Жұмыс орынын ұйымдастыру және техника қауіпсіздігі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе......................................................................................................
Түптік мойынтіректердің қызметі, негізгі элементтері, құрылымы және техникалық сипаттамасы.............................................................
2. Түптік мойынтіректерді техникалық бақылау және ақауларын
жөндеу жұмыстарының орындалу мерзімі .........................................
3. Тепловозда берілген түптік мойынтіректердің жұмыс істеу шарты,
олардың ақаулары және пайда болу себептері.. ..................................
4. Түптік мойынтіректерді тазалау және дефектілеу картасын құру .......
5. Түптік мойынтіректердің ақауларын жөнге келтіру тәсілдерін
таңдау және негіздеу ..........................................................................
6. Түптік мойынтіректердің корпусын жөндеуге арналған
технологиялық нұсқауын құру ...........................................................
7. Жұмыс орынын ұйымдастыру және техника қауіпсіздігі ................
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................
КІРІСПЕ
Қазақстан теміржолдары Республика экономикасының негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Қазіргі нарықтық экономика негізінде өндіріс біршама жоғарлап, негізі темір көлігіне де әсер еткенін көреміз. Болжамдалып отырған өндірістің қарқынының әрі қарай өсуінің жүк және жолаушылар тасымалдау ауқымының және поездың жылдамдығы мен салмағын арттыруды талап етеді. Бұл талаптардың орындалуын көптеген жағдайларға байланысты оның бірі болып тарту электр машиналарының сенімді жұмыс болып табылады, Осыған байланысты тарту электр машиналары бір немесе бірнеше соқтығысулар кезінде, күші вибрация кезінде, теңіз деңгейінің 1200 метр биіктікте қоршаған ортаның температурасы -500С +100С дейін жылдам өзгергенде, шық тұрғанда шаңқыған ауадай, ылғал ауадан өзінің жұмыс істеу қабілетін жоғалтпауы тиіс.
«Қазақстан теміржолдары» ҰҚ қарасты теміржолдың локомотив шаруашылығы қазіргі уақытта кезекті осындай өзгерістер немесе қайта құру процестерінің үстінде. Локомотив шаруашылығына қарасты жөндеу және пайдалану жұмыстарына қатар орындайтын локомотив деполары - жөндеу депосы және пайдалану депосы болып бөлінеді. Жөндеу депосында локомотив паркі берілмейді, ол тек локомотивтерді жөндеуге қатысты ғимараттар мен негізгі жабдықтар, құрал-саймандармен жабдықталады. Келісім бойынша пайдалану деполарынан келетін тепловоздарға кезекті жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстарын орындайды. Пайдалану депосында белгілі локомотив паркі болады және бұл депо жүк және жолаушылар тасымалдауды орындайды. Сол себепті бұл депода локомотив бригадалары, локомотивтің айналу бекетіне
орналасқан ТҚ-2 көлемінде локомотивтерге қызмет көрсету бекеті, экипировкалау бекеті, локомотив бригадалары демалатын үйлер, отын, құм, және май қоймалары болады. Сонымен қатар негізгі депо орналасқан станцияда ТҚ-3 және ТҚ-6 көлемінде техникалық қызмет көрсететін учаскілер, шеберханалар, жөндеуден сон локомотивтерді сынақтан өткізу орны, тепловоздардың сыртын жуу, электромашиналарын үрлеу орны ұйымдастырылады.
Тепловоздарды пайдалану депосының жұмысы ұйымдастырылады, оның пайдалану көрсеткіштері есептелген және локомотив паркін техникалық күту және жөндеу жұмыстары ұйымдастырылған. Тепловоздардың, пойызбен жұмыс істегенде, оның отын, құм қорын мүмкіншілігіне қарай, айналу учаскасы анықталған, осы айналу учасасында, оның айналу бекеттерінде ТҚ-2 орындау бекеті, экипировкалау бекеті, отын, құм қоймалары орналасқан және олардың жұмысын ұйымдастыру шаралары қаралған.
