Урок «Су-тіршілік көзі»
Тақырыбы: Су-тіршілік көзі
Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру.
Міндеті: 1.Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
2. Тәжірбие жасау арқылы судың қасиеттерін біледі.
3. Суды аялау, қорғау керектігін үйренеді.
Сабақ әдісі: пәнаралық сабақ, интерактивті әдістер, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, сызбалар ,тәжірбиеге қажетті заттар
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа әзірлеп алу. Психологиялық дайындық: Су туралы бейнеролик көрсету.
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз
Мағынаны тану: Поэзия минуты арқылы бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын ашу, яғни тіршіліктің сумен байланысты екенін аңғарту.
Су-тіршілік, сусыз өмір болмайды,
Ауаны құм, жерді түнек торлайды.
Бағалай біл байлығыңды, ел-жұртым.
Сонда гүлің жайнап мәңгі солмайды.
Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымыз – пәнаралық сабақ. Сабақ басында әр қайсы оқушыға жауап парағы беріледі. Сабақ жоспары:
Н2О + физика
Н2О + география
Н2О + филология
Н2О + биология
Н2О + химия
Н2О + өндіріс
Н2О + өнер
Н2О + физика
Судың физикалық қасиеттері: дәмсіз, иіссіз, түссіз сұйықтық. r=1 г/см3
T0қату=00С(мұз®су), T0қайнау=1000С(су ®бу). Ерекшеліктері: үш агрегаттық күйде болады; су қатқан кезде көлемін көбейтеді; мұз судың бетінде қалқып жүреді, өйткені мұздың r=0,92 г/см3; мұздың қалың қабаты суда тіршілік ететін тірі организмдерді сақтайды; су неғұрлым таза болса, электр тогын соғұрлым нашар өткізеді. Дистилденген су электр тоғын өткізе ме?
Жауап парағындағы кестені толтыру:
Судың сипаттамасы |
|
Агрегаттық күйі |
|
Дәмі |
|
Түсі |
|
Иісі |
|
r= |
|
T0қату= |
|
T0қайнау= |
|
Электрөткізгіштігі |
|
Н2О + география
Жер бетінде ең көп таралған зат –су. Глобусқа қарасаң,Жер шарының 3/4 бөлігі көгілдір түске боялған.Ол-су яғни мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. «Табиғаттың көркін ажарландырып ,жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су» Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеген. «Судың да сұрауы бар» деп бағалай білген. Жер астында да су бар. Еліміздегі ірі өзендер мен көлдерді атңдар!
Жауап парағындағы тест тапсырасын орындау:
Судың жер қыртысындағы мөлшері:
А) 71% Ә) 59% Б) 61% В) 29%
Жер бетіндегі суларға жатпайтын:
А) өзен Ә) көл Б) қар В) мұздық
Тұзды сулардың мөлшері:
А) 97% Ә) 57% Б) 67% В) 87%
4. 79% тұщы суды не құрайды?
А) өзен Ә) көл Б) қар В) мұздық
Н2О + филология
«Су» сөзі славян тілінен пайда болған. Әлемнің барлық халықтарының мәдениетінде су барлық бастамалардың бастамалары болып саалады. Ежелгі Грекияның данасы - Фалес Милесский айтқан: «Әлемнің барлық элементтері судан жаратылған».
Француз ғалымы Рене Декарт өзінің трактатында су туралы бөлімінде жазған - «Судың табиғаты, неге су ауаға немесе мұзға айналады».
Ағылшын философы Роберт Бойль жазған: «… Ғаламның материалдық негізі – су болған».
Ақындар мен жазушылар суға арнап өз шығармаларын жазады. Пушкиннің су туралы өлеңдері: «Фонтану Бахчисарайского дворца», «К морю». Паустовскийдің «Мещорская сторона» хикаятында Солотче және Пре – орман өзендер туралы жазған. Эрнест Хемингуэй – «Старик и море», Жюль Верн – «20 тысяч лье под водой», Умберто Эко – «Остров накануне», Алессандро Барикко -"Море-океан«, Айрис Мердок - «Море, море» және т.б
Су туралы қазақша мақал-мәтелдерді айтыңдар!
Н2О + биология
Тірі организмдер үшін судың маңызы:
1. Күшті еріткіш.
2. Тасымалдау функциясы.
3. Сумен әрекеттеспейтін заттарды, су ығыстырады. Осы принцип бойынша биологиялық жарғақшалар жұмыс істейді.
4. Жылу сыйымдылығы жоғары, сол үшін жасушаны температураның ауысуынан сақтайды.
