Ашық сабақ «Дәрігерде»

0
0
Материал опубликован 6 February 2018

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ: қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі: Танатарова Данагүл Төлендіқызы

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:Табиғат құбылыстары

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

Т.4. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың не туралы екенін түсіну. А.1. Өзі туралы айту, затты сипаттау үшін таныс сөз және сөз тіркестерін қолдану. А.2. Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастыру.

Ж.1. Берілген суретке қатысты сипаттау сөздерін жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: дене мүшелерін атай алады, өзі туралы (қай жері ауыратынын/ ауырмайтынын) айта алады, сурет бойынша екі- үш сөйлем құрастырады, берілген суретке қатысты сипаттау сөздерін жазады.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша өзара сөйлесе алады, мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын дұрыс қолдана алады.

Кейбір оқушылар: өмірлік жағдаяттарда өзінің денсаулығы туралы мәліметтерді орынды қолдана алады.

Тілдік мақсат

Бағалау критериі

Негізгі сөздер мен тіркестер:

«Сенің тісің ауыра ма? Менің тісім ауырады/ ауырмайды» деген жаңа тіркестердіі дұрыс қайталайды, айтады.

Жаңа сөз тіркестерін дұрыс айтады, орынды қолданады.

Суреттер бойынша жаңа сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрайды.

Рөлдік ойында сөйлемдерді дұрыс айтады.

   

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Бағалау

Басы

3 мин

Алдыңғы оқу 3мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңберіне тұрып бір- бірімізге «Денсаулығымыз мықты болсын! » деген тілек тілейміз.

Суреттер арқылы үш топқа бөлемін

Мамандықтар туралы қайталаймыз. (Ұ)

«Попкорн» әдісін пайдалана отырып, суреттер көрсету арқылы сұрақ қойып, балалардан өткен тақырыпты сұраймын:

Бұл кім? (Бұл суретші)

Мұғалім не істейді? (сурет салады)

Бұл кім? (бұл дәрігер)

Дәрігер не істейді?

Бұл кім? (бұл аспаз)

Аспаз не істейді?...

(Барлығы орындайды)

Суреттер

Дәрігердің қалпағы

Градусник

Тыңдағыш

Дұрыс

жартылай бұрыс

Смайликтер

 

Сабақтың ортасы

3 мин

1 тапсырма. (М.К, Ұ) «Ой қозғау» әдісі. Тақтада тісі ауырған баланың суреті көрсетіледі. Бұл кім? деген сұрақ қойылады.

Ол не істеп тұр?Ол кімге бару керек?

Бұл кім? Ол не істейді?

Иә, емдейді, яғни біздің бүгінгі тақырыбымыз «Дәрігерде»

( Барлығы орындайды)

Слайд, интербелсенді тақта.

Оқулық

Аудиодиск:

8.4.1

8.4.4

Оқулық

Суреттер

5 мин

Дискрип

торлар

Дискрип

торлар

10 мин

2 тапсырма (М.К, Ұ) «Есте сақта» Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1- тапсырмадығы суретке және сөйлесу үлгісіне назар аудартады тыңдау арқылы оқушылар Сенің тісің ауыра ма?

Деген сұрақ үлгісімен және Менің тісім ауырады/ менің тісім ауырмайды жауабымен танысады.Оқушылармен диологты тьңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.оқушылар осы диолог негізінде өзінің тісі ауыратынын немесе ауырмайтынын айтуға жаттығады.

Сөздерді дұрыс қайталайды.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады

3 тапсырма. «Артық әріпті сыз» ( Т)

Тақтада сөздер беріледі, сол сөздерде келетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс қойып, артық дыбысты алып тастау керек.

 (Барлығы орындайды)

  Қазақ тіліне тән дыбыстарды орнына дұрыс қояды

Артық дыбыстарды алып тастайды

2 мин

Сергіту сәті

   

15 мин

4 тапсырма. «Дәрігерде» рөлдік ойын. Әр топ дәрігерге барғандары туралы көрініс көрсетеді. Тақтада диологқа қажет сөздер жазылып тұрады.

Сенің қай жерің ауырады?

Менің ..... ауырады.

Кел, көрейін

Саған мына дәрілерді ішу керек

(Көпшілігі өзара сөйлесе алады, тәуелдік жалғауын дұрыс қолдана алады, кейбір оқушылар өмірлік жағдаяттарда өзінің денсаулығы туралы мәліметтерді орынды қолдана алады. )

Дискрип

торлар

1. Диолог құрады

2. Рөлге кіреді

3. Сөз тіркестерін дұрыс қолданады.

Сабақ соңы

7 мин

Дәптермен жұмыс. (Ұ) оқушылар дәптерлерінде берілген суреттермен сөйлемдер жазады. Дәптерде дәрігердің, тістің суреттері берілген.

2 жұмыс дәптері

 

Аяқталуы

3 мин

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім


 

 

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.