 мин) Қ.Мырза-Әли «Қызыл кітап» поэмасы. [8] 185-190 беттер, 191 бет, 2,3,4-т.









«БҚОӘББ Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК



«Бекітемін»

директордың ОӘЖ

бойынша орынбасары

______ А.М. Каиырлиева

«___» __________2022 ж.







VIII Бөлім. Табиғат және адамАшық сабақтың тақырыбы:

Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасы.















Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің оқытушысы

Акишева З.И.






Орал – 2022 ж.






Қаралды:

Тілдер ПЦК-сының төрайымы

_________ А.М.Мизамова

Хаттама № _____________

«__» __________ 2022 ж.











































Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)






















Ойлану







Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?



Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?



Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?



Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға





Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.



2.



Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.



2.



Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
















в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.