Қазіргі уақытта локомотив шаруашылығының жергілікті кәсіпорындары қатарына жөндеу және пайдаланулокомотив деполары және локомотив-сервис орталығы жатады. Жөндеу деполары ТҚ-8 және ТҚ-7 көлемінде жөндеу жұмыстарын орындайды. Пайдалану деполары өзіне бекітілген локомотивтер пакіне ТҚ-6 және ТҚ-3 көлемінде жөндеу және техникалық өқызмет көрсету жұмыстарын орындайды. Пайдалану деполарының негізгі қызметі бекітілген парктің техникалық жағдайын жоғары дәрежеде ұстап, оларды күнделікті локомотив бригадалармен қамтамассыз ету, локомотив бригадаларының жұмыстарын ұйымдастыру, маневр жұмысындағы локомотивтерді және локомотив бригадаларының қажетті дәрежеде пайдалану. Локоматив-сервис орталығы пайдалану депосының локомотивтеріне сапалы түрде техникалық қызмет көрсету, күнделікті экипировка жұмыстарын орындайтын отын, май, құм қоймалары жұмысын ұймдастыру. ТҚ-2 және ТҚ-3 көлеміне техникалық жұмысын ұйымдастыру орындалған. Ол үшін пайдалану локомотив депосының және пайдалану көрсеткіштері есептеліп соның негізінде
локомотив – сервис орталының жұмыс көлемі анықталған.
1. Түптік мойынтіректердің қызметі, негізгі элементтері, құрылымы және техникалық сипаттамасы
Д50 типті дизельде түптік төсемі - корпустан, іргетастық жақтаудан және түптік төсемнің қақпағынан тұрады. Ол таза болаттан жасалады. Жұмыс барысында оның корпусқа тіке көлденең жақтарға тығыз бекітілуі тиіс. Оның жақтауға орнығуына шпилькалар жағдай жасайды.
Күштік қақпақшаларда арнайы өлшеммен штуцер орнықтыру үшін тесіктер ойылған. Ол штуцерлерге құбыршықтар жалғанып, ол құбыршықтар арқылы түптік төсемге май келуіне жағдай жасалған. Жұмыстық төсемдер иінді біліктің жақсы айналуын қамтамассыз етеді. Ал қақпақшада жұмыс істейтін төсемдер орналасқан. Ол төсемдер ауыстырмалы түптік төсем иінді білікті ұстап тұратын болғандықтан корпустан және екі төсемнен тұрады. Түптік төсемнің бұл корпусы екі жартыдан құралған. Оның алдыңғы бөлігіндегі жартысының құрылымы блоктың жасалуына тәуелді болса, екінші жартысы қақпақшасы деп аталады. Ол астыңғы жартыға шпилканың көлемімен екі жарты бір бүтін шеңбер болып жабыстырыла бір-біріне қатырылады. Түптік төсемнің тіректері арнайы ережелерге сәйкес біркелкі конструкциямен жасалады. Осы екі жартының бір-біріне қатырылуы шығым, сенімді болуы басты шарт. Себебі дизель тепловозда жауапты жұмыс атқарады. Дизелдің жұмысы түптік төсемдердің мықтылығымен қоса, төсемдердің жұмыс сенімділігін қажет етеді. Ол екі түрлі жағдаймен жуан және жіңішке етіп жасалады (2,5-7 мм). Д50 типті дизельде орнатылған түптік төсемнің корпусы қолдан жасалады ол қоланың маркасы БРОЦС 3-12-5 белгісімен белгіленген.
Төсемнің жұмыстық бетіне қорғаныш ретінде БК-2 маркалы баббит қабығы жағылады. Төсемнің ортаңғы бөлігінде ойық жүргізілген. Ол ойыққа төсемді майлайтын май келіп төсмнің түгелдей бетіне май баратындай етіп жасалған.
Корпустың қалыңдығы 0,75 мм төсемдердің қосылар тұстарының ара-қашықтығы 0,005 мм шамасында болады. Д100 типті дизельде қоладынылатын төсемдер БРОЦС 3-12-5 маркалы қоладан жасалған.
Д49 типті дизеліндегі түптік төсемдердің беттеріне қорғасында қола жұқалап жағылған. Жұмыс істелмейтін жоғарғы төсемдерде арнайы тесіктер тесілген. Сол тесік арқылы төсемдердің жұмыстық үйкеліс бетіне май ағып кетеді. Мұндай жағдайлар дизельді пайдалану алдында міндетті түрде тексеріледі.