5. Сығылмайтын сұйықтық, жасушалардың (тугор) және бүкіл организмдердің тірегі (гидроқаңқа).
6. Химиялық реакциядағы реагент (гидролиз реакциялары, фотосинтез және т.б.).
Біздің денемізде де су бар.Қанның құрамындағы су бүкіл денеге қоректік заттарды жеткізіп тұрады. Сусыз жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды.Су жоқ болса бөлмедегі гүлдер де өсуін тоқтатады.
Адам организмдегі судың мөлшері:
Көздің шыны тәріздес денесі - 99%, қанның плазмасы - 92%, ми – сұр заты - 83%, ақ заты - 70%; бүйрек - 82%, жүрек - 79%, өкпе - 79%, бұлшық ет - 75%, жұлын - 74,8%, тері - 72%, бауыр -70%, қаңқа - 46%, тіс эмалі - 0,2%.
Адам тамақсыз 1 ай, ал сусыз – 1 апта ғана өмір сүре алады. Күніне 2 л су ішу қажет. 1 кг салмаққа - 30 мл су, сонда 50 кг – 1,5 л су ішуге қажет. Егер организмде су жетпесе, сусыздандыру пайда болады.
500 мл - 1 л жетіспесе, шөлдеу пайда болады;
2-2,5 л – естен тану;
14-15 л – өлім.
Жауап парағындағы сұрақтарға жауап беру:
Адам организмінде 65-70%?
Су минералды заттарды тасымалдай ма?
Егер организмде су көп болса, сусыздандыру пайда бола ма?
Су фотосинтезге қажет па?
Күніне адамға неше литр су керек?
Судың адам организмдегі жоғары мөлшері
тістің эмалінде ме?
7. Судың адам организмдегі төменгі мөлшері
тістің эмалінде ме?
Н2О + химия
Суды алғаш ағылшын ғалымы Г.Кавендиш зерттеді ,
ал француз ғалымы А.Лавуазье сутек жанғанда
су түзілетінін дәлелдеді.
Металдармен:
2H2O + 2К = 2КOH + H2↑
H2O + Mg = MgO + H2 ↑
Бейметалдармен:
H2O + C = CO2 + H2 ↑
3. Металл оксидтерімен:
H2O + Li2O = 2LiOH
4. Бейметалл оксидтерімен:
3H2O + P2O5 = 2H3PO4
5. Электр тоғы әсерінен айырылуы:
2H2O = O2 ↑+ 2H2 ↑
Жауап парағындағы реакция теңдеулерін аяқтау:
... + P2O5 = H3PO4
H2O + К2O = ...
H2O + … = ZnO + …
H2O + Li = … + H2↑
… + Mg = MgO + H2 ↑
Н2О + өндіріс
Слайдқа қарап, судың қай өндіріс салалырында қолданылатының атаңдар!
Н2О + өнер
Слайдқа қарап, су туралы қандай суретшілер мен композиторлар өз шығармаларын жазғаның !
Қорытынды:
Су жүргізер тіршіліктің тамырын
Су жоқ болса, тіршілік бітер бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытармыз қадірін
Үй жұмысы: §46-§48
Н2О + физика
Судың сипаттамасы |
|
Агрегаттық күйі |
|
Дәмі |
|
Түсі |
|
Иісі |
|
r= |
|
T0қату= |
|
T0қайнау= |
|
Электрөткізгіштігі |
|
Н2О + география
Тест тапсырасын орындау:
Судың жер қыртысындағы мөлшері:
А) 71% Ә) 59% Б) 61% В) 29%
Жер бетіндегі суларға жатпайтын:
А) өзен Ә) көл Б) қар В) мұздық
Тұзды сулардың мөлшері:
А) 97% Ә) 57% Б) 67% В) 87%
79% тұщы суды не құрайды?
А) өзен Ә) көл Б) қар В) мұздық
Н2О + биология
Жауап парағындағы сұрақтарға жауап беру:
Адам организмінде 65-70%?
Су минералды заттарды тасымалдай ма?
Егер организмде су көп болса, сусыздандыру пайда бола ма?
Су фотосинтезге қажет па?
Күніне адамға неше литр су керек?
Судың адам организмдегі жоғары мөлшері
тістің эмалінде ме?
7. Судың адам организмдегі төменгі мөлшері
тістің эмалінде ме?
Н2О + химия
Жауап парағындағы реакция теңдеулерін аяқтау:
... + P2O5 = H3PO4
H2O + К2O = ...
H2O + … = ZnO + …
H2O + Li = … + H2↑
… + Mg = MgO + H2 ↑