Логопедиялық жеке саба «Ж,Ш дыбыстары»

1
0
Материал опубликован 25 May 2020

Логопедиялық жеке сабақ

Тақырыбы: Ж, Ш дыбыстары

Мақсаты: Дыбыстарды сөз ішінде ажырату.Сөзге дыбыстық, буындық талдау жасату. Есту, ойлау қабілеттерін жетілдіру, зейінін қалыптастыру.

Керекті құралдар: суреттер, текшелер


Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру Саусақ жаттығуы «Әтеш»

2. Ж дыбысын естігенде қол шапалақта Ш дыбысын естісең қолыңды көтер; сақа,жылан шана, қасық, жуа, шаңғы, қонжық, мектеп.

3. Жаға, шана сөздерін текшесін белгілеу.

4.«Естіп ал да, есіңе сақта» ойыны.

Жай-шай

Шана-жаңа

Жылан-шыбын

5. «Суретті үйіне орналастыр» сөзді буынға бөлу.

6. Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық

Қане қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық

7. Оқиғалы суреттермен сөйлем құрату.

8.«Дыбыстың орнын анықта» ойыны

9. «Сөз ойла, тез ойла»

10. Сабақты қорытындылау.



в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментарии на этой странице отключены автором.