Төменгі төсемнің ойықтары арқылы ырғалақтың төсеміне май барады. Ол май ырғалақтың төмендегі үйкеліс беттерін майлайды.
2. Түптік мойынтіректерді техникалық бақылау және ақауларын жөндеу жұмыстарының орындалу мерзімі
Иінді білік түптік төсемдірінің негізгі ақаулары: оның жұмыстық
беттеріндегі баббит құймасының желініп түсуі немесе жұмыстық беттерінің қабыршақтанып түсуі. Одан да басқа ақауларының бірі шойының қаттылық қасиетінің жайылуы. Сонымен бірге осы ақаулары түптік төсемдердің бір-біріне қатырылуға жұмыс барысында босауынан болады. Айналып келгенде бұл ақаулар түптік төсемнің корпусын ақаулауына әкеледі.
Иінді біліктің түптік төсемдеріне реттеу жасау майдың спектрлік анализінің көмегімен жүргізіледі.
ТҚ-7 тексеру кезінде төменгі иінді біліктің жүктік төсемдері қаралады. Түптік төсемдердің түйісу беттерінің ара-қашықтықтары өлшемдеріне сәйкес тексерледі. Барлық шатундық төсемдерді шешіп, жоғарғы иінді білік дизщельден шешіліп алынады.
Шешілген жоғарғы иінді біліктің түптік төсемдері де ағытылып қаралып оның өлшемдерінің көрсеткіш таблицаға сәйкестігі қадағаланады. ТҚ-8 тексеру кезінде түптік төсемдер, иінді біліктердің барлығы Д100 типтік дизелінен шешіліп бұзылып оның өзгерістері қаралады. Д50, Д40, Д11, Д3, Д45 және Д49 дизельдеінің де төменгі иінді біліктері толығымен дизельден шешіліп, онң түптік төсемдері де бұзылып тексеру мақсатында шешіліп алынады.
Егер түптік төсеммен оның төсемдерінің жұмыстық беттерінің желінуі 2%-ті құраған жағдайда, оны міндетті түрде дизельден шешіп ауыстыруға тура келеді.
Кесте 1
Көрсеткіштері | Дизель. 2Д100 | |
Жоғарғы жұмыстық төсемнің сатылығы, мм | 0,08 0,04 | 0,05 0,03 |
Қосылмайтын тіректі | 0,08 | 0,05 |
Қосылатын тіректі | 0,04 | 0,03 |
Төменгі иінді біліктің түптік төсемдерінің 18, 10, 12, 20 төсемдері, мм | 0,10 | 0,06 |
Төсем вкладыштары | | |||||||
∂ | 1Р | 2Р | 3Р | 4Р | 5Р | 6Р | 7Р | |
Түптік | 19,0 | 19,25 | 19,50 | 19,75 | 20,0 | 20,25 | 20,50 | 20,75 |
Шатундық | 9,5 | 9,25 | 10,0 | 10,25 | 10,50 | 10,75 | 11,0 | 11,25 |
Кесте 2
Тепловоз сериясы типтері | Техникалық қызмет көрсету түрлері (мың км; тәулік; ай; жыл) | |||||
ТҚ-3 | ТҚ-4 | ТҚ-7 | ТҚ-8 | ТҚ-8у | КЖ | |
Поездық 2ТЭ10М,У | 7,5 | 60 | 120 | 180 | 720 | 2160 |
ТЭП10 | 7,5 | 60 | 120 | 240 | 720 | 2160 |
ТЭП60 | 8 | 75 | 150 | 300 | 900 | 1800 |
Маневрлық ТЭМ1, ТЭМ2 ЧМЭ3, ЧМЭ2 | 30 тәулік | 7,5 ай | 1,25 жыл | 2,5 жыл | 7,5 жыл | 15 жыл |
ТЭМ7, ЧМЭ1 | 10 тәулік | 2 ай | 8 ай | 16 ай | 5 жыл | 10 жыл |
Дизель-поезд Д1, ДР1, Д | 10 тәулік | 2 ай | - | 120 | 480 | 1440 |
Кесте 3
3. Тепловозда берілген түптік мойынтіректердің жұмыс істеу шарты, олардың ақаулары және пайда болу себептері
Жұмыс барысында төсемдердің шаршауы қатар жүреді. Оның жұмыс беттеріндегі қажалуға, желінуге қарсы антифрикционды қабаттарының әлсіреуі көп кездесетін ақаулардың бірі. Бұл ақаулар көбінесе өте шамадан тыс жұмыстарды атқару барысында, майлаудың белгілі деңгейде жүрмеуінен пайда болады. Төсемнің антифрикциондық қабаттарының тездеп шаршаулары, олардың реттеусіз орналастырылғандығынан. Жөндеу кезінде осындай желініс пен қажалыстардың ненің әсерінен болғандығы міндетті түрде анықталуы тиіс. Мұндай қажалыстар анықталып болғаннан кей түптік төсемдердің қажалыс беттеріні қажалу кейін азайту мақсатында бабиттен антифрикциондық қабаты құйылып жұмыс бетіне жапсырылады.
