Урок на казахском языке: «Сиқырлы қылқалам»

0
0
Материал опубликован 3 February 2017

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: ___________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет

Тақырыбы: Сиқырлы қылқалам.

Мақсаты: Балаларды қарындаш, қылқалам, қағаздың маңызымен таныстыру. Сурет салуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тудыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: Бояулар, қылқалам, палитра, қағаздар, су, сүлгі, қылқалам қоятын тұғырлар.

Сөздік жұмысы:

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы.

Әңгіме арқылы сабақ бастау.

«Қарындаш»

Қызыл-жасыл, қарасың,

Қолға кезек аласың

Қарындашпен әр түрлі,

Алуан сурет саласың.

Қарындаштың көмегі,

Міне, қандай көп еді.

Ұштай біл де, ұстай біл,

Түрлі өрнек төгеді.

Қызыға қатысуы, сұраққа жауап беруі.

Ұйымдастыру,

ізденіс жүргізу.

«Қарындаш», «бояу», «Акварель бояуы», «гуашь» жайында ұғым беру.

Технологиялық деректер:

Қылқаламмен жұмыс істеудің негізгі ережелерін түсіндіру.

а) қылқаламды суда қалдыруға болмайды;

ә) сурет салып болған соң қылқаламды жуып, тазалап қою керек;

б) қылқаламның қылын жоғары қаратып қою;

2. «Жағыс», «сызықтар» түсінік беру.

«Жаз» тақырыбында сурет салу (Бояумен немесе қарындашпен)

Балалардың қызыға жұмыс жасауы.

Сұраққа жауап қайтару, белсене қатысып, суреттерін салу.

Бір-біріне көмектесу.

Рефлексия-түзету жұмыстары

(коррекция)

Сергіту сәті:

Он қолымда бес саусақ

Сол қолым бес саусақ

Бесті беске қосқанда

Болады онда он саусақ.

Балалар жұмыстарын талдау.

Баланың жауаптары, қайталау, дұрыс жауап беру.

Болжамды нәтиже:

Білу керек: бояу түрлерін, сызық түрлері т.б.

Түсінігі бар: Қылқалам, политра, бояу, гуашь, қағаз түрлері, сызықтар, сүйкей жағу.

Орындай алады: Қарындаш пен бояумен сурет салуды.

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.