Балабақшадағы сабақ «Үш аю ертегісін әнгімелеу»
Күні: 20___ жыл «___»___________
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: "Үш аю ертегісін әнгімелеу"
Мақсаты:
1. Ертеңгі мазмұнымен айтуға үйрету.
2. Тілдің эмоционалды мәнерлілігін дамыту.
3. Ертегіні ықыласпен тындауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Аюлардың суреттері.
Сөздік жұмыс:Аю .
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне жинап Өтепберген Ақыпбекұлының төмендегі өлең жолдарын айтады: Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла. |
Балалар шеңбер бойына тұрып өлең жолдарын тәрбиешімен бірге көңілдене қайталап айтады. |
Ұйымдастыру шылық - ізденушілік |
Әңгіме жүргізу: Бүгінгі оқу іс – әрекетімізде «Үш аю» ертегісін оқып, мазмұнын ашамыз. Ертегіні айтып, мазмұнын түсіндіреді.
Сұрақ – жауап: - Балалар ертегі сендерге ұнады ма? - Ертегі кейіпкерлерін айтып беріңдерші? - Аю кімді көреді? Сергіту сәті: Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп, теріп алайық Қалтамызға салайық. Тәрбиеші балаларды рөлдерді бөліп, атрибуттарды үлестіреді. Ал балалар болса аюдың, кішкентай қыздың дауыс ырғақтарын салып ертегіні сахынаулары керек. Тәрбиеші балалардың назарын ертегі кейіпкерлерінің мінез – құлықтарына аудартады.
|
Тәрбиешіні зейін қойып тыңдайды.
«Қоян – зайяц, түлкі – лиса» сөздерін қайталап айтады. Балалар ертегі кейіпкерлерін айтып береді. Балалар өлең мазмұнына сәйкес іс - қимылдар жасайды. Балалар ертегі кейіпкерлерінің мінез – құлықтарын көрсетіп ертегіні сахыналайды. |
Рефлекстік - түзетушілік |
Тәрбиеші сұрақ – жауап тәсілі арқылы оқу іс – әрекетінде үйренгендерін пысықтайды. |
Балалар жауап беруге тырысады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ертегінің мазмұнын.
Болу керек: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуді.
Үйрену керек: сөздік қорын молайту барысында жаңа сөздерді.