Түптік төсемдердің антифрикциондық қабаттарының шаршауы 10 % жұмыстық аланынан байқалады. Өйткені, қажалудан бөлек алаңдарына бабит құймасы құйылған. Мұндай құймалар металдың мықтылығын арттырып, шаршамауын күшейтеді және түптік төсемдердің жұмыстық беттерінің қажалуына қарсылығын күшейте алады. Негізгі түптік төсемдер қоладан жасалатындықтан олар суға шыдамсыз. Сондықтын, майлану процесі негізінде оның майына кішкене мөлгшерде су кетсе, төсем беттеріндегі баббиттерді де қоладан жасалған түптік төсемдерді де қажалып жетуіне әкеледі.
2Д100 типтік дизелімен 10Д100 дизельдерінің түптік төсемдерінде кейбір айырмашылықтар болып жатады. Түптік төсемдер иінді біліктің негізгі тірегі болып табылатындықтан, олардың желінуі иінді біліктің айналымына байланысты. Түптік төсемдердің айырмашылығы милиметрмен анықталады. Ен төменгі өлшемі төсемнің ең нығыз қалыңдығы болып табылады. Д100 дизельдерінің төсемдері, оның желінуі 0,15 көп болған жағдайда міндетті түрде сол төсем ауыстырылады.
4. Түптік мойынтіректерді тазалау және дефектілеу
картасын құру
Төсемнің негізгі өлшемдерін зерттеп қарайтын стендтің схемасы 3,33 а. суретінде көрсетілген. Стенд столында екі төсем орнатылған және түптік төсемдердің көшірмелі корпусы бар.
Әр төсеніштің шынтақтары ауалық цилиндрдің штогымен жалғастырылады. Ондағы сығылған ауа арнайы кран арқылы ағып кетеді.Төсемдер стендтегі төсеніштерге жатқызылады. Бұл төсемдер сонда реттеледі. Ондағы ауа қысымы клапан арқылы реттеліп, монитор арқылы өлшем көрсетіледі. Стенд төсеніштері жұқа қөабатпен қапталады, және сол төсеніштерге төсемдер жатқызылып, бояуының сапасы тексеріледі. Төсеніштердің жұмыстық беттері жұқа бояу қабатымен жабылады. Стендке төсемдердің барлығы бір бойына жатқызылып қатырылады. Ондағы тұтқаның бұрылысы қақпақшаны жібереді. Содан соң қақпақша төсемдерді қысады да қақпақаралық қуыстар шупты бұрау арқылы өзгертіледі.
Иінді біліктің түптік төсемдерінің қақпақтарының ауыстыру жұмыстары, қақпақшалардың шаршауымен жарықтары болса ауыстырылады да , тексеруден өткен өлшемдері сәйкес келетін қақпақтар орын-орындарына отырғызылады. Тексеруден өткен қақпақшалардың беттері артық болса қажалып, кем болса, құймамен ауыстырылады. Содан соң ол қақпаққа ауыстырылғандығы жөнінде арнайы маркировкалардан өтіп нешінші жөндеуден өткендігі жөнінде белгілер салынады. Ондағы қуыстардың өзгерістері куәландырылады шуптың өзгерісі 0,03 мм-ге өзгертіледі. Ол қуыстар дегеніміз ақаудың анықталатын негізгі көзі десекте болады. Д100 дизелінің түптік төсемдерінің жиектемесінің қалыңдығы 0,016 мм болса шатундық төсемдер үшін 0,08мм.
5. Түптік мойынтіректердің ақауларын жөнге келтіру тәсілдерін таңдау және негіздеу
Түптік төсемдердің қуыстары әр тұстарынан әр түрлі болулары мүмкін. Бұл қуыстардың орта арифметикалық шарықтау шектері бар. Пласт шуп бөлшектер арасындағы қуыстарға кіруі тиіс. Ол төсемнің антифрикциондық қабатын тексереді. Бірінші кезде индикатор пышағы, шатун пышағы жоғары өлшем нүктесіне жетіп тұрғанда көтеріліп тұрады.
Төсемдер жиналған кезде болаттары қақпақтарымен қоса белілі бір деңгейге дейін тартылады. Төсемдердің қақпақтары шешілген сәтте олардың жұмыстық жағдайындағы қалыңдықтары микрометрмен өлшенеді. Ол өлшемдер анықталғаннан кейін Д100 дизельі үшін шатундық төсемдернікі д, шетунның симетриялық беті а-а, шатундық шейканың диаметрі L, өзек симметриясы б-б деп белгіленеді.
6. Түптік мойынтіректердің корпусын жөндеуге арналған
технологиялық нұсқауын құру
6.1. ЖӨНДЕУ КЕЗІНДЕ ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫС КӨЛЕМІ
Түптік төсемдердің корпусын қарау барысында олардың бөлшектері жеке-жеке қаралады. Дизельдің әрбір түптік төсемдерін жинау барысында олардың жұмысы жекелеген түрде тексеріліп, әр орындары анықталып сол орындарына дәлме-дәл жатқызып дизель блогына қатырылады. Одан кейін минималдық сатылығы станокте түзетіледі. Барлық түптік төсемдер номиналдық өлшемге бірдей келтіріледі. Төсем астындағы төсеніштерде номиналдық өлшемдерге сай келтірледі.
Түптік төсемдердің қақпақтарының резбаларымен қоса олардың орнына дәл қатырылуы қаралады. Түптік төсемдер тартым электр өндіргіш жақтан әсер еткен күштерді місетұтпай қарсы алулары тиіс. Себебі иінді біліктің жалғасқандықтан ол түптік төсемдерге де әсер етеді.
6.2. ЖӨНДЕУ ТӘСІЛІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕЛГЕН БІРЛІК СЕНІМДІЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Түптік төсемнің корпусы оның техникалық мінездемесіне сәйкес деформацияларға ұшырауы болады. Мұндай деформациялық өзгерістер бөлшектің максималды кернеу түскен жерлерінде орын алады.
Бұл бөлшектердің мұндай жағдайларға жиі душар бола бермеуі үшін жөндеу кезінде арнайы реттеу жүргізіледі. Бөлшек корпусының деформациясы оның ең жоғарғы сатылығын, көп тіректі білігінің төсеніштерінің жайын көрсетеді. Сонымен қатар реттеу жасалатын бірліктердің тірек аралық арақашықтықтары қаралып, тексеріледі. Мұндай реттеулер жасалғандығы жөніндетөсеніштердің беттеріне бояумен белгілер салынады. Түптік төсем корпусы тез деформацияға ғана ұшыраудан басқа, олардың босап қалуы да кездесіп жатады.
6.3. ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІНГІ БӨЛШЕКТІ ТЕКСЕРУ, РЕТТЕУ
ЖӘНЕ СЫНАУ
Түптік төсемдердің төсемдеріне қойылатын талап: габаритінің кішілігі, массасның аздығы. Осыған сәйкес ол қондырылғаннан кейін осы талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Төсемнің сыртқы номиналдық диаметрі да, ішкі диаметрі Дв қабырғасының қалыңдығы tв, ал элементтер конструкциясы ОСТ24.169.04-74 деп белгіленеді. Түптік төсемнің ұзындығы кішілеу болады. Тіректі түптік төсемдердің минималды аралығы өлшенеді. Төсем беттерінің құймалары да арнайы өлшеммен құйылады. Ал ішкі бетіне бабиттік құймадан басқа алмаздық құйма да құйлады. Жөндеуден кейінгі төсем қалындығ 0,1-0,13 мм-ден көп болуы мүмкін. Д100 дизельінің төсемдерінің қалындығы 19 мм, ал оған жағылған құйманыңжағылған құйманың қалыңдығы 05-07 мм шамасында болады. Жұқарған төсемдерге қалың құйма құйылады да, қалың төсемдерге жұқа құйылады.
6.4. ЖӨНДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛАДНЫЛАТЫН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ЖӨНДЕУ БІРЛІГІНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НҰСҚАУ ҚҰРУ
Түптік төсемдерді жинаудан кейінгі реттеулер, түптік төсемдердің нормативтік сәйкес жинаулары:
а) Төсемнің түптік төсем корпусына жақсы орналасулары, орындарына сызықпа-сызық түсуі және ағаш балғашықпен ұрғанда бөтен дыбыстардың шықпауы.
б) Біліктің әрбәр түптік шейкалары өздерінің жұмыстық орындарына дұрыс орналасулары керек.
в) Төсемнің жұмыстық беттерінің майланулары нормативке сәйкес болуы. Түптік төсемдерді жөндеу кезінде қолданылатын стендте жоғарыда айтып кеткеніміздей түптік төсемдердің қысып қойып, ақаулы жерлерін анықтап жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
7. Жұмыс орынын ұйымдастыру және техника қауіпсіздігі
Энергетикалық процесі жүру кезінде еңбек қорғау шаралары бірге жүреді және техникалық қызмет көрсету немесе пайдалану құжаттамаларында көрсетіледі. Темір жолдағы мұндай еңбек қорғау шараларының дұрыс орындалуына басты инженер, техника инженері, цех бастғы, учаскі немсе цехтың мастері жауаптықызметкерлер болып бекітілген. Мұндай мемлекеттік құжаттамалар өндірістің көп жылдық тәжірмбесіне сүйенеді.
Жөндеудің кез-келген түрлерінде дерлік техникалық қауіпсіздік қатаң түрде сақталады. Сонымен қатар жөндеу кезінде қолданылатын электр аппараттарының ажыыратып қосқышары арнайы қоршаулармен оқшаулары керек және ашық электр тогы болмауы тиіс жәнеде негізгі аппараттардың ажыратып-қосқыштары арнайы құлыпталып тұруы мүмкін.
Өрт қауіпсіздік темір жол саласында үлкен роль атқарады. Мұндай теміржол өндірісінде осындай еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау шараларын білу әрбір теміржолшы маманның үлкен міндеті болып табылады. Сонымен қоса техника қауіпсіздігнде темір жол саласында ең басты құндылықтардың бірі, сол себепті де техника қауіпсіздігі жөнінде әрбір теміржолшы білу үшін, техника қауіпсіздігі жөнінде сабақтармен емтихандар болып тұрады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Рахматуллин М.Д. Ремонт тепловозов. М:. Транспорт 1977 ж
2. Рахматуллин М.Д. Технология ремонта тепловозов. М:. Транспорт 1983 ж.
3. Иванов В.П. Технология ремонта тепловозов. М:. Транспорт 1987 ж.
4. Мережко В.Г. Механизация ремонта локомотивов в депо.
М:.Транспорт 1964 ж.
5. Правила деповского ремонта. М:. Транспорт 1989 ж.
6. Ремпель А.И. Ремонт вертикальной передачи тепловозных дизелей типа
Д100. М:. Транспорт 1984 ж.
7. Кокошинский Н.Г. Справочник по ремонту тепловозов.
М:. Транспорт 1984 ж.
Комплексная механизация и автоматизация ремонта подвижного
состава Д.Я.Перельман., Я.А.Норкин., И.Ф.Скиба и др. Под ред.
Д.Я.Перельмана М.Транспорт. 1977 